Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Информация к новости
  • Просмотров: 58
  • Автор: Giyos
  • Дата: 18-09-2017, 11:45
18-09-2017, 11:45

Төтенше жағдайлары кезіндегі қорғану әдістері 45

Категория: Рефераттар » Еңбек қорғау

Информация к новости
  • Просмотров: 100
  • Автор: Giyos
  • Дата: 18-09-2017, 11:37
18-09-2017, 11:37

Топырақ деградациясы 23

Категория: Рефераттар » Еңбек қорғау

Метки к статье: Топырақ деградациясы

Информация к новости
  • Просмотров: 194
  • Автор: Azim1
  • Дата: 4-03-2017, 17:19
4-03-2017, 17:19

Қазақстандағы еңбекті қорғау жүйесі 10

Категория: Рефераттар » Еңбек қорғау

Информация к новости
  • Просмотров: 240
  • Автор: Azim1
  • Дата: 4-03-2017, 17:11
4-03-2017, 17:11

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды ұйымдастыру 20

Категория: Рефераттар » Еңбек қорғау

Информация к новости
  • Просмотров: 218
  • Автор: Azim1
  • Дата: 9-02-2017, 21:30
9-02-2017, 21:30

ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТI ҚОРҒАУ  САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ 30

Категория: Рефераттар » Еңбек қорғау

Информация к новости
  • Просмотров: 175
  • Автор: Azim1
  • Дата: 9-02-2017, 21:16
9-02-2017, 21:16

Еңбек заңнамасының сақталуын қоғамдық бақылау 9

Категория: Рефераттар » Еңбек қорғау

Информация к новости
  • Просмотров: 188
  • Автор: Giyos
  • Дата: 13-01-2017, 10:59
13-01-2017, 10:59

Нуклеин қышқылдары 11

Категория: Рефераттар » Еңбек қорғау

Метки к статье: Нуклеин қышқылдары

Информация к новости
  • Просмотров: 1189
  • Автор: admin
  • Дата: 25-03-2014, 08:51
25-03-2014, 08:51

Еңбек даулары қорғау жөніндегі органдары9

Категория: Рефераттар » Еңбек қорғау

 

Жоспар

Кіріспе

  1. Еңбек даулары қорғау жөніндегі органдары
  2. Еңбек дауының түсінігі
  3. Ұжымдық еңбек дауы бойынша екі жақтың келісім жасаудағы жетістіктерінің салдары.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 Кіріспе

Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алып, қысқа мерзім ішінде нарықтық экономикаға бет бұрды. Сондықтан, осыған байланысты жалдамалы қызметкерлердің еңбек құқығын қорғауда үлкен мәселелер туындады. Себебі, олардың құқықтарын кейбір жұмыс берушілер жиі бұзып, еңбек құқығы нормаларын қолданғанда көп қателер жібереді. Осыған байланысты, еңбек қатынасындағы әлсіз жақ – жалдамалы қызметкерлердің құқығын қорғау қазіргі еңбек құқығының функционалды рөлі болып табылады. Ал осы еңбек қатынасындағы әлсіз жақтың құқығын қорғауды қамтамасыз етудің басты тәсілі осы мақсатқа арналған еңбек дауы институты танылған.

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің (бұдан әрі ҚР ЕК) 1 – бабының 1 – тармағының 19 – тармақшасына сәйкес еңбек дауы – бұл ҚР еңбек заңнамасын қолдану, келісімдердің, еңбек шартының және (немесе) ұжымдық шарттың, жұмыс беруші актілерінің талаптарын орындау немесе өзгерту мәселелері бойынша қызметкер (қызметкерлер) мен жұмыс берушінің (жұмыс берушілердің) арасындағы келіспеушіліктер болып табылады.

 

  1.     Еңбек даулары қорғау жөніндегі органдары

 

Жеке еңбек дауларын келісім комиссиялары және (немесе) соттар қарайды. Жеке еңбек дауларын еңбек дауы тараптарының өтініші бойынша келісім комиссиясы қарайды. Еңбек шартының тараптары жеке еңбек дауын шешу үшін өз қалауы бойынша тікелей сотқа жүгіне алады. Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 171 бабында айтылғандай келісу комиссиясы тепе-теңдік негізінде жұмыс берушінің және қызметкерлердің өкілдерінің бірдей санынан құрылады. Оның құру тәсіліне келетін болсақ келісу комиссиясының қызметкерлерден құрылатын мүшелері қызметкерлердің жалпы жиналысында (конференциясында) сайланады. Келісу комиссиясының жұмыс берушіден құрылатын мүшелері жұмыс берушінің актісімен тағайындалады. Келісу комиссиясының мүшелері бірінші ұйымдастыру отырысында көпшілік дауыспен өз құрамынан төраға мен хатшыны сайлайды. Келісу комиссиясы еңбек дауын өтініш берген күннен бастап жеті күндік мерзімде қарайды және қарау нәтижесі бойынша келісу комиссиясының шешімі қабылданады, ол қабылданған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей өтініш иесіне беріледі. Келісу комиссиясына келіп түскен өтініш аталған комиссияда міндетті түрде тіркелуге тиіс.

