Shava.kz » Рефераттар » Медицина » Патологиялық анатомия 24
Информация к новости
  • Просмотров: 16
  • Автор: Giyos
  • Дата: 5-10-2017, 15:29
5-10-2017, 15:29

Патологиялық анатомия 24

Категория: Рефераттар » Медицина

¨Ісіктер

  Ісік деп соматикалық жасушалардың мутацияға байланысты тоқтаусыз және бақылаусыз көбейіп кетуі нәтижесінде пайда болатын патологиялық үрдісті атайды.

  Ісіктер тек адамдарға ғана емес жануарлар дүниесінде, тіпті өсімдіктерде де кездеседі. Кейінгі кездердегі жүргізілген зерттеулер, бізден миллион жылдар бұрын өмір сүрген динозаврларда да ісік  болғанын көрсетті. Демек, ісік адамнан бұрын пайда  болған патологиялық үрдіс.

¨Ісіктің морфологиялық көріністері  мен құрылысы.
Өсу ерекшеліктері.

  Ісіктің қай тіннің немесе ағзадан өсуіне байланысты оның сыртқы көрінісі  әр  түрлі. Ісік ағңза қуысына қарай немесе  терінің сыртында полип тәрізді жіңішке сабаққа ілініп тұрса, оны экзофитті өсу дейді. Егер ісік қуыс ағзаның  қабырғасына немесе басқа ағзалардың ішіне қарай өссе, оны эндофитті өсу деп атайды. Ісік көбінесе үлкенді кішілі түйін түрінде өседі, оның көлемі қай жерде өсуіне байланысты. Ал ісіктің жұмсақ немесе қатты болуы оның паренхимасы мен стромасының арақатынасына байланысты.

¨Барлық ісіктерді гистологиялық құрылысына, клиникалық көріністеріне қарап бөлінеді:

 

 

 

 

 

  Қатерсіз        Қатерлі

 

 

  Жергілікті тінді бұзып өсуші

¨Қатерлі және қатерсіз ісіктердің сипаттамасы
¨Қатерсіз ісіктер

  Әдетте ұзақ уақыт өседі және организмді аса қауіпті өзгерістерге ұшыратпайды. Оларға негізінен тіндік атипизм тән. Тіндік атипизмге ісік құрамындағы паренхима мен строма арақатынастарының бұзылуы, строманы түзуші дәнекер талшықтарының  әр түрлі жуандықта болуы немесе олардың түрлі бағытта ретсіз орналасуы, қан тамырларының  бір жерде көп, екінші жерде аз болуы және т.б кіреді. Бірақ жасушалар түзілісінде өзгерістер болмайды.

¨Қатерлі ісіктер

   Оларға негізінен жасушалық атипизм тән. Оларды түзуші жасушалар өзі өсіп шыққан ағза не тін жасушаларынан өзгеше болып  гетерологиялық ісіктер  қатарына жатады. Қатерлі ісік сылып тастағаннан  кейін де қайта өсуі мүмкін.

  Қатерлі ісік айналасындағы тіндерге сіңе өсіп , әуел бастан  метастаз береді.  Метастаз деп ісік жасцушаларының алғашқы  ісік ошағынан бөлініп шығып басқа бір ағзаларда жаңа ісік түйінін түзуін айтады. Метастаз дамуы өте күрделі құбылыс, ол бірнеше кезеңдерден тұрады.

¨Жергілікті тінді бұзып өсетін ісіктер

  Бұлар қатерлі ісіктер тобына жатқанмен, метастаз бермейді, сондықтан оларды сылып тастау мүмкін. мысалы, терідегі базалиома ісігі осы ісіктер қатарына жатады.

¨Ісіктердің этиологиясы

   Ісіктердің пайда болу себептері өте көп, олар әлі де болса ақырына дейін зерттелмеген. Ракты зерттеуші Халықаралық қоғамның анықтауы бойынша адам рагының 80-90 проценті қоршаған ортада таралған канцерогендік (рак тудырушы) заттардың әсеріне  байланысты.

