Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Информация к новости
  • Просмотров: 1723
  • Автор: Kazeke
  • Дата: 1-08-2015, 06:24
1-08-2015, 06:24

Құқық анықтамалары және белгілері 16

Категория: Презентациялар » Құқық

Метки к статье: Құқықтың түсінігі

Информация к новости
  • Просмотров: 22981
  • Автор: Neyla1
  • Дата: 29-06-2014, 13:59
29-06-2014, 13:59

Азаматтық құқық түсінігі және жүйесі

Категория: Презентациялар » Құқық

 

 

Информация к новости
  • Просмотров: 2615
  • Автор: Neyla1
  • Дата: 29-06-2014, 13:44
29-06-2014, 13:44

ШАРИҒАТ БОЙЫНША ҚЫЛМЫСТЫҢ ТҮРЛЕРІ

Категория: Презентациялар » Құқық

  Шариғатта қылмыстық құқық 

Жалпы және Ерекше
 бөлімдерге бөлінбейді.

Шариғат бойынша қылмыстың түрлері және оның құрамы

 

 "Мұсылман құқығында есі дұрыс, дін және азаматтық құқық талап ететін дәрежеде өз қылмысы үшін жауап бере алатын адам жасаған қылмысы үшін толығымен жауапты деп саналады. Адамның есінің дұрыс болмауы жауапкершіліктен босататын жағдай деп саналады”.

                                         Р.Шарл

 

«Кейінгі өмірде отта қиналатын дінге сенбеушілер»
                                           (Бақара сүресі)

 

     Құдайды мазақтау, дін ауыстыру, басқа дінге сенушілермен достық қарым-қатынаста болу, ел басына қарсы шығу, діни салттарды орындамау, жезөкшелік, дәлелсіз түрде жезөкшелікпен айыптау, жала жабу, малмен жыныстық қатынасқа түсу, ұрлық, қарақшылық, басқаның мүлігін алып қою, спирттік ішімдіктерді ішу және т.б. Мұндай қылмыстар үшін құранмен әртүрлі шаралар және өлім жазасы қарастырылған.

 

Заң тармағы

      Дін ауыстыру - рухани және азаматтық өліммен ұштасқан ең ауыр қылмыс болып танылады. Дінін ауыстырғандарға өлім жазасының ең қиын тәсілдері қолданылады. Үкімді орындауға дейін қылмыскердің некесі бұзылып, оның мүлігі тәркіленіп, оны мұсылмандық салтпен жерлеу құқығынан айырады.

 

             Шариғат ашық түрде мұсылмандар мен мұсылман еместердің қылмыстық құқықтық қатынаста тең еместігін көрсеткен. Егер мұсылман емес мұсылмандық мемлекетте жүре тұра мұсылманша киініп, мұсылманның үйінен жоғары үй тұрғызса, қоңырау соқса, ашық жерлеу салттарын жүргізсе, атқа мінсе, қылмыстық жауаптылыққа тартылған. Мұсылман мен мұсылман еместің арасындағы достық шариғат бойынша дін ауыстыру болып саналады.

 

            Кезінде шариғаттың қағидалары Шығыс елдерінде билік етуші топпен өзінің агрессиялық саясатында басқалардың территориясын жаулап алу үшін, кәпірлерге қарсы "қасиетті соғыстың” өрістеуі үшін, ұлттық теңдікті және ел басшылары арасындағы достықты жою үшін қолданылған.

  

      Шариғат бойынша қылмыстардың жалпы  объектісі - дін және мемлекет негіздері,   тұлғаның өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті, намысы, мүліктің түрлері, әсіресе жеке мүліктер, қоғамдық тәртіп және оның қауіпсіздігі.

 ШАРИҒАТ БОЙЫНША ҚЫЛМЫСТЫҢ ТҮРЛЕРІ
ШАРИҒАТ БОЙЫНША ҚЫЛМЫСТЫҢ ТҮРЛЕРІ
ШАРИҒАТ БОЙЫНША ҚЫЛМЫСТЫҢ ТҮРЛЕРІ
ШАРИҒАТ БОЙЫНША ҚЫЛМЫСТЫҢ ТҮРЛЕРІ
ШАРИҒАТ БОЙЫНША ҚЫЛМЫСТЫҢ ТҮРЛЕРІ

Құрандағы әл-Исра сүресінің 32-аятында:

   

     "Аллаға арамдық жасаған кісіні өлтірмеңдер! Бірақ тиісті болса, өлтіріледі. Ал біреу жазықсыз өлтірілсе, сонда өліктің иесін ерікті еттік. Өлтіру де шектен аспасын. Өйткені оған жәрдем етіледі. (Өш алынады)”- делінген.

