Shava.kz » Презентациялар » Медицина » Аса жоғары жиілікті ток және оны медицинада қолдану 23 бет қазақша презентация, слайд
Информация к новости
  • Просмотров: 1819
  • Автор: Hamid
  • Дата: 27-12-2015, 04:18
27-12-2015, 04:18

Аса жоғары жиілікті ток және оны медицинада қолдану 23 бет қазақша презентация, слайд

Категория: Презентациялар » Медицина

Кіріспе

Адам өмірінде радио қабылдағыштардың ролі артқан сайын радиотолқындарды тарату үшін қуатты радиостанциялар қолданыла бастады. Сол кезде онда жұмыс атқаратын адамдардың жүйкесі тозып, тез шаршап, тіпті кейде денесінің қызуы көтерілетіні де байқалған. Осы мәселелер электромагниттік толқындардың адам организміне физиологиялық әсерін зерттеу қажеттігін туғызады.

Тәжірибелер нәтижесінде электромагниттік толқындар адам организміне ғана әсер етіп қоймай жануарлар мен жәндіктерге де әсері байқалады. Мысалы, электромагниттік толқындар әсерін кейбір ұсақ жануарлар өле бастаса, жібек құрты тез өскен, тотықұс жұмыртқасы-нан балапандары уақытынан бұрын жарып шыға бастаса, ит күшіктерінің салмақ қосуы арта бастаған.

 

 

Адам ағзасына электр тогымен әсер ету әдістеріне мыналар жатады:

Тұрақты токпен әсер — гальванизация және электрофорез әдістері;

 

Үздікті (импульсты) электр тогымен әсер — электростимуляция әдістері;

 

Жоғары жиілікті электр тогымен әсер — дарсонвализация және электрохирургия әдістері.

Адам ағзасына электр немесе магнит өрістерімен әсер ету әдістері:

Тұрақты электр өрісімен әсер — аэроионотерапия әдістері;

 

Жоғары немесе ультражоғары жиілікті электр немесе магнит өрісімен әсер — индуктотерапия және УЖЖ - терапия әдістері;

 

Аса жоғары жиілікті диапозондағы электромагниттік толқынмен әсер — микротолқындық терапия және дециметрлік толқынды (ДЦТ) терапия.

 

Электромагнитты толқын биологиялық процестерге әсер етеді, сутектік байланыстарды үзіп ДНҚ және  РНҚ макромолекулаларын бейімделуіне әсер етеді.Электромагнитты толқын дененің белгілі бір аймағына түсірілгенде терінің бетінде оның бөлшектері бейнеленеді. Бейнелену деңгейі  биологиялық тінге диэлектрлік ауаның өтуінің айырмашылығына байланысты.Егер электромагнитті толқындар арақашықтықтан іске асса, электромагнитті толқынның энергиясы 75% ға. дейін көрінуі мүмкін.Эдектромагитті толқынның биологиялық тінге тереңірек енуі тіндердің толқын энергиясын жұту қабілетіне байланысты. Сантиметрлік электромагитті толқындар физиотерапияда, бұлшық еттерге, теріге, биологиялық сұйықтықтрға 2-см. тереңдікке дейін енеді.Ал май мен сүйектерге  10 см. дейін. Дециметрлік толқындар үшін бұл көрсеткіш 2 есе жоғары.

 

Теренде жатқан тіндерді қыздыру әдісі

Ток күші аз болғандыктан жылу эффектісін тудырмайды. Осындай ток көзіне қосылған электродты адам денесіне жақындатқанда олардың арасында әлсіз электр разряды пайда болады. Сол разрядтар нерв рецепторларының қабілетін арттырып, адамды сергітеді.

Электрохирургияның негізі ретінде диатермияны қарастырайық. Диатермия — диа — терең, термия -жылу деген екі сөзден тұрады, яғни теренде жатқан тіндерді қыздыру әдісі деп түсіну керек.

