Shava.kz » Рефераттар » Медицина » БАСПАНЫҢ (АНГИНАНЫҢ) АСҚЫНУЫ 18
Информация к новости
  • Просмотров: 16
  • Автор: Giyos
  • Дата: 6-10-2017, 14:15
6-10-2017, 14:15

БАСПАНЫҢ (АНГИНАНЫҢ) АСҚЫНУЫ 18

Категория: Рефераттар » Медицина

*

       Кіріспе

Клиинко-морфологиялық өзгерістеріне байланысты 3 түрлі формасын ажыратамыз:ісікті, қабыну (инфильтративті және іріңді) Осылардың ішінде ең қауіптісі іріңдісі. Іріңнің қай жерде орналасуына байланысты, оны 4 түрге бөлеміз: алдыңғы-жоғарғы, алдыңғы-төменгі, артқы және сыртқы.

*
*

     Белгілері.

Көптеген жағдайда процесс — бір жақтық. Кездесу жиілігі бойынша бірінші орында алдынғы-жоғарғы және алдыңғы-төменгі бөліктік абцесс (70%) болса, екінші- артқы (16%), одан кейін сыртқы (4%). Ең ауыр түрі бүйірлік абцесс болып табылады, себебі өздігінен жарылу мүмкіншілігі аз.Іріңдіктің (абцестің) қай түрі болмасын ауру жұтынғапда жұтқыншақтың ауырған сезімі пайда болуымен басталады, кейін тұрақтанып, сілекей жұтқанда күшейіп отырады. Басы ауырып, жалпы әлсіздік пайда болады, дене температурасы фебрильді сандарға дейін көтеріледі. Тамақтағы ауру күшейіп, құлаққа, тіске таралады. Күшейгені соңша науқас ассу ішуден бас тартады, ал сілекей ауыз бұрышынан аға бастайды. Жиі айқын ризм пайда болады — шайнау бұлшық еттерінің сіресуі кездеседі, сөйлеу бұзылады. Жұтқыншақ бұлшық еттерініц сіресуінен науқас басын үнемі бір жаққа бұрып ұстайды, ал бұрылу керек болғанда бүкіл денесімен бұрылады.

 

 

*
*

     Қанда лейкоциттер көбейеді, лейкоциттерлі формула солға ығысады, СОЭ жоғарылайды. Науқастың хал жағдайының төмендеуі тек қана іріңдік қабыпу мен интоксикация ғана емес, сонымен бірге тамақтағы қатты ауырсынуына, ұйқысының  бұзылуына, сұйықтық іше алмай, аштық пайда болғанына байланысты. Іріңдік 3-4 күн ішінде өздігінен жарылуы мүмкін, мұндай жағдайда науқастың халі бірден жақсарып, дене қызуы қалпына келеді. Кейбір жағдайларда парафарингеалды кеңістікке терең орналасқан және жайылған іріңдіктер пайда болып, өздігінен жарылу болмайды. Аурудың бұлай шешілуі ауыр асқынуға — парафарингиттің пайда болуына әкеледі.

 

*
*

     Алдыңғы жоғарғы немесе алдыңғы паратонзиллит кезінде ауыз жұтқыншақты қарағанда безінің жоғарғы полюсінің таңдай күмбездерімен және ортаңғы сызықпен жұмсақ таңдаймен бірге бірден ісіп кетуі байқалады. Жұмсақ таңдайдың жартысы бадамша безінің жоғарғы полюсімен бірге және күмбездердің жоғарғы бөлігімен шар тәрізді түзіледі, беткей бөлігі қызарып, қатаяды, тілше қарама-қарсы бағытқа қарай ығысқан, бадамша безі төмен және артқа қарай қысылады. Тіл бетін қалың қабықша (налет) жнее жабысқақ сілекей жабады.

 

*
*

     Ең қатты көтерілген аймақта флюктуация байқалады және осында супратонзиллярлы шұңқыр немесе алдыңғы күмбез арқылы іріңдіктің тесілуі өтеді. Іріңдіктің босауы жеткілікті болса, сол жерден тесеміз (кесеміз).

    Артқы паратонзиллит.

Бадамша безі мен артқы күмбезде орналасады және сол жерден күмбезге, жұтқыншақтың бүйір қабырғасына таралуы мүмкін.

     Осы аймаққа фарингоскопия жасап, ісініп түрғанын көруге болады. Таңдай бадамша безі және алдыңғы күмбсзде өзгерістер аз болуы мүмкін, тілше мен жұмсақ таңдай ісінген және инфильтрацияланған (қызарған).

 

*
*

     Төменгі паратонзиллит.

Фарингоскопиялық белгілері анық емес, тек алдыңғы күмбездің төменгі бөлігінде ісік және қызару байқалады, бірақ субъективті айқын. Тікелей емес ларингоскопияда бадамша бездің төменгі полюсінің ісігін және бұған жалғасқан тіл түбірінің ісігін, кейде көмекей үсті шеміршектін (надгортанник) тілге қарайтын бетінің ісінуін көруге болады.

 

*

    

Сыртқы немесе бүйірлік паратонзиллит.

