Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Информация к новости
  • Просмотров: 4431
  • Автор: admin
  • Дата: 26-03-2014, 00:16
26-03-2014, 00:16

гаметогенез овогенез сперматогенез12

Категория: Презентациялар » Биология

 

 

 

Гаметогенез (gametogenesis; грек, gametos — жыныс, жыныс клеткасы; genesis — шығу тегі) — жыныс жасушаларының жыныс бездеріндегі (ен, жүмыртқалық) даму процесі.

Аталық жыныс жасушалары — сперматозоидтардың даму процесін сперматогенез (спермиогенез), ал аналық жыныс жасушалары — овоциттердің дамуын ''овогенез'' деп атайды.

Сперматогенез процесі аталық жыныс безінің (ен) сирек тұқымдық өзекшелері қабырғаларында жүреді. Ол төрт: көбею, өсу, жетілу және қалыптасу кезендерінен тұрады.

 

Өсімдіктердің ұрықтану ерекшеліктері

       Жоғары сатыдағы гүлді өсімдіктерде 2 жұп гаметалар бір мезгілде қосылады. Гүлді өсімдіктердың: көбею мүшелері: гүланалық (аналық мүше) және аталық (аталық мүше). Гаметалар осы мүшелерде пісіп жетіледі. Пісіп жетілген тозаң дәні қауызбен капталған және екі гаплоидты: жынысты және өсімді жасушасы болады. Жалпы алғанда тозаң ұрықтану үдерісіне жақсы бейімделген. Егер өсімдік желмен тозаңданатын болса, онда өсімдік тасымалды жеңілдету және ұрықтану мумкіндігін арттыру үшін құрғақ, жеңіл тозаңды көп өндіреді. Егер бунақденелілер тозандандыратын өсімдік болса, онда тасымалдаушылардың (көбелек, түкті ара, шыбын, т.б.) денесіне жабысу үшін әдетте тозаң кедір-бұдырлы болып келеді. Тозаңның қауызы да гүлдің гүланалық аузына тұтылатындай болып құрылады. Әр алуан түрге жататын өсімдіктер гүланалық аузымен химиялық және механикалық үйлесімсіздіктерден будандаса алмайды. Ұрықтану соңынан тозаң түтікшесінде өну үдерісі басталады. Мұны өсімдік жасуша іске асырады. Жынысты жасуша бір рет митоз жолымен бөлінеді. Соның нәтижесінде ұрықтануға қатысатын екі гаплоидты аталық жасуша (спермий) пайда болады.

 

 

                   Аналық жыныс жасушасы аналық аузындағы         

           жатын ішінде болады, бұлар «ұрық қапшығы» деп аталады. Дұрысырақ айтқанда ұрық қапшығының ішінде сегіз гаплоидты ядро қалыптасатын өте үлкейіп өскен бір жасуша деуге болады. Сегіз ядроның біреуі жұмыртқажасуша болып шығады, екі ядросы қосылып, «косарланған орталық жасуша» түзеді, ал қалған ядролардан қосалкы жасушалар калыптасады, олар үрықтануға қатыспай, тіршілігін жояды.

Сонымен, гүлді өсімдіктердің ұрық қапшығында гаплоидты (жалғыз-жалғыздан) жұмыртқажасуша, диплоидты (қосарланған) орталық жасуша және тағы бес гаплоидты ядро немесе жасушалар қамтылады, соңғыларды ескермесе де болады. Ұрықтану мезетінде аталық жасушаның біреуі жұмыртқажасушаға, екіншісі диплоидты орталық жасушаға қосылады. Қосылу нәтижесінде жұмыртқажасуша және аталық жасушадан - қосарланған зигота, ал орталық жасуша және екінші аталық жасушадан үшплоидты эндосперм (тұқымның қоректік заттар қоры) түзіледі. Қосарлы ұрықтану ретіндегі мұндай күрделі үрдіс өсімдіктерге икемді материалды үнемдеуге мүмкіндік береді. Ұрықтың түзілуі сенімсіз болса, гүлді өсімдіктер қоректік заттарды биосинтездеуге энергия шығындамайды.