 

      Шариғатта да бір объектіге қарсы бағытталған қылмыстарды субъективтік жағынан терең талдау жүргізілген және қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесіне қарай бірнеше түрлерге бөлінгендігі ескеріліп, қылмыскердің психикалық дәрежесінің жоғарылық дәрежесіне қарай жаза белгіленген.

 

 

 

Внимание! У вас нет прав для просмотра скрытого текста.

германиядағы саяси құқықтық ілімдер12
германиядағы саяси құқықтық ілімдер12
германиядағы саяси құқықтық ілімдер12

 

Метки к статье: XVIII ғасырдың соңы және XІX ғасырдың басындағы Германиядағы саяси-құқықтық ілімдер Орындаған: Иммануил Канттың мемлекет және құқық туралы ілімі Иммануил Кант (1724 1804 ж.), лы герман фи

Информация к новости
  • Просмотров: 1659
  • Автор: admin
  • Дата: 20-03-2014, 12:49
20-03-2014, 12:49

Бағалы қағаздар ұғымы және қызметі24

Категория: Презентациялар » Құқық

žКіріспе
žІ-бөлім. Бағалы қағаздар ұғымы және қызметі
ž   1.1. Құнды қағаздар – тарихы мен мәні
ž   1.2. Құнды қағаздардың түрлері және қызметтері
žІІ-бөлім. Құнды қағаздар нарығы  
ž   2.1. Құнды қағаздар нарығының басты қызметтері және қажеттілігі
ž   2.2. Құнды қағаздар және оның айналу мәселелері
ž   2.3. Құнды қағаздар нарығының құрылымы және қозғалысы
žІІІ-бөлім. Қазақстандық құнды қағаздар нарығының қалыптасуы
ž   3.1. Қазақстан Республикасындағы құнды қағаздардың қалыптасуы
žҚорытынды
žҚолданылған әдебиеттер тізімі
—Бағалы қағаздар орта ғасырлардан бері қарай қолданыла бастады. Сол кезеңде ұлы географиялық жаңалықтардың ашылуымен байланысты сауданың аясы кеңіді, ал осы мүмкіндіктерді пайдаланып қалғысы келген  кәсіпкерлердің ірі капитал сомасына деген қажеттілігі туды. Оның үстіне теңізден шалғай рынок пен шикізат көзін игерумен байланысты орын алатын шығындарды жекелеген адамдар көтере алмайтын да еді. Нәтижесінде ағылшын, голландық компаниялары, Ост-Индия акционерлік қоғамы, Гудзон бұғазы компанияларымен  сауда жасаумен байланысты  дүниеге келді. Міне осылар құндықағаздарды бірінші шығарған ірі компаниялар болды. Олардың акциялары күні бүгінге дейін Лондон мен Торонто биржаларында сатылуда. XVI—XVII ғғ. Англиядағы акционерлік компаниялар капиталды көп қажет ететін көмір өндірісін қаржыландыру үшін де ұйымдасқан болатын.
—ХІХ ғасырдың 60-жылдары тағы да бір маңызды оқиға болды. Германияда ауыр өнеркәсіпті дамытуға шығарылған құндықағаздармен делдалдық операцияларды жүргізуді универсалды инвестициялық банктер өз қолдарына алды.
—Құнды қағаздар, ең алдымен, мүлікті иеленуге құқық беретін ақшалы құжат немесе қарыз берушіге қарыз алушының берген қарыз міндеттемесі.
—Бағалы қағаздар толтырылуы немесе жазылуы жөнінен екі түрлі болуы мүмкін:
—Не заң жүзінде бекітілген жеке құжат түрі;
—Не есепшотқа енгізілген жазу түрі.
—Егер басқа адамға иемденуге берілсе, бағалы қағаздардың екінші түрі бойынша ерекше  куәлік толтырылып келеді. Оны иемдену құқын беретін құжатты сертификат деп атайды.
•Бағалы қағаздардың пайда болу тарихы меншік айналымының объекті тарихи кезеңімен тікелей байланысты болып келеді. Өте ерте кезеңде адамдар бір тарихи формациядан екінші формацияға өткенде, олар тауар мен ақшалардың басқаша орналастыру қажеттілігін алды, бірақ бұл басқаша орналастыру тәсілі тиімсіз болды.
•Бұл жолды, ең бірінші, юристтер б.э.д. 4-5 ғасырда тауып, оны былай көрсеткен:
•Аңғарғандар құжаттар, куәланған нақтылы келісімнің өздері айналдыру, ерекше руға тауар, құндылықтардың ерекше жүйесін, сөз өзіне меншікті мәнінде тауарлармен емес, ақшалармен емес сәйкес келмеушілердің. Құжаттар соған дейін келісімдер туралы орындалып жатқанда сазды және балауыздарды табличкаларда, папирусте немесе пергаментте, олар кең таратуын алған жоқ.
Кейін, 6 ғасырда Қытайда қағаз ойланып табылды. 9-10 ғасырда бұл өндіріс рецептін Батыс Еуропа Елдері қолданады. Нақ осы жерде, натуральды шаруашылық  және феодалдық бытыраңқылықтың ету шартын қолдап және олар нарықтық шаруашылықтан алыс болғанымен, қағаз арқылы құжаттың белгілі нақты келісімін мойындау және таратуы жалпыға бірдей алынып, экономикалық айналымының объекті ретінде танылды. Бағалы қағаздар - акциялар, облигациялар, вексельдің және мүлік құқықтардың басқа куәліктері, жекеленгендер өз негізімнен, ұнағандар сондай сапада заң шығарылады
Информация к новости
  • Просмотров: 4611
  • Автор: admin
  • Дата: 20-03-2014, 12:11
20-03-2014, 12:11

