Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Информация к новости
  • Просмотров: 711
  • Автор: admin
  • Дата: 28-03-2014, 18:42
28-03-2014, 18:42

Жерге меншiк қатынастарын құқықтық реттеу43

Категория: Дипломдық жұмыс 700тг » Құқық

Мазмұны

Кiрiспе. 3

I.Жерге меншiк қатынастарын құқықтық реттеу. 4

1.1. Жерге меншiк құқығының ұғымы және пайда болу тәсiлдерi 4

1.2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Жер туралы» Жарлығы бойынша  жерге меншiк құқығының реттелуi 6

1.3 2001 жылғы «Жер туралы» Заң бойынша жерге меншiк құқығы.. 8

1.4 Қазақстан Республикасы заңдары бойынша жер пайдалану құқығы.. 10

II. «Жер туралы» заң жобасы бойынша заңды тұлғалардың жерге меншiк қатынастарын реттеу  13

2.1 Жер туралы заңды жетiлдiру проблемалары.. 13

2.2 Жер пайдаланушылар мен жер учаскелерi меншiк иелерiнiң заңды мiндеттерi 19

2.3 Жер пайдалануды құқықтық-заңдылық жағынан реттеу. 22

2.5 29 желтоқсан 2002 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының «Жер туралы» жобасы бойынша жерге меншiк құқығының кейбiр мәселелерi 29

III. Ауыл жағдайында жер қатынастарын реттеу мәселелерi 36

3.1 Жер туралы заң бойынша оралмандарға жер бөлу мәселесi 39

Қорытынды.. 42

Қолданылған әдебиеттер. 44

Метки к статье: меншiк, пайдалану, туралы, құқығы, Жерге, немесе, басқа, Қазақстан, мемлекеттiк, жерге, үлестiк, заңды, бойынша, ортақ, пайда, Ортақ, реттеу, құқығының, құқығын, болып

Информация к новости
  • Просмотров: 1560
  • Автор: admin
  • Дата: 27-03-2014, 15:16
27-03-2014, 15:16

Гендік инженерия туралы жалпы түсініктеме10

Категория: Рефераттар » Медицина

 

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

Негізгі бөлім

1 Гендік инженерия туралы жалпы түсініктеме

2 Гендік инженерияның жұмыс кезеңдері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

Кіріспе

Гендік инженерия -  молекулалық және клеткалық генетиканың қолданбалы саласы. Белгілі қасиеттері бар генетикалық материалдарды In vitro жағдайында алдын-ала құрастырып, оларды тірі клеткаға енгізіп, көбейтіп, зат алмасу процесін өзгеше жүргізу. Бұл әдіспен организмдердегі генетикалық информацияны көздеген мақсатқа сай өзгертіп, олардың геномдарын белгіленген жоспармен қайта құруға болады.

 

1.1.Гендік инженерия

Гендік инженерия -  молекулалық және клеткалық генетиканың қолданбалы саласы. Белгілі қасиеттері бар генетикалық материалдарды In vitro жағдайында алдын-ала құрастырып, оларды тірі клеткаға енгізіп, көбейтіп, зат алмасу процесін өзгеше жүргізу. Бұл әдіспен организмдердегі генетикалық информацияны көздеген мақсатқа сай өзгертіп, олардың геномдарын белгіленген жоспармен қайта құруға болады.

    Гендік инженерия ол функционалдық активті генетикалық құрылымдарды рекомбинаттық  ДНҚ молекулалары түрінде қолдан құрастыру. Гендік иженерияның мәні жеке гендерді бір организмнен алып басқа организмге көшіру. Бұған рестриктаза мен лигаза ферменттерінің ашылуы мүмкіндік туғызады. Рестриктазалар ДНҚ молекуласын белгілі жерлерден жеке үзінділерге қиып бөлшектейтін ыдыратушы фермент. Қазір ДНҚ молекуласын бір-бірінен өзгеше 120 жерінен үзетін 500-ден астам рестриктазалар анықталған. Алынған полинуклеотид бөлшектерінінің комплементарлық  немесе жабысқыш ұштарны ДНҚ лигазасы – бір-біріне желімдеп реттеп жалғасытырып қосады. Осы ферменттердің көмегімен бір ДНҚ молекуласынан қажетті ген бөлініп алынып, басқа ДНҚ молекуласын үзінділерімен құрастырылып рекомбинанттық, яғни жаңа будан ДНҚ жасалады.

