Shava.kz » Презентациялар » Медицина » Балаларда ЭКГ ерекшеліктері. Жүрек тондарының пайда болу механизмі 18 бет қазақша презентация, слайд
Информация к новости
  • Просмотров: 1735
  • Автор: Hamid
  • Дата: 27-12-2015, 05:58
27-12-2015, 05:58

Балаларда ЭКГ ерекшеліктері. Жүрек тондарының пайда болу механизмі 18 бет қазақша презентация, слайд

Категория: Презентациялар » Медицина

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Жүрек тондарының пайда болу механизмі

2. І және ІІ тонның айырмашылықтары.

3. Тондардың өзгеру механизмдері.

4. І және ІІ тондардың әлсіреуі себептері.

Қолданылған әдебиеттер

Жүрек тондарының пайда болу механизмі:

 

Жүрек циклы систоладан және диастоладан құралады.

1.  Систола екі кезеңнен тұрады:

а)   Әзірлік кезеңінен;

б)   Қан айдау кезеңінен.

Әзірлік кезеңі (күш түсу кезеңі) екі фазадан тұрады:

а) жүрек жиырылуының асинхронды фазасынан

б) жүрек жиырылуының изометриялық фазасынан

Сау адамның жүрегін тыңдағанда, олардың көпшілігінде тұрақты, ырғақты екі қысқа үнді естуге болады. Бұл жүрек тондары (гр. сөзінен tonos-соққы, екпін) деп аталады.

Cистолалық тон – І (бірінші), диастолалық тон - ІІ (екінші) тон деп аталады.

Кейде дені сау адамдардың 20-25%-да ІІІ тонды естуге болады. Ол да диастолалық тонға жатады. ІІІ тонды жүректі тікелей (құлақпен) тыңдағанда жиірек естуге болады (арық адамдарда).

   Бірінші (асинхронды) фазасында миокардтың біртіндеп жиырылуы басталады. Бұл фазада жүрек қарыншаларындағы қысым көтерілмейді, немесе оның шамалы ғана жоғарылағаны (5-7 мм.с.б.) байқалады. Ол фаза атриовентрикуляр (қос және үш жармалы) қақпақтарының жабылуымен аяқталады.

   Екінші (изометриялық) фазада жүрек қарыншаларындағы қысым мөлшері қолқадағы қысым деңгейіне, оң қарыншадағы қысым мөлшері өкпе артериясындағы  қысымның деңгейіне жетеді. Бұл фаза кезінде барлық қақпақтар жабық болады, сондықтан бұл фазаны жабық қақпақтар фазасы деп те атайды.

   Жүрек қарыншаларындағы қысым магистральды (қолқа және өкпе артериясы) артериялардағы қысымнан жоғары көтеріле бастаған кезде қолқаның және өкпе артерияларының жартылай айшық қақпақтары ашылып, қан қарыншалардан осы артерияға құйыла бастайды. Жартылай айшықты қақпақтары ашылған кезеңнен бастап, әзірлік (күш түсу) кезеңі бітіп, қанды айдау кезеңі басталады. Бұл кезең қарыншалар ішіндегі қан қолқа және өкпе артерияларына толық өткенге дейін жалғасады.

Диастола қанды айдау кезеңі біткеннен кейін басталады.

Диастола:

1) жүректің босаңсу кезеңінен;

2) жүрекке қан толу кезеңінен тұрады.

Жүректің босаңсу кезеңі систола соңынан жармалы қақпақтар

ашылғанға дейін созылады.

Босаңсу кезеңі:

а) протодиастола фазасынан;

б) изометриялық босаңсу фазасынан тұрады.

  Протодиастола фазасында қанды айдау кезеңінде ашылған жартылай айшықты қақпақтар өз орнына қайтып оралады.

  Изометриялық босаңсу фазасында қарыншалар ішінде қысым нольге дейін төмендейді. Бұл жармалы қақпақтардың ашылуына себеп болады. Өйткені жүрекшелерде қан қысымы нольден жоғары.

Жармалы қақпақтар ашылған кезден бастап жүрекке қан толу кезеңі басталады.

Ол үш фазадан тұрады:

а) қанның тез толу фазасынан;

ә) баяу толу фазасынан;

б) жүрекшелер систоласынан.

 

Жүрекке қан толу кезеңінде жүрекшелерден қан жүрек қарыншаларына толық өтеді. Бұл процеске жүрекшелердің жиырылуы да қатысады. Демек жүрекшелер систоласы жүрек циклының диастоласына жатады. 

Балаларда ЭКГ ерекшеліктері. Жүрек тондарының пайда болу механизмі 18 бет қазақша презентация, слайд
Балаларда ЭКГ ерекшеліктері. Жүрек тондарының пайда болу механизмі 18 бет қазақша презентация, слайд
Балаларда ЭКГ ерекшеліктері. Жүрек тондарының пайда болу механизмі 18 бет қазақша презентация, слайд
Балаларда ЭКГ ерекшеліктері. Жүрек тондарының пайда болу механизмі 18 бет қазақша презентация, слайд

Внимание! У вас нет прав для просмотра скрытого текста.


ДАННУЮ ПРЕЗЕНТАЦИЮ МОЖНО КУПИТЬ ЗА 300 ТЕНГЕ!!!
ПРИ ПОКУПКЕ ДВУХ РАБОТ ЗА РАЗ - ЦЕНА 500 ТЕНГЕ
ОПЛАТА СЮДА +77056910550 KaspiКошелек (01.01.1981г),
+77056910550 QiwiКошелек
+77056910550,Whatsapp,
+77012920560 KCELL,
gshava@mail.ru
VK-Shavkat Gaybullaev 01.01.1981 г.Туркестан СПРАШИВАЙТЕ ГОТОВЫЕ ПРЕЗЕНТАЦИИ ПО ЛЮБЫМ ПРЕДМЕТАМ!
ПОСТОЯННЫМ КЛИЕНТАМ - СКИДКИ!
ПРЕЗЕНТАЦИИ НА ЗАКАЗ! 10 стр.300т, до 20 стр 500тенге АНТИПЛАГИАТ! казахский, русский, английский, турецкий язык
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
^