Азаматтық құқықтағы мерзімдердің ұғымы мен түрлері22

Категория: Презентациялар » Құқық

¢І.Кіріспе
¢ІІ.Негізгі бөлім
¢1. Мерзімдердің түрлері
¢1.1 Азаматтық құқықтағы мерзімдердің ұғымы мен түрлері
¢1.2 Талап қою мерзімі
¢1.3 Азаматтық құқық қабілеттілігі және әрекет қабілеттігі туындауы кезіндегі уақыттың маңызы
¢1.4 Іс жүргізі мерзімдерін есептеу тәртібі
¢1.5 Іс жүргізу мерзімдерін ұзарту мен қалпына келтіру тәртібі
¢1.6 Қылмыстық процесте мерзімді өткізіп алудың іс жүргізушілік-құқықтық салдары
¢ІІІ Қорытынды
¢Пайдаланылған әдебиеттер
—Азаматтық кодекстің Жалпы бөлімінің 6 және 7 тараулары тиісінше Мерзімдерді есептеу және Талап мерзімі деп аталады. Мұнда мерзімнің ұғымы оның азаматтық айналымдағы орны мен түрлері тағы басқа ұығмдары нақтылана көрсетілген. Уақыттың тылсымдығы оны тоқтатуды мүмкін еместігін біз есейе келе ұғынамыз. Ал азаматтық құқық категорияларының санатына жататын мерзім жөніндегі менің тақырыбыма арналған зерттеулер мүлде жоқ. Сірә, біздің отанымыздың азаматтық құқық ғалымдары көбінесе шарттарға, мәмілелерге тағы басқа қазіргі нарық заманында алдыңғы қатарда тұрған нормаларға көп көңіл бөлген де шығар. Бірақ осылардың барлығы да белгілі бір мерзім аясында өтетіні хақ.
—Іс жүргізу мерзімдерін осылайша бір мағыналы, шын мәнінде дұрыс түсіну қылмыстық іс жүргізу заңында тұжырымдалған қылмыстык сот ісін жүргізу міндеттерімен байланысты. Атап айтқанда, КІЖК-тің 8-бабында қылмыстық сот ісін жүргізу міндеттерінің бірі ретінде "қылмыстарды тез және толық ашу"' аталған.
—Сонымен, ғалымдардың көпшілігі іс жүргізу мерзімтдерінің мәнін мынаған саяды: сот ісінің тез жүргізілуін қамтамасыз ету құралы;
—сот ісінің белгілі бір қарқынмен жүргізілуін реттеудің
ұйымдық құралы.
•Азаматтық құқықты жүзеге асыру немесе қорғау уақыт факторымен тығыз байланысты. Кейбір сәттерде азаматтық заң азаматтық құқық қатынастарының туындауын, өзгертілуін және тоқталылуын әрекетпен байланыстырады. Азаматтық құқықта мерзім ұғымы заңдық салдармен байланысты сәт немесе шектеулі кезең деп түсіндіріледі (АК-тің 172-бабы). Демек, заң табиғаты тұрғысынан алып қарағанда, мерзім дегеніміз заңдық факт болып табылады.
•Әдебиетте мерзімді оқиға деп аталатын, яғни адамдардың еркінен тыс болатын құбылыстарды заңдық фактілер категориясына жатқызады.
•«Мерзім» ұғымының екі мағынасы бар: белгілі мерзім немесе уақыттың белгілі бір сәті. Мерзім мәселесі тек қана шаруашылық қызметте ғана емес сонымен қатар мемлекеттің экономикасында да үлкен роль атқарады. Кез келген әрекеттерді немесе өндірісті бағалау үшін мерзімнің сақталуы арқылы бағалайды.
•Мерзімдер азаматтық айналымды реттейді, шарттардың орындалуына ықпал етеді.
•2. Мерзімді есептеу тәртібі. Азаматтық заңда мерзімді есептеуге байланысты арнайы белгіленген тәртіп бар (АК-тің 6-тарауы). Азаматтық кодекстің 172-бабына сәйкес мерзім күнтізбелік күнмен немесе сөзсіз болуға тиісті оқиғамен байланыстырылады. Осы бапта мерзімді тағайындау жолдары көрсетілген, атап айтсақ бұл сол сәтті көрсететін уақыт (күнтізбелік күн), белгілі уақыт кезеңі (жылдар, айлар, күндер және сағаттар) және сөзсіз болуға тиісті оқиға дер едік. Құқықтарды жүзеге асыру мен міндеттемелерді орындаудың мұндай мерзімдері белгіленген күннен басталады (мысалы, навигацияның басталуы мен аяқталуы және т. б.).