 

Сөйтіп, гендік инженерияның дамуына негіз болған молекулалық биология мен молекулалық генетиканың мынадай жетістіктер:

 

  1. рестректазалармен лигазалардың ашылуы;
  2. генді химиялық және ферменттерді қолдану арқылы синтездеу әдісі ;
  3. бөтен генді клеткаға тасымалдаушы векторларды пайдалану;
  4. бөтен генге ие болған клеткаларды таңдап бөліп алу жолдарының ашылуы.

1.2.  Гендік инженерияның жұмысы мынадай кезеңдерден тұрады:

  1. басқа организмге көшірілетін құрылымдық генді алу;
  2. оны вектордың құрамына енгізу, яғни рекомбинанттық ДНҚ жасау;
  3. рекомбинанттық ДНҚ-ын өсімдік клеткасына тасымалдау;
  4. өсімдік клеткаларында бөтен ДНҚ-ның экспрессиясын талдау;
  5. геномы өзгерген жеке клеткалардан регенерант өсімдігін алу.

                       Гендерді тасымалдайтын векторлар

Бөтен генді клетка ішіне тасымалдап алып баратын арнаулы ДНҚ молекуласын вектор деп атайды. Оған мынадай талаптар қойылады:

  1. өз алдына репликациялану, яғни клетка ішіне бөтен генді алып кірген соң клеткамен бірге немесе өзалдына көбейе алатын болуы керек; немесе вектор клетка хромосомасының құрамына еніп, онымен бірге ұрпақ клеткаларға беріліп отыруы керек;
  2. трансформацияланған клеткаларды анықтау үшін оның ерекше генетикалық белгілері болуы керек;
  3. құрамында рестриктазалар үзе алатын нуклеотидтер тізбегі болуы керек және репликацияға қабілетін жоғалтпауы керек;
  4. векторға орналастырылған бөтен ген оның атқаратын қызметін бұзбауы керек, ал вектор болса, ол да енгізілген геннің ішінде дұрыс реттеліп жұмыс істеуін қамтамасыз ететін болуы керек;
  5. вектордың көлемі кішігірім болуы керек.

   Гендік инженерияның жұмыс кезеңдері

 

 Генетикалық инженерия туындау кезінен бастап ғалымдар қоғамда кейбір зерттеулердің қауіптілігіне назар аудартты. Мұндай қорқыныштын туындаған қауіпсіздік пікір 1974 жылы айтылған болатын. Кейін бірнеше сәтті эксперименттен соң in vitro әдісі арқылы рекомбинантты молекуланың ДНҚ алынды. П.Берг бастаған әйгілі молекулярлы биологтар тобы гендік инженерия эксперименттерін жүргізуді шектеуге шақырды. Айтылған пікір екі жақты болды. Алдымен рекомбинантты ДНҚ молекулаларының зертхана сыртында немесе өнеркәсіп орнында шынымен жасушалардың  «жоғалып» кетуі ескертілсе, сонымен қатар адам және жануарлар ағзасына келтірілетін зиян бақылаусыз концентрацияда өте жоғары екендігі айтылды. Екіншіден клондалған ДНҚ фрагментіндегі құрылымы мен қызметі туралы білімнің жетіспеушілігі, оларды реципиентті жасушаға енгізгенде олар қалаған затымызды ғана емес, одан да басқа қауіпті (токсиндер, онкоген) өнімдерді синтездеу ықтимал.

    

Қазақстанда гендік-инженерия өнімдері мен препараттарын маркілеу жөніндегі келісім шартқа қол қойды.

