Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Информация к новости
  • Просмотров: 421
  • Автор: Neyla1
  • Дата: 21-10-2015, 05:19
21-10-2015, 05:19

Ғылыми-техникалық құжаттама құндылығына сараптама жүргізудің тәртібі 25

Категория: Рефераттар » Педагогика

Информация к новости
  • Просмотров: 1606
  • Автор: admin
  • Дата: 27-03-2014, 15:16
27-03-2014, 15:16

Гендік инженерия туралы жалпы түсініктеме10

Категория: Рефераттар » Медицина

 

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

Негізгі бөлім

1 Гендік инженерия туралы жалпы түсініктеме

2 Гендік инженерияның жұмыс кезеңдері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

Кіріспе

Гендік инженерия -  молекулалық және клеткалық генетиканың қолданбалы саласы. Белгілі қасиеттері бар генетикалық материалдарды In vitro жағдайында алдын-ала құрастырып, оларды тірі клеткаға енгізіп, көбейтіп, зат алмасу процесін өзгеше жүргізу. Бұл әдіспен организмдердегі генетикалық информацияны көздеген мақсатқа сай өзгертіп, олардың геномдарын белгіленген жоспармен қайта құруға болады.

 

1.1.Гендік инженерия

Гендік инженерия -  молекулалық және клеткалық генетиканың қолданбалы саласы. Белгілі қасиеттері бар генетикалық материалдарды In vitro жағдайында алдын-ала құрастырып, оларды тірі клеткаға енгізіп, көбейтіп, зат алмасу процесін өзгеше жүргізу. Бұл әдіспен организмдердегі генетикалық информацияны көздеген мақсатқа сай өзгертіп, олардың геномдарын белгіленген жоспармен қайта құруға болады.

    Гендік инженерия ол функционалдық активті генетикалық құрылымдарды рекомбинаттық  ДНҚ молекулалары түрінде қолдан құрастыру. Гендік иженерияның мәні жеке гендерді бір организмнен алып басқа организмге көшіру. Бұған рестриктаза мен лигаза ферменттерінің ашылуы мүмкіндік туғызады. Рестриктазалар ДНҚ молекуласын белгілі жерлерден жеке үзінділерге қиып бөлшектейтін ыдыратушы фермент. Қазір ДНҚ молекуласын бір-бірінен өзгеше 120 жерінен үзетін 500-ден астам рестриктазалар анықталған. Алынған полинуклеотид бөлшектерінінің комплементарлық  немесе жабысқыш ұштарны ДНҚ лигазасы – бір-біріне желімдеп реттеп жалғасытырып қосады. Осы ферменттердің көмегімен бір ДНҚ молекуласынан қажетті ген бөлініп алынып, басқа ДНҚ молекуласын үзінділерімен құрастырылып рекомбинанттық, яғни жаңа будан ДНҚ жасалады.

 

Сөйтіп, гендік инженерияның дамуына негіз болған молекулалық биология мен молекулалық генетиканың мынадай жетістіктер:

 

  1. рестректазалармен лигазалардың ашылуы;
  2. генді химиялық және ферменттерді қолдану арқылы синтездеу әдісі ;
  3. бөтен генді клеткаға тасымалдаушы векторларды пайдалану;
  4. бөтен генге ие болған клеткаларды таңдап бөліп алу жолдарының ашылуы.

1.2.  Гендік инженерияның жұмысы мынадай кезеңдерден тұрады:

  1. басқа организмге көшірілетін құрылымдық генді алу;
  2. оны вектордың құрамына енгізу, яғни рекомбинанттық ДНҚ жасау;
  3. рекомбинанттық ДНҚ-ын өсімдік клеткасына тасымалдау;
  4. өсімдік клеткаларында бөтен ДНҚ-ның экспрессиясын талдау;
  5. геномы өзгерген жеке клеткалардан регенерант өсімдігін алу.