  Әсер ету механизмдеріне қарап химиялық концерогендер екі  топқа бөлінеді:

1)Жасушалардың ДНҚ-сымен тікелей әсерлесетін  толық концероген

2) Организмдегі химиялық реакцияларға пайланысты пайда болған метоболиттері арқылы әсер ететін жанама концерогендер, оларды  проканцерогендер деп те атайды.

¨Ісік дамуының негізгі бағыттары
1)Ісік алды кезеңі, кейін
2)Орнықты рак
3)Қатерлі ісіктің инвазиялық өсу кезеңі
4)Метастаз беру кезеңі
¨Ісіктердің жіктелуі

Қазіргі уақытта барлық ісіктерді 7 топқа бөледі:

1.Арнайы даму орны жоқ  эпителийлі ісіктер
2.Сыртқы және ішкі секреция бездері мен жамылғы эпителий ісіктері
3.Мезенхималық ісіктер
4.Нерв жүйесі мен ми қабықтарының  ісіктері
5.Қан жүйесінің ісіктері
6.Теротомалар
¨Арнайы даму орны жоқ эпителилік ісіктер

  Бұл ісіктер кез келген жалпақ не безді эпителиден дамиды. Олар қатерсіз және қатерлі болып екі топқа бөлінеді.

  Қатерсіз  ісіктер эпителиден пайда болатын, арнайы даму орны жоқ, қатерсіз ісіктерге папиллома мен аденома жатады.

  Қатерлі ісіктер эпителиден туындайтын қатерлі ісікті рак деп атайды. Рак адамдағы қатерлі ісіктің түрі. Рак түйін түрінде,не жайыла өскен ақшыл реңдегі ісік, ол қатты, кейде жұмсақ болады.

¨

  Әрбір ағзаның рагы өзіне тән морфологиялық көріністерге  ие. Ракты жіктегенде оның микроскоптық өзгерістері есепке алынады. Осы принцип бойынша рактың мына түрлерін ажыратады:

1)“эпителиішілік рак”
2)Жалпақ жасушалы
3)Безді
4)Шырышты
5)Солидті
6)Майда жасушалы
7)Фиброзды
8)Медуллярлы рак
¨Мезенхималық ісіктер

    Мезенхима деп дәнекер тіндердің барлық түрлері пайда болатын эбриондық тінді атайды. Мезенхимадан дәнекер тін, қан тамырлары бұлшықеттер, шеміршек және сүйек тіні, сірлі қабықтар қан жасау жүйесі дамиды.

  осы тіндердің жетіліп үлгірмеген элементтерінен белгілі бір жағдайда қатерлі және қатерсіз ісіктер өсіп шығады.

¨Қан және лимфа тамырларының ісіктері

  Қан және лимфа тамырларының ісіктерінің көпшілігі дизонтогенездік негізде дамид. Олардың қатерсіз түрлеріне капиллярлық, каверналық, веналық гемангиомалар, гломусангиома, қатерсіз гемангиоперицитома, лимфангиома жатады.

Патологиялық анатомия 24
Патологиялық анатомия 24
Патологиялық анатомия 24
Патологиялық анатомия 24

ДАННУЮ ПРЕЗЕНТАЦИЮ МОЖНО КУПИТЬ ЗА 300 ТЕНГЕ!!!
ПРИ ПОКУПКЕ ДВУХ РАБОТ ЗА РАЗ - ЦЕНА 500 ТЕНГЕ
ОПЛАТА СЮДА +77056910550 KaspiКошелек (01.01.1981г),
+77056910550 QiwiКошелек
+77056910550,Whatsapp,
+77012920560 KCELL,
gshava@mail.ru
VK-Shavkat Gaybullaev 01.01.1981 г.Туркестан СПРАШИВАЙТЕ ГОТОВЫЕ ПРЕЗЕНТАЦИИ ПО ЛЮБЫМ ПРЕДМЕТАМ!
ПОСТОЯННЫМ КЛИЕНТАМ - СКИДКИ!
ПРЕЗЕНТАЦИИ НА ЗАКАЗ! 10 стр.300т, до 20 стр 500тенге

Метки к статье: Патологиялық анатомия І

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
^