 Қалыптасу кезеңі (Сперматогенез)

      Қалыптасу кезеңі - сперматидалардан сперматозоидтардың қалыптасып жетілетін сперматогенез процесінің кезеңі. Сперматозоидтың басы плазмолеммамен қапталған цитоплазма мен ядродан пайда болады да, ядроның алдыңғы жағында пішіні оймақ тәрізді Гольджи кешенінің туындысы — акросома орналасады. Сперматозоид мойнын центросома центриольдері түзеді. Олар проксимальды (алдыңғы) және дистальды (артқы) дискілерге айналып, оларды байланыстыратын аралық құрылым - центродесмоз қалыптасады. Дистальды дискі екі бөлікке бөлініп, оның алдыңғысынан сперматозоид құйрығының негізін түзетін микротүтікшелерден құралған біліктік жіп өсіп шығады. Дистальды дискінің артқы бөлігі біліктік жіп бойымен артқа қарай жылжып, сперматозоид құйрығының бастапқы және негізгі бөлімдерінің шекарасына орналасады да, дистальды дискінің алдыңғы және артқы бөліктері аралығында жатқан сперматозоид құйрығының бастапқы бөлімін шектейді. Бұл бөлімнің цитоплазмасындағы митохондриялар біліктік жіпті сыртынан айнала орап, спиральды жіпті түзеді. Бастапқы бөлім цитоплазмасында сперматозоидтың қозғалысын қамтамасыз ететін қуат (энергия) көзі — гликоген түйіршіктері мен фосфолипид тамшылары қорланып жиналады. Құйрықтың негізгі бөлімін біліктік жіп пен оны сыртынан қаптаған жұқа цитоплазма қабаты мен плазмолемма, ал соңғы бөлімін біліктік жіп пен оны сыртынан қаптаған плазмолемма түзеді.

 

Овогенез

Овогенез (ovogenesis, лат. ovum — жұмыртқа, genesis — шығу тегі) — жұмыртқа жасушасының даму процесі. Овогенез көбею, өсу және жетілу кезеңдерінен тұрады. Көбею кезеңінде сарыуыз қапшығы энтодермасынан аналық жыныс безі бастамасына қан арқылы келіп орналасқан алғашқы жас жыныс жасушалары — гоноциттер митоз арқылы көбейіп, овогонияларға айналады. Бұл процесс адам, сиыр, қой, ешкі, шошқа ұрықтарында тек іштегі эмбриондық кезеңде ғана, ал жыртқыш жануарларда туғаннан кейін де жүреді. Өсу кезеңінде овогониялар біріншілік овоциттерге айналады. Біріншілік овоциттер ядроларының жетілу деңгейі бірінші мейоздық бөліну профазасының алғашқы сатысындағы даму кезеңінде болады. Овоциттер фолликулалы жасушалар қабығымен қапталып, жұмыртқалықтың өсуші фолликулдарына айналады. Біріншілік овоциттер осы күйінде жұмыртқалықта овуляция кезеңіне (көпіршікті фолликулдың жарылуына) дейін сақталады. Үшінші жетілу кезеңі, яғни біріншілік овоциттердің I және II мейоздық бөлінуі, овуляция алдында немесе овуляция кезінде жүріп, өздерінен I және II бағыттаушы денешіктер (полоциттер) бөліп, екіншілік овоциттерге, одан соң пісіп жетілген овоцитке (жұмыртқа жасушасы) айналады. Жетілген овоциттердің ұрықтануға бейімділігі 24 сағатқа ғана созылады, содан соң ұрықтануға жарамай, ыдырай бастайды.

[hide][/hide]

 гаметогенез овогенез сперматогенез12
гаметогенез овогенез сперматогенез12
гаметогенез овогенез сперматогенез12
гаметогенез овогенез сперматогенез12

 

 

Метки к статье: жыныс, аталық, болады, жасуша, гаплоидты, біліктік, ұрықтану, аналық, кезеңі, айналады, өсімдік, тозаң, жетілу, орталық, түзеді, алдыңғы, гүлді, гүланалық, овуляция, болса

^