Диатермия әдісі орта мектеп физикасынан белгілі Джоуль эффектісіне негізделген.Жоғары жиілікті(1,5-2 Гц) ток өткенде жылулық эффект туады. Белгілі бір көлемді тіннен уақыт бірлігінде бөлініп шығатын жылу мөлшері Джоуль-Ленц заңы бойынша мынаған тең мұндағы р - тіннің меншікті кедергісі; j - токтың тығыздығы.

 

 

Сонда нүктелік электродтың астындағы токтың тығыздығы максимал мәніне жетеді де, ұлпаны 60-80°С-қа дейін қыздырады. Осы температурада ақуыздар ұйыйды да, қанның ағуы тоқтайды. Диатермотомияда (электротомияда) активті электрод жұқа ұстара пішіндес болады.

Сондықтан осы электродтың астында ұлпаның қызу температурасы артады. Жасушадағы және жасуша арасындағы сұйықтар лезде буланады да, тінді қияды. Ұсақ тамырлардағы қан ұйып, кесілген жері жабылады

Индуктотермия әдісі

Индуктотермия әдісінде адам ағзасына жоғары жиілікті магнит өрісімен әсер етеді. Максвелл теориясы бойынша уақыт бірлігінде өзгермелі магнит өрісі құйынды электр өрісін және уақыт бірлігінде өзгермелі электр өрісі құйынды магнит өрісін тудырады.

Осы кағидаға сүйеніп, яғни айнымалы электр тогының әсерінен туындайтын айнымалы магнит өрісімен адам ағзасына әсер ету әдісін индуктотермия дейді.

 

 

Енді индуктотермияның физикалық негізін қарастырайық. Электромагниттік индукция құбылысы өткізгішпен шектелген аудан арқылы өтетін индукция ағыны өзгеретін жағдайдың бәрінде де байқалады.

Сонымен индуктотермия әдісімен әсер еткенде ағзадан бөлініп шығатын жылу мөлшері жиіліктің квадратына, айнымалы магнит өрісінің индукциясының квадратына тура пропорционал,ал меншікті кедергіге кері пропорционал болады екен. Сондықтан қан тамырлары жиі орналасқан бұлшық еттерден, майлар мен сүйектерге қарағанда, жылу кѳп бѳлініп шығады.

 

 Аса жоғары жиілікті ток және оны медицинада қолдану 23 бет қазақша презентация, слайд
Аса жоғары жиілікті ток және оны медицинада қолдану 23 бет қазақша презентация, слайд
Аса жоғары жиілікті ток және оны медицинада қолдану 23 бет қазақша презентация, слайд
Аса жоғары жиілікті ток және оны медицинада қолдану 23 бет қазақша презентация, слайд
Аса жоғары жиілікті ток және оны медицинада қолдану 23 бет қазақша презентация, слайд
Аса жоғары жиілікті ток және оны медицинада қолдану 23 бет қазақша презентация, слайд
Аса жоғары жиілікті ток және оны медицинада қолдану 23 бет қазақша презентация, слайд
Аса жоғары жиілікті ток және оны медицинада қолдану 23 бет қазақша презентация, слайд

Внимание! У вас нет прав для просмотра скрытого текста.


ДАННУЮ ПРЕЗЕНТАЦИЮ МОЖНО КУПИТЬ ЗА 300 ТЕНГЕ!!!
ПРИ ПОКУПКЕ ДВУХ РАБОТ ЗА РАЗ - ЦЕНА 500 ТЕНГЕ
ОПЛАТА СЮДА +77056910550 KaspiКошелек (01.01.1981г),
+77056910550 QiwiКошелек
+77056910550,Whatsapp,
+77012920560 KCELL,
gshava@mail.ru
VK-Shavkat Gaybullaev 01.01.1981 г.Туркестан СПРАШИВАЙТЕ ГОТОВЫЕ ПРЕЗЕНТАЦИИ ПО ЛЮБЫМ ПРЕДМЕТАМ!
ПОСТОЯННЫМ КЛИЕНТАМ - СКИДКИ!
ПРЕЗЕНТАЦИИ НА ЗАКАЗ! 10 стр.300т, до 20 стр 500тенге АНТИПЛАГИАТ! казахский, русский, английский, турецкий язык
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
^