    Генетикалық модифицирленген микроорганизмдерді қолдануға байланысты қатерді бағалау. Барлық микроорганизмдар адам үшін патогендік көзқарас тұрғысынан төрт қатерлі топқа бөлінеді:

  1. 1 қауіп тобы: адам ауруын қоздырмайтындар
  2. 2 қауіп тобы: олар мен кім жұмыс жасап отырғандарда ауру тудырады. Алайда микробтра жалпы алғанда азконтагиозды (мысалы, E. coli, Mycoplasma pneumoniae, адам папилома вирусы).
  3. 3 қауіп тобы: адамда ауру тудырады және олармен жұмыс жасушаларға да қауіп тудырады. Қоғамда тарап кету қауіпі бар, бірақ алдын алу шаралары да бар.(Bacillus anthracis, Mycobacterium leprae, АИВ)
  4. 4 қауіп тобы: олармен жұмыс жасушаларда ауру тударады, қоғамда тарап кету қауіпі бар, алдын алу шаралары жоқ. (мысалы – геморрагиялық безгек вирусы). 2-4 топтары патогендік микроорганизмдар біріктіреді. Топтың нөмірі қауіп түрін анықтайды және қорғаныс шараларын да қамтамасыз етеді. Бұл деңгей үшін GLP ( Good Laboratory Practice) ережелер міндетті. Мщдифицирленген генетикалық микроорганизмдерді ұстау деңгейін анықтау үшін « Генетикалық модификацияны халықаралық бақылау камитетінің ережелері» (1993) бар.

       

                                              Қорытынды

      Биотехнологияның тағы бір өрісі, ол биоинженерия әдістерін қолданып медицинада арзан әрі қол жетімді, экономикалық жағынан тиімді дәрілік препараттар мен вакциналар алу болып табылады. .

Гендік инженерия ол функционалдық активті генетикалық құрылымдарды рекомбинаттық  ДНҚ молекулалары түрінде қолдан құрастыру. Гендік иженерияның мәні жеке гендерді бір организмнен алып басқа организмге көшіру.

 Биотехнология ғылыми-техникалық прогресстің қуатты қозғаушы күші болып келе жатыр. Биология ғылымының сонғы жылдардағы жетістіктері, әсіресе молекулалық биология мен клеткалық биология саласында, биотехнологияның қалыптасуы мен дамуының теориялық және әдістемелік негіздері болды. Сонымен қатар, биотехнология биологиялық процестермен объектілерді пайдаланып экономика жағынан маңызды заттарды (антибиотиктер, витаминдер, ферменттер, амин қышқылдары, белоктар, нуклеотидтер, стероидтар, алкалоидтар, интерферон, гормондар, вакциналар, моноклондық антиденелер, биопестицидтер, биогаз т.с.с.) шығаратын өндірістің ерекше бір саласы болып қалыптасты. Демек,   азық-түлік, фармацевтикалық, химиялық өнеркәсіптері мен ауыл шаруашылығының болашақта дамуы биологиялық технологияларсыз мүмкін емес.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Медициналық және ветеринарлық биотехнология. ОӘК.

 Ж.Ж. Жатқанбаев. «Биотехнология» Алматы 2009ж.

 ОӘК «Молекулалық биотехнология» Алматы-2009ж.

 WWW.TEMAKOSAN.NET САЙТЫ

  С. Ж. Стамбеков, В. Л. Петухов. «Молекулалық биология» Новосибирск-2003г.

 А. Ж. Сейтембетова, С. С. Лиходий. «Биологиялық химия» Алматы  «Білім»-1994ж.

        www.google.kz- сайты

 

 

Внимание! У вас нет прав для просмотра скрытого текста.

 

 

Метки к статье: қанында, оргоноидтар, жоғары, эритроцит, милионға, hide, Эритроциттердің, жетеді, клетка, басқа, қызыл, Эритроцит, қанда, алынған, біраздан, сондықтан, салыстырғанда, көлемі, тығыздығы, элементтерімен

^