                       Гендерді тасымалдайтын векторлар

Бөтен генді клетка ішіне тасымалдап алып баратын арнаулы ДНҚ молекуласын вектор деп атайды. Оған мынадай талаптар қойылады:

  1. өз алдына репликациялану, яғни клетка ішіне бөтен генді алып кірген соң клеткамен бірге немесе өзалдына көбейе алатын болуы керек; немесе вектор клетка хромосомасының құрамына еніп, онымен бірге ұрпақ клеткаларға беріліп отыруы керек;
  2. трансформацияланған клеткаларды анықтау үшін оның ерекше генетикалық белгілері болуы керек;
  3. құрамында рестриктазалар үзе алатын нуклеотидтер тізбегі болуы керек және репликацияға қабілетін жоғалтпауы керек;
  4. векторға орналастырылған бөтен ген оның атқаратын қызметін бұзбауы керек, ал вектор болса, ол да енгізілген геннің ішінде дұрыс реттеліп жұмыс істеуін қамтамасыз ететін болуы керек;
  5. вектордың көлемі кішігірім болуы керек.

   Гендік инженерияның жұмыс кезеңдері

 

 Генетикалық инженерия туындау кезінен бастап ғалымдар қоғамда кейбір зерттеулердің қауіптілігіне назар аудартты. Мұндай қорқыныштын туындаған қауіпсіздік пікір 1974 жылы айтылған болатын. Кейін бірнеше сәтті эксперименттен соң in vitro әдісі арқылы рекомбинантты молекуланың ДНҚ алынды. П.Берг бастаған әйгілі молекулярлы биологтар тобы гендік инженерия эксперименттерін жүргізуді шектеуге шақырды. Айтылған пікір екі жақты болды. Алдымен рекомбинантты ДНҚ молекулаларының зертхана сыртында немесе өнеркәсіп орнында шынымен жасушалардың  «жоғалып» кетуі ескертілсе, сонымен қатар адам және жануарлар ағзасына келтірілетін зиян бақылаусыз концентрацияда өте жоғары екендігі айтылды. Екіншіден клондалған ДНҚ фрагментіндегі құрылымы мен қызметі туралы білімнің жетіспеушілігі, оларды реципиентті жасушаға енгізгенде олар қалаған затымызды ғана емес, одан да басқа қауіпті (токсиндер, онкоген) өнімдерді синтездеу ықтимал.

    

Қазақстанда гендік-инженерия өнімдері мен препараттарын маркілеу жөніндегі келісім шартқа қол қойды.

    Генетикалық модифицирленген микроорганизмдерді қолдануға байланысты қатерді бағалау. Барлық микроорганизмдар адам үшін патогендік көзқарас тұрғысынан төрт қатерлі топқа бөлінеді:

  1. 1 қауіп тобы: адам ауруын қоздырмайтындар
  2. 2 қауіп тобы: олар мен кім жұмыс жасап отырғандарда ауру тудырады. Алайда микробтра жалпы алғанда азконтагиозды (мысалы, E. coli, Mycoplasma pneumoniae, адам папилома вирусы).
  3. 3 қауіп тобы: адамда ауру тудырады және олармен жұмыс жасушаларға да қауіп тудырады. Қоғамда тарап кету қауіпі бар, бірақ алдын алу шаралары да бар.(Bacillus anthracis, Mycobacterium leprae, АИВ)
  4. 4 қауіп тобы: олармен жұмыс жасушаларда ауру тударады, қоғамда тарап кету қауіпі бар, алдын алу шаралары жоқ. (мысалы – геморрагиялық безгек вирусы). 2-4 топтары патогендік микроорганизмдар біріктіреді. Топтың нөмірі қауіп түрін анықтайды және қорғаныс шараларын да қамтамасыз етеді. Бұл деңгей үшін GLP ( Good Laboratory Practice) ережелер міндетті. Мщдифицирленген генетикалық микроорганизмдерді ұстау деңгейін анықтау үшін « Генетикалық модификацияны халықаралық бақылау камитетінің ережелері» (1993) бар.

       

                                              Қорытынды

      Биотехнологияның тағы бір өрісі, ол биоинженерия әдістерін қолданып медицинада арзан әрі қол жетімді, экономикалық жағынан тиімді дәрілік препараттар мен вакциналар алу болып табылады. .

Гендік инженерия ол функционалдық активті генетикалық құрылымдарды рекомбинаттық  ДНҚ молекулалары түрінде қолдан құрастыру. Гендік иженерияның мәні жеке гендерді бір организмнен алып басқа организмге көшіру.