Басқа формаларына қарағанда сирек кездеседі, бірақ өздігінен жарылу мүмікшілігі аз болғандықтан, ауыр түрі болып есептеледі. Бұндай орналасу кезінде мойынның зақымдалған жақтағы тканьдерінін ісініп, қызаруы, мойынның қисаюы, тризм айқын байқалады. Жұтқыншақ жақтан езгерістер аз болады. Барлық бадамша бездері шамалы ұлғайып, айналасындағы тканьдер ісінеді. Парафарингеальді іріңдіктен басқа мойыншаның диффузды флегмонасы, кеуделік медиастенит пайда болуы мүмкін, іріндіктің қай түрі болмасын, егер іріңдік ұлғайып тебініп тұрса,  сол   жерді кескен жөн. Әрине, кесу скальпель арқылы орындалады. Кескенде терендігі      1-1,5 см болу керек. Ол үшін жабысқақ пластырмен оратылып, 1,5-2 см ұшы қалдырылған скальпель            қолданылады.

 

*

        ЖҰТҚЫНШАҚ АРТЫНЫҢ ІРІҢДІГІ

     Жұтқыншақ артының іріңдігі жүтқыншақ арты кеңістігінде орналасқан лимфалық түйіндердің және борпылдақ жұтқыншақ артқы клетчаткасының іріңдеу нәтижесінде пайда болады. Бұл ауру балаларда кеп кездеседі. Оның себебі 4 жасқа дейінгі балаларда жұтқыншақ арты лимфа безімен борпылдақ клетчаткасы жақсы дамыған, есейе келе ол семеді.

     Жедел жұтқыншақ арты іріндігі жүқпалы ауруларда (тұмау, қызылша және басқалары) және жұтқыншақтың артқы кабырғасының жарақатында кездсседі. Инфекция лимфа түйіндеріне лимфа жолы арқылы енеді.

 

 

*

     Белгілері.

Іріңдіктің пайда  болу  кезеңінде дене қызуы 39-40 С,-қа дейін көтеріліп, қалтырау пайда болады. Нәрестенің ана сүтін ему қабілеті бұзылады. Сәби тамақ ішпей, жылауық, тынышсыз болады. Ұйқысы бұзылады,   маңқа   болып   дауысы өзгереді.

   Жұтқыншақ арты іріңдегенде сәби басын шалқайтып ұстап ауыратын жағына бұрады.

   Ауыз жұтқыншақты (мезофарингоскопия) қарағанда   жұтқыншақтың артқы   қабырғасының  қызаруы және томпаю байқалады. Ол алғашында бүйірінен   орналасса, кейіннен ортаңғы сызық бойына ауысады.

    Диагноз фарингоскопия арқылы қойылады. Күдіктенген жағдайда инемен сынақ тесу жасап, сорып алады.

 

*

       Емдеуі.

 Жедел жұтқыншақ арты іріңдігін анықтай салысымен ауыз қуысы арқылы тілеміз. Егер іріңдік үлкен болса, онда іріңмен аспирация болмас үшін, іріңдікті жуан ннемен пункция жасаймыз және шприцпен іріңді сорып аламыз. Содан соң алдын-ала жабысқақ пластырмен оратылып, 1,5-2 см үшы қалдырылған скальпельмен іріңдікті тіледі. Тілген соң сәби басын тез арада бетін төмен каратып еңкейте қою керек. Қелесі күні ірің қалып қоятын болса, жараны корнцангпен кеңейтеміз. Сонымен бірге сульфаниламидті дәрілерімен және антибиотиктермен емдейміз.

 

БАСПАНЫҢ (АНГИНАНЫҢ) АСҚЫНУЫ 18
БАСПАНЫҢ (АНГИНАНЫҢ) АСҚЫНУЫ 18
БАСПАНЫҢ (АНГИНАНЫҢ) АСҚЫНУЫ 18
БАСПАНЫҢ (АНГИНАНЫҢ) АСҚЫНУЫ 18
БАСПАНЫҢ (АНГИНАНЫҢ) АСҚЫНУЫ 18


ДАННУЮ ПРЕЗЕНТАЦИЮ МОЖНО КУПИТЬ ЗА 300 ТЕНГЕ!!!
ПРИ ПОКУПКЕ ДВУХ РАБОТ ЗА РАЗ - ЦЕНА 500 ТЕНГЕ
ОПЛАТА СЮДА +77056910550 KaspiКошелек (01.01.1981г),
+77056910550 QiwiКошелек
+77056910550,Whatsapp,
+77012920560 KCELL,
gshava@mail.ru
VK-Shavkat Gaybullaev 01.01.1981 г.Туркестан СПРАШИВАЙТЕ ГОТОВЫЕ ПРЕЗЕНТАЦИИ ПО ЛЮБЫМ ПРЕДМЕТАМ!
ПОСТОЯННЫМ КЛИЕНТАМ - СКИДКИ!
ПРЕЗЕНТАЦИИ НА ЗАКАЗ! 10 стр.300т, до 20 стр 500тенге

Метки к статье: БАСПАНЫҢ (АНГИНАНЫҢ) АСҚЫНУЫ

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
^