Жеке еңбек дауларын қарау жөніндегі органдарға жүгіну үшін төмендегідей мерзімдер белгіленеді:

         1) жұмысқа қайта алу туралы даулар бойынша - жұмыс берушінің еңбек шартын бұзу туралы актісінің көшірмесі табыс етілген күннен бастап үш ай;
       2) басқа еңбек даулары бойынша - қызметкер немесе жұмыс беруші өз құқығының бұзылғаны туралы білген немесе білуге тиісті күннен бастап бір жыл.

 

 

Келістіру процедуралар

Жұмысшылардың талабы Еңбек Кодексінің 290 бабында келтірілген тәртіппен рұқсат етуге мүмкін болмаса келісілген процедуралар тәртібімен қарастырылады.

Жұмысшылармен, жұмысшы бірлестіктерімен (олардың өкілдерімен) бас тартылған немесе қанағаттандырылған талаптар алғашында келістіру комиссиясында қарастырылып, рұқсат алуға мүмкіндік болса еңбек арбитражында қарайды.

Ұжымдық еңбек дауын қараудың кез келген дейгейінде екі жақ делдалдың көмегіне жүгінуі мүмкін. Делдалдық процедурасы келістіру комиссиясындағы келістіру процедурасында, еңбек арбитражында дербес болып табылады және олармен параллель жүре алады.

  

Келістіру комиссиясы

 

Келістіру процедурасы үш күнтізбелік күн ішінде жұмыс беруші мен жұмысшы бірлестігіне (олардың өкілдері) өз шешімін айтқан не айтпаған күннен бастап, немесе ұжымдық келісім-шарт кезіндегі келіспеушіліктер хаттамасын толтырған күннен бастап екі жақтың қатысуымен құрылады.

Келістіру комиссиясы екі жақтың өкілдері арқылы тең дәрежеде құрылады. Келістіру комиссиясын құру туралы шешім жұмыс беруші актісімен және жұмысшы өкілдерінің шешімдерімен рәсімделеді.

 

         Ұжымдық еңбек дауы бойынша екі жақтың келісім жасаудағы жетістіктерінің салдары

         Ұжымдық еңбек дауының жақтары арасындағы келісім жасаудағы жетістіктерінің барлық жағдайында делдалдың қатысуымен рұқсат беруі туралы немесе зааңсыз келістіру процедуралары тоқтатылады, ал дауға рұқсат беру жағдайлары екі жақ арасындағы келісім жағдайлары болып саналады.

 

Қорытынды

 

Қорыта келе, ресей ғалымдарының зерттеулерін тұжырымдасақ, келтірген көзқарастардың барлығы өте маңызды. Оған қоса, ресей заңнамасында ұжымдық еңбек дауларының нысанасы айтарлықтай кеңейтілген. Ал өз еліміздің ғалымдарының түйіндемелеріне келсек, жалақымен қоса әлеуметтік жеңілдіктерінің көлемін белгілеу және өзгерту бойынша келіспеушіліктер туралы ой басқа елдерде қозғалмаған мәселе еді. Және бұл негізде туындайтын келіспеушіліктер кездесетіндіктен, оны елемеу қате болар еді. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1. Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі 2007 жылдың 20 мамырынан // СПС «Юрист», 2010.

2. «Ұжымдық еңбек даулары мен ереуілдер» туралы 1996 жылы шілденің 8-нде қабылданған Қазақстан Республикасының Заңы.

3. Нургалиева Е.Н. Комментарий к Трудовому кодексу Республики Казахстан. Общая и Особенная части. – Алматы: Жеті жарғы, 2009.

4. Трудовое право: Учебник / Под ред. О.В.Смирнова, И.О.Снигиревой. М.:Проспект,2007.

5. Комментарий к Трудовому кодексу Российской Федерации/ Под ред.К.Н.Гусова. М.: ООО «ТК Велби», 2002.

6. Анисимов Л.Н., Анисимова А.Л. «Трудовые договоры». «Трудовые споры». М.:Бератор-Прес,2002.

[hide][/hide]

 

 

^