 Биотехнология ғылыми-техникалық прогресстің қуатты қозғаушы күші болып келе жатыр. Биология ғылымының сонғы жылдардағы жетістіктері, әсіресе молекулалық биология мен клеткалық биология саласында, биотехнологияның қалыптасуы мен дамуының теориялық және әдістемелік негіздері болды. Сонымен қатар, биотехнология биологиялық процестермен объектілерді пайдаланып экономика жағынан маңызды заттарды (антибиотиктер, витаминдер, ферменттер, амин қышқылдары, белоктар, нуклеотидтер, стероидтар, алкалоидтар, интерферон, гормондар, вакциналар, моноклондық антиденелер, биопестицидтер, биогаз т.с.с.) шығаратын өндірістің ерекше бір саласы болып қалыптасты. Демек,   азық-түлік, фармацевтикалық, химиялық өнеркәсіптері мен ауыл шаруашылығының болашақта дамуы биологиялық технологияларсыз мүмкін емес.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Медициналық және ветеринарлық биотехнология. ОӘК.

 Ж.Ж. Жатқанбаев. «Биотехнология» Алматы 2009ж.

 ОӘК «Молекулалық биотехнология» Алматы-2009ж.

 WWW.TEMAKOSAN.NET САЙТЫ

  С. Ж. Стамбеков, В. Л. Петухов. «Молекулалық биология» Новосибирск-2003г.

 А. Ж. Сейтембетова, С. С. Лиходий. «Биологиялық химия» Алматы  «Білім»-1994ж.

        www.google.kz- сайты

 

 

Внимание! У вас нет прав для просмотра скрытого текста.

 

Метки к статье: Шипагерлік, Өтейбойдақ, шипагер, Тілеуқабылұлы, Тілеуқабылұлының, емшілік, дүние, өнердің, жерде, жасында, бойынша, Өтейбойдақтың, Жәнібек, қатар, медицина, дерек, шипагерлік, болады, Сонымен, жөнінде

Информация к новости
  • Просмотров: 2220
  • Автор: admin
  • Дата: 25-03-2014, 15:11
25-03-2014, 15:11

Мұғалімнің сөйлеу мәдениетін қалыптастыру мүмкіндіктері14

Категория: Рефераттар » Педагогика

Ж О С П А Р

 

 

І КІРІСПЕ

ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ

  1. Мұғалімнің сөйлеу мәдениетін қалыптастыру мүмкіндіктері.
  2. Мұғалімнің сөйлеу мәдениетіне қойылатын талаптар.
  3. Жоғары оқу орнындағы болашақ мұғалім-мамандарды сөйлеу мәдениетіне баулу

ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

Кіріспе

 

Тіл мәдениетіне барар жолдың бастауы – сөйлей білу. Тіл адамзаттың бір-бірімен пікірлесуін, түсінісуін қамтамасыз ете келіп, тілдік қарым-қатынасты іс жүзіне асырады. Тілдік қатынас – адамның ойлау, пайымдау, сөйлеу, тыңдау, түсінісу, айту, пікірлесу, т.б. әрекетіне тікелей қатысты құбылыс.
      Ойдың тілі – сөз. Біз сөз арқылы ғана неше түрлі ойларымызды сыртқа білдіре аламыз. Сөзді қабылдау және оны ұғыну бір-бірімен тығыз байланысты. Адам баласының сана-сезімінің дамуында дыбысты тілдің пайда болуының маңызы зор болды.

Сөйлеу – адам санасының басты белгісі. Тіл, сөйлеу ежелден бері жеке адамның, қоғамның ой-санасын дамытып, жетілдіруде аса маңызды рөл атқарады. Сөз ойлы да мәнерлі болуы тиіс. Әйтпесе, ол көздеген мақсатына жете алмайды. Халқымыз мәнді сөйлейтіндерді «сөзі мірдің оғындай екен» деп дәріптейді. Ал Ж. Баласағұн  «ақыл-ойдың көркі – тіл, тілдің көркі – сөз» деп тауып айтқан.

Мұғалімнің сөйлеу мәдениетін қалыптастыру мүмкіндіктері.

Тіл мәдениетінің басты талаптарының бірі – сөздердің дұрыс айтылуы мен дұрыс жазылуы болса, мұғалімнің сөйлеу тілінде сөз бен сөз тіркесін, сөйлемді дұрыс қалыптастыра білу үшін ой тиянақтылығы, әсерлілігі, сөз дәлдігі, сөйлемдердің өзіне тән әуені, ырғағы, үні, интонациясы, т.б. сөйлеу тілінің сапасын арттыруы қажет.