Азаматтық кодекстің 174-бабында уақыт кезеңмен белгіленетін мерзімнің аяқталуы былайша тұжырымдалған:

1) жылдармен есептелетін мерзім — мерзімнің соңғы жылының тиісті айы мен күнінде бітеді. Жарты жылмен есептелетін мерзімге айлармен есептелетін мерзімнің ережелері қолданылады;

2) жыл тоқсандарымен есептелетін мерзімге айлармен есептелетін мерзімнің ережелері қолданынады. Бұл орайда бір тоқсан үш айға тең деп есептеледі, ал тоқсандарды есептеу жыл басынан бастап жүргізіледі;

3) айлармен есептелетін мерзім — мерзімнің соңғы айының тиісті күнінде бітеді.

Жарты аймен белгіленетін мерзім күндермен есептелетін мерзім ретінде қаралады да, он бес күнге тең болып есептеледі. Егер айлармен есептелетін мерзімнің аяқталуы тиісті күн саны жоқ айға тура келсе, мерзім сол айдың соңғы күнінде бітеді;

4) апталармен есептелетін мерзім — мерзімнің соңғы аптасының тиісті күнінде бітеді.

Информация к новости
  • Просмотров: 3749
  • Автор: admin
  • Дата: 20-03-2014, 11:32
20-03-2014, 11:32

