Shava.kz » Презентациялар » Медицина » Бағаналық жасушалар, медициналық маңызы 33 бет қазақша презентация, слайд
Информация к новости
  • Просмотров: 2051
  • Автор: Hamid
  • Дата: 27-12-2015, 04:23
27-12-2015, 04:23

Бағаналық жасушалар, медициналық маңызы 33 бет қазақша презентация, слайд

Категория: Презентациялар » Медицина


 Туннельдің қабырғасын бір-біріне қиғаштай түйісе орналасқан пішіні призмалық сыртқы және ішкі бағаналық жасушалардан тұрады. Ішкі бағаналық жасушалармен қатарласа бір қатар ішкі фалангалық, олардың үстінде алмұрт пішінді ішкі сенсорлық қылшықты жасушалар орналасады. Сыртқы бағаналық жасушаларға жанаса үш қатар сыртқы фалангалық тіректік жасушалар, олардың үстінде үш қатар цилиндр пішінді сыртқы қылшықты жасушалар болады.

Базальды мембранада бұлардан басқа сыртқы фалангалық жасушалар да болады. Олар сыртқы бағаналық жасушаның жанында 3-4 қатар құрап орналасады.

Тіндердің құрамында дің (бағаналық) және дифференцияланған жасушалар болады.

Дің немесе камбиальдық жасушалар қоршаған ортаның әсеріне орай әртүрлі бағытта дифференциялану қабілеті бар жасушалар ұрпағын бере алатын сирек бөлінетін жасушалардың популяциясы болып табылады. Дің жасушаларға келесі қасиеттер тән:

1. Өзінің популяциясының санын екі үрдістің көмегімен тұрақтандырады: сирек жүретін митоздар және жетілген жасушаға дифференциялану арқылы (дің жасушасы бөлінгеннен кейін біреуі дің жасушасы болып қалады, ал екіншісі — дифференцияланады). Дің жасушаларының митозбен бөлінуі өте сирек жүретіне көңіл аудару керек, көбінесе олар тыныштық жағдайын сақтайды (G0 немесе ұзартылған G1,-кезеңде (олардың хроматині бұл кезде конденсияланады) және (қажет жағдайда)) жиі бөлінетін жартылай дің жасушалар бере отырып қайтадан митоздық циклге ене алады.

2. Бұл көлемі кіші жасушалардың ядро мен цитоплазмасының арақатынасы жоғары деңгейде болады, цитоплазмасында аздаған жалпы органеллалары бар, жасушаның геномы дерепрессияланған түрде сақталады.

3. Дің жасушаларына зат алмасудың аутосинтетикалық түрі тән: олар өздерінің өмірін сақтау үшін ғана зат өндіреді.

4. Дің жасушалары әдетте зақымдаушы әсерлерге төзімді. Бұл қасиет митоздық тиыштық кезінде хроматиннің тығыз жинақталуымен қамтамасыз етіледі (гетерохроматин көбірек болады). Сонымен қатар көп тіндерде дің жасушалардің орналасқан аймақтары да қосымша қорғаныш болып табылады (мысалы, қанның дің жасушалары сүйектердің қуысында, эпидермистің дің жасушалары эпидермальдық айдаршалардың түбінде, ішек эпителиінің діңгекті жасушасы – криптілерде, асқазанның –  шырышты қабықшаның дәнекер тіндік қабатындағы  асқазан безінде орналасады). Сонымен қатар эпидермистің дің жасушаларында меланин түйіршігі мол болады, ал бұл оны ультракүлгін сәуледен қорғайды.

Инсультпен ауырған адамдарды бағаналы (өзекті) жасушалармен емдеу мүмкіндігін анықтау мақсатында ReNeuron британ биотехнологиялық компаниясы және Шотландия дәрігерлер ұжымы клиникалық сынақ өткізуге рұқсат алды.

Аталған әдіс, адам эмбрионынан алынған миллиондаған жүйке бағаналы жасушаларын науқастардың миына егуге арналған. Мидың инсультпен зақымданған аумағын бағаналы жасушалар қалпына келтіреді, пациенттің психикалық және физикалық қызметін жақсартады деп күтілуде.

Гендік терапия жөніндегі Британ Кеңес беру комитетімен арадағы (GTAC) бірнеше айларға созылған тартыс және қайта қарау нәтижесінде әдісті пайдалануға рұқсат алынды.

Алғашқы болып Глазго Оңтүстік қалалық ауруханасының науқасы  үстіміздегі жылдың екінші тоқсанында бағаналы жасуша иньекциясын алады. Осы уақытқа дейін әлемде осындай клиникалық сынақтар өткізілген жоқ.  ReN001 бағаналы терапиясы  жарты жыл мен екі жыл бұрын инсультпен ауырған он екі адамға жүргізіледі. Тәжірибеге қатынасушыларды бақылау екі жылға созылады.

Егер сынақтың бірінші сатысы табысты өтсе, жаңа емдеу тәсілі мидың бірқатар бөлігі инсультпен зақымданған науқастарға жасалады деп күтілуде.

Бағаналық жасушалар, медициналық маңызы 33 бет қазақша презентация, слайд
Бағаналық жасушалар, медициналық маңызы 33 бет қазақша презентация, слайд
Бағаналық жасушалар, медициналық маңызы 33 бет қазақша презентация, слайд
Бағаналық жасушалар, медициналық маңызы 33 бет қазақша презентация, слайд
Бағаналық жасушалар, медициналық маңызы 33 бет қазақша презентация, слайд

Внимание! У вас нет прав для просмотра скрытого текста.


ДАННУЮ ПРЕЗЕНТАЦИЮ МОЖНО КУПИТЬ ЗА 300 ТЕНГЕ!!!
ПРИ ПОКУПКЕ ДВУХ РАБОТ ЗА РАЗ - ЦЕНА 500 ТЕНГЕ
ОПЛАТА СЮДА +77056910550 KaspiКошелек (01.01.1981г),
+77056910550 QiwiКошелек
+77056910550,Whatsapp,
+77012920560 KCELL,
gshava@mail.ru
VK-Shavkat Gaybullaev 01.01.1981 г.Туркестан СПРАШИВАЙТЕ ГОТОВЫЕ ПРЕЗЕНТАЦИИ ПО ЛЮБЫМ ПРЕДМЕТАМ!
ПОСТОЯННЫМ КЛИЕНТАМ - СКИДКИ!
ПРЕЗЕНТАЦИИ НА ЗАКАЗ! 10 стр.300т, до 20 стр 500тенге АНТИПЛАГИАТ! казахский, русский, английский, турецкий язык
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
^