Сөздерді айтудағы дыбыс өзгерістері орфоэпиялық нормаларға сай болғанымен, жазуда олар ерекше жағдайда ғана болмаса, орфографиялық ережелер бойынша жазылады. Орфографиялық норамалардың ғылыми негізі – сөз құрамының дәстүрлі қалпын бұзбай, дыбыстардың ілгерінді, кейінді ықпалы, ығыспалы заңдылықтарын біліп, орфоэпиялық нормаларды сақтап сөйлеу мұғалімнің сөйлеу сапасын арттырады. Мәселен: Сарыарқа, Ағжар, Ағбота, өртау, өзөн, тұрұс, жұмұшшұ, Жетіғара т.б.

Мұғалімнің сөйлеу тілінің сапасы мен студенттің қабылдаған білімі, оның сөйлеу әуені, үні, айту заңы дұрыс қалыптасуы керек. Ол үшін кез келген мәтінді не кеспе қағаздарды оқығанда дауыс ырғағын келтіріп, сөздің анық, түсінікті болуын естен шығармау керек.

 

Мұғалімнің сөйлеу мәдениетіне қойылатын талаптар.

Жас шамасына қарай әр сыныптағы балалар өз мұғалімтарымен шаруашылық-тұрмыстық және еңбек іс-әрекетінде қатынас жасайды. Мұғалім балалардың ойындарын ұйымдастырады, программада көрсетілген барлық сабақтарда балалармен сөйлеседі, кітап оқу кезінде балаларды көркем шығармалардың авторларының сөздерімен таныстырады. Демек, балалар тәрбиеленетін мекемелерде тілді дамыту потенциялының мүмкіндігі түгелімен мұғалімнің сөзінің сапасына байланысты. 

Мұғалім үшін үлгі сөйлеу тілін меңгеру – бұл кәсіби даярлығының көрсеткіші. Сондықтан өзінің сөйлеу тілін жетілдіру – болашақ әрбір мұғалімнің адамгершілік және қоғамдық парызы. Ол кейін балаларға берілетін тілдік дағдыларды жетік меңгеруге тиіс. 

 

Сөйлеу мәдениеті деп оның дұрыстығын, яғни әдеби тіл үшін қалыптасқан дәстүр бойынша орфоэпия, грамматика, лексика, стилистика, дұрыс жазу ережелері нормасына сәйкес келуін айтады. 

Жоғары оқу орнындағы болашақ мұғалім-мамандарды сөйлеу мәдениетіне баулу

     Сөйлеу мәдениетін игеру-болашақ мұғалім мамандардың кәсіби құзіреттілігі. Бұл жерде тілдік қатынас өзара пікір алысу, түсінісу, сөйлесу деген ұғымдардан гөрі тереңірек тілдік қатынас үстіндегі әдеп нормаларының ауызша және жазбаша формаларын меңгеру, дұрыс қатынас жасауға қол жеткізетін тілдік құралдарды тиімді пайдалана білу мағынасын қамтиды. Осындай құзіреттілікті меңгерту - болашақ мұғалім-мамандардың кәсіби шеберлігінің сипаттамасы. Әрине, шеберлік, әсіресе сөз өнерін шешендік деңгейде игеру бірден қалыптаспайтын ұзақ жаттығуды қажет ететін үрдіс.

 

    «Шеберлік дегеніміздің өзі- тар шеңберде алғанда, адам бейнесі, табиғат көрінісі, қимыл, іс-әрекет сияқты әдебиеттік түрлі образдарды жасау үшін сөзді талғаммен, ұқыптылықпен қолдана білу. Мұндай образдарды жасау үстінде сұрыпталатын сөздерге әрқашан да жаңа мағына, қосымша реңдер берілетіні белгілі. Сөздердің ондай қосымша мағынасы мен реңдері образды ойды эстетикалық жағынан байытып отырса ғана құнды болмақ. Образды ой дегеніміз - суреттелетін зат, құбылыстың формасын сөз арқылы шебер бейнелей білу»

 

Внимание! У вас нет прав для просмотра скрытого текста.