Меншік құқығы23

Категория: Презентациялар » Құқық

*І Кіріспе
*ІІ. Негізгі бөлім
*1. Меншік құқығы туралы жалпы ережелер
*1.1 Меншік құқығы ұғымы және оның мазмұны
*1.2 Меншік құқығының пайда болу негіздері
*2. Меншік құқығының түрлері және тоқтатылуы
*2.1. Жекеменшік түсінігі мен түрлері
*2.2. Мемлекеттік меншік түсінігі және түрлері
*2.3. Меншік құқығының тоқтатылу негіздері
*ІІІ Қорытынды
*Пайдаланылған әдебиеттер
*Меншік институты әлі де болса көптеген ғалымдардың назарын аударатын мәселе. Меншік қатынастарын құқықтық реттеу кез келген қоғамның экономикалық негізін құрайды. Қазақстан және бұрынғы одақ көлеміндегі мемлекеттердің жоспарлары экономикадан нарықтық экономикаға өтуінің өзі меншік қатынастарының өзгеруіне, мемлекеттік меншікті жекешелендіру нәтижесінде жеке меншіктің дамуына және де жеке кәсіпкерлікке қолайлы жағдай жасауға мүмкіндіктер туындады. Елімізде экономикалық қатынастарды, соның ішінде меншік қатынастарын реттейтін көптеген заңдар қабылданды. Олардың ішінде экономикалық заңдардың негізі және орталығы болып Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі есептелінеді.
*   Бұл курстық жұмыстың өзектілігі - нарықтық қатынастардың даму кезінде қоғамдық қатынасқа түсуші субъектілер кез келген шаруашылық қызметтерін жүзеге асыру барысында өздеріне тиесілі меншігіндегі мүлікпен қатынасқа түседі. Ал сол мүлікке меншік иесі қандай құқықтарды жүзеге асырады, оны құқықтық реттеу мәселесі әлі де болса зерттеуді қажет етеді.
*Меншік құқығы субъектінің заң арқылы танылатын және қоралатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және бұл мүлікке билік ету құқығы.
*Меншік құқығы түсінігін, оның пайда болуын және ерекшеліктерін карастырайық.
*Бұл тұрғыда ең алғаш меншік ретінде жеке тұлғаға немесе ұжымға тиесілі затқа олардың өз мүлкі сияқты қарауы анықталған. Мұнда меншік менікі және сенікі деп бөлінуді астарлайды. Мұнсыз тіпті меншік жоқ. Бұл тұрғыдан алғанда қандай да бір болмасын меншік нысаны жеке болып табылады.
*Меншіктің берілген бұл жай анықтамасынан біз мынаны түсінеміз, меншік – бұл адамның затқа қатынасы. Әрине, бұл меншіктің мазмұнына сәйкес келмейді. Мұндай қатынастарды бір жағынан затқа өзінікі ретінде қарайтын меншік иесі түссе, екінші жағынан меншік иесі еместер тұрады, сонымен қатар, затқа бөтендік ретінде қарайтын барлық үшінші жақтар бөтен, затқа және меншік иесінің еркіне қатысы болмауы керек. Жоғарыда берілген түсінігінен білеріміз, меншік – зат түріндегі материалдық нысанды қамтиды.
*Меншік бұл – қоғамдық қатынас. Қоғамдық қатынас ретіндегі меншіктің мазмұны меншік иесінің басқа тұлғалармен материалдық құндылықтарды пайдалану, айырбастау, бөлу, өндіру процестерінде түсетін байланыстармен қатынастарынан туындайды.
*Сонымен, меншік – материалдық нысан және еріктілік мазмұн тән қоғамдық қатынас. Меншік – бұл мүліктік қатынас, және де мүліктік қатынастар қатарында бастапқы орында. Меншік иесінің еркі өзіне тиесілі затқа қатынасында, оны иелену, пайдалану және билік етумен сипатталады.
*Меншік құқығы тек қана белгілі бір құқықтық фактінің ал, кейбір жағдайларда олардың жиынтығының болуынан туындайтын субъективтік құқық қатарларына жатады. Бұл құқықтық фактілер меншік құқығының пайда болу негіздері деп аталады.
*Дамыған ғылымға меншік құқығының пайда болу негізін бастапқы және туында деп бөледі. Бастапқы және туынды деп бөлу критериясына қатысты, кейбір жағдайларда ерік критериясына, ал басқасында құқық иеленушілік критериясына көбірек мән беріледі.
*Меншік құқығын иеленудің тәсілдерінің бөліну негізіне иеленушілік критеиясын салыну міндетті, ал ерік критериясына қатысты барлық жағдайларда тәжірибелік сынақты ұстана алмайды.
*Егер шартта немесе заңдарда өзгеше көзделмесе жаңа затқа меншік құқығы оны дайындаған немесе жасаған тұлғаға тиеді.
*Меншік иесі бар мүлікке меншік құқығына басқа адам сатып алу – сату, айырбастау, сыйға тарту немесе осы мүлікте иеліктен айыру туралы өзге де мәміленің негізінде ие болуы мүмкін.
*Біздің Республикамызда қалыптасқан нысан бойынша жалпы меншік құқығы ең алдымен жеке және мемлекеттік меншік болып бөлінеді. Ал оларды жеке-жеке қарастыратын болсақ.
*Жеке меншік азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншігі ретінде көрініс табады.
*Бұл аталған нысандағы меншіктің пайда болу негіздері жоғарыда көрсетілгендей тәртіпте жүзеге асырылады.
*Заң құжаттарына сәйкес, азаматтарға немесе заңды тұлғаларға тиесілі бола алмайтын жекелеген мүлік түрлерінен басқа кез келген мүлік жеке меншікте болуы мүмкін.
*Жалпы негізде жеке меншікте болатын мүліктің саны мен құны шектелмейді. Ал мемлекеттік меншік болса өз алдына республикалық және коммуналдық меншік түрінде көрінеді.
*Республикалық меншік республикалық қазынадан және заң құжаттарына сәйкес мемлекеттік республикалық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктен тұрады. Республикалық бюджеттің қаражаты, алтын валюта қоры және алмаз қоры, өзге де мүлік Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынасын құрайды.
^