 

 

Информация к новости
  • Просмотров: 1393
  • Автор: admin
  • Дата: 24-03-2014, 23:30
24-03-2014, 23:30

Араб халифаты медицинасы

Категория: Рефераттар » Медицина

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

Араб халифаты медицинасының пайда болуы

Араб  медицинасының дамуы

Әль-Хиджама (Ислам медицинасы)

Шығыстын ұлы ғалымдары: Әл-Бируни, Әл-Рази, Әл-Фараби, Әбу-Әли ибн  Сина

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Медицина тарихының түп тамыры 5000 жыл Месопатамия мен Мысыр мәдениеттеріне дейін жалғасады. Еуропа әлі дами қоймаған шақта Ислам әлемі ғылым мен өнерде алтын дәуірде қол жеткізіп, Қытай мен Үндістан, батыста Еуропамен қарым-қатынаста болған. Араб тілі кең аймақта қолданысқа ие болып, ғылымның ортақ тіліне айналды. Мұсылман ғұламалар математика, астрономия, оптика, физика, химия, медицина мен дәріханалық салаларда таңғаларлық биік еңгейге жетті.

Христиан діні алғашқыда ғылым мен медицинаға қарсылық білдірсе, ислам діні ғылым іздену-құлшылық деп ұғып, ғылым салалары – Алланы танытатын дәлелдер деп оған қолдау танытты. Көптеген аяттары арқылы Құран адамды табиғатты зерттеуге құлшынтып, ондағы астарлы хикметтерді көре білуге шақырды.

Орта  ғасырда Еуропаға  жолы түскен мұсылман саяхатшысы Тартуси ол жақтағы адамдар киімдері қайта киюге келмейтіндей іріп кеткенде ғана  киімін ауыстыратындығын жазған. Еуропада тазалық талабы, тіпті қарапайым гигиенаның болмауы, бой дәрет-ғұсыл құйынуды діни міндет ретінде қабылдаған мұсылмандарды қатты таңғалдырған.

1163  жылы Папа Александр III дұға оқуға көп уақыт жібергенше, емдеумен айналысу үшін көбірек уақыт жұмсаудың анағұрлым тиімді екендігіне поптардың назарын аударумен болды.

Алғашқы сауықтыру емханасы  707 жылы Шамда ашылды. Ол Түркістаннан Андалусияға дейінгі мұсылман елдеріне тез тарады. X ғасырда Куртубада  50 емхана жұмыс істеген. Шәкірттер танымал дәрігерлердің бақылауында жұмыс істеу үшін Тунистен Иранға, Каспий теңізінен Каирге дейін жол жүретін.

Ал, Еуропа алғашқы емханалар 1224 жылы Падуада,  1224 жылы Наполий мен Парижде,  1254 жылы Андалусияда салынған. Орта шығыста крест жорықтарына қатысқан әскерлер мұсылман емханаларын көп көрген. Соларға еліктеп салуға  500 жыл уақыт қажет болды.

Мұсылман әлемдік саудаға ықпал жүргізіп тұрған шақта мұсылман елдеріне түрлі мемлекеттерден көптеген өсімдік түрлері жеткізілетін. Алғашқыда дәрігерлер арнайы дәрілерді өздері жасайтын. Кейіннен ол сала жеке дамып,   754 жылы Бағдатта тұңғыш дәріхана ашылды.

Қысқаша айтқанда, ғылымның көптеген салаларымен қатар медицина мен дәрі жасау саласында да мұсылман ғалымдарының батыстықтарға жол ашқаны шындық.

 

                   Араб халифатында медицинаның пайда болуы және даму

Араб медицинасы — араб елдері мен ислам дінін қабылдаған халықтар арасында орта ғасырларда жақсы дамыған ғылымсалаларының бірі. Шығыста ислам дініне дейін емдеу жұмыстарын ирандықтар, еврейлер, сириялықтар жүргізді. Сол кезеңдегі дәрігерлердің белгілі оқытушысы, ұстазы Харет ибн Кадалахтың (6 ғ.) араб тілінде жазылған еңбектері қазіргі кезге дейін сақтаулы. Бұл еңбекте тамақты тарта жеудің, денені таза ұстаудың, ішімдікті көп ішпеудің т.б. негізгі ережелері айтылған. Мұхаммед пайғамбар Кадалахтың әдістемелік тәсілдерін Құраның сүрелеріне енгізген. Аристотельдің мед. еңбектерін арабтарға алғаш таныстырған — филофсоф, математик, астроном, дәрігер әл-Кинди (шамамен 800 — 870 ж.).

Ол жазған 20 шақты еңбектің ең елеулісі (“Дәріні дайындау және қоладун мөлшері”) латын тіліне аударылған. әл-Киндидің дәрігерлік көзқарастарын Әбу Насрәл-Фараби және Әбу Әли ибн Сина одан әрі дамытты. әл-Фарабидің “теориялық және практикалық медицина” деген кітабында А. медицинасындағы ғыл. көзқарастар баяндалған. әл-Фараби қоршаған ортаның адам денсаулығына тигізетін әсерін алғаш рет айтқан. Оны ибн Сина өз еңбектеріне негіз етіп алған. ибн Сина (980 ж.т.) философия, математика, мед. т.б. ғылым салалары бойынша Хиуада білім алып, ГиппократГален еңбектерімен жете танысты. Орта Азия, Иран, Түркістан елдеріндегі мед. саласының даму барысын жүйеледі. Оның “Қанун” атты еңбегі 6 ғ. бойы Шығыстың әдіргерлік мектептерінде және Еуропаның ун-терінде негізгі мед. оқулық ретінде пайдаланылды. ибн Сина осы кітабында дерттің түрлерін анықтау, оны емдеу тәсілдері, ауруды күту т.б. мәселелермен бірге 760 дәрі-дәрмек жөнінде сипаттама жазып, мұра етіп қалдырды. 12 ғ-да “араб философы ибн Рушданың шешек ауруына, көз құрылысына сипаттама беріп, еудеу жолдарын талдаған “Китаб әл-Күллийә” кітабы латын тіліне аударылып, бүкіл Еуропаға тарады. А. мед-ның дүние жүзіне тарауына үлкен ықпал жасаған Ортаазиялық ғалым Бәкр Зәкәрия (әр-Рази). Ол науқасты емдеу үшін хим. жолмен алынған дәрілерді пайдалануды ұсынды. Араб дәрігрелері органик. заттардан дәрі алудың жолын алғаш тапты. 754 ж. Бағдатта алғашқы дәріхана ашылды. Араб халифатында ауруханалар жүйелі түрде жұмыс істеуге көшірілді. Орта ғасырлардағы Араб елдерінде ауруханалардың жанынан медициналық мектептер ашылды. 

Араб  медицинасының дамуы

          Араб халифаты кезіндегі Шығыс  халықтарының мәдениеті ерте шығыс және антикалық цивилизацияның жетістіктері болып саналған.

         Арабтар европалықтармен қатынаста болып Қытайда жасалынған компас, қағаз және оқтарды берді. Араб елдерінде астраномиялық обсерваториялар жұлдызды каталог негіздерін қалаған, әлемнің атақты елдеріне географиялық сипаттама берілген. Үлкен қалаларды кітапханалар оқу ғылыми, ғылыми және діни дискуссияларға арналған бөлімшелермен бірге салынған.

        Қағидаларға сәйкес білім екі  бөліктен тұрған.

1 діни білім және 2 медицина. 8 ғасыр бойы араб медицинасы жерорта теңізі аймағында жетінші орында  болған.

Әль-Хиджама (Ислам медицинасы)

«Хиджама» - әль-хаджим сөзінің түбірінен туындайды, «сорылу» мағынасын береді. Әль-Хиджама-Пайғамбарымыздың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) маңызды сүннеттерінің бірі болып саналатын, қан алғызуды білдіретін термин. Анас Ибн Малік (р.а.) жеткізген хадиске сәйкес Пайғамбарымыз (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) айтқан: «Көкке (Исраға) көтерілгенімде, барлық деңгейінде маған: «Мұхаммед, өз үмбетіңе қан алғызуды бұйыр»-деп айтылды» (Ибн-Маджа).

Соған байланысты Ибн Аббас (р.а) емделгенін және маманға ақысын төлегенін айтқан (Әль Бухари, Муслим).

Аллаһ елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) Әбу Тайибада қан алғызу арқылы ем қабылдағаны белгілі. Одан кейін оған 2 өлшем ас беруді бұйырды және салық жинаушыға дәрігердің салығын азайтуын сұрады.

Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) айтуы бойынша «Сендер пайдалана алатын емнің ең жақсысы-ол қан алғызу» (әль-Бухари, Муслим)

Внимание! У вас нет прав для просмотра скрытого текста.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

^