Shava.kz » Презентациялар » Медицина » Органикалық химияның даму жолдары 12
Информация к новости
  • Просмотров: 408
  • Автор: Azim1
  • Дата: 10-01-2017, 10:46
10-01-2017, 10:46

Органикалық химияның даму жолдары 12

Категория: Презентациялар » Медицина

•Жоспар
•І Кіріспе
•ІІ Негізгі бөлім
•1. Органикалық химияның ғылым ретінде пайда болуы, дамуы және маңызы
•2. И.Берцелиус
•3.А.М.Бутлеров
•4.Теорияның негізгі қағидалары
•ІІІ Қорытынды
•Әдебиеттер тізімі
•Кіріспе
•Химия ғылымы ежелгі заманнан пайда болған ғылым. Химия негізінен элементтерді және олардың қосылыстарын зерттейді. Барлық элементтер (көміртегінен басқасы) мен олардың қосылыстарын зертейтін химияны Бейорганикалық химия дейді. Бейорганикалық қосылыстар 300 мыңнан асады. Тек көміртегі қосылыстарының құрылысын, құрамын, оларға байланысты реакциялар мен құбылыстарлды зерттейтін химияны органикалық химия деп атайды. Органикалық қосылыстар 4 миллионнан асады. Бұлардан басқа физикалық химия, коллоидтық химия, электрохимия, химия технология тағы басқа пәндер оқытылады. Химияның табиғатты, тірі дүниені зерттеуде және халық шаруашылығын дамытудағы маңызы зор. Химияның негізгі міндеттеріне халық шаруашылығына қажетті сапалы өнімдер алу, өндіріс қарқынын арттыру, қалдықсыз заттар өндіру тағы басқа жатады. 
•Органикалық химияның ғылым ретінде пайда болуы, дамуы және маңызы
•Органикалық заттар адамға өте ертеден таныс болды. Себебі адамның өмір сүруіне ең қажетті заттар — ішетін тағам, киетін киім, жағатын отын, т.б. органикалық заттар еді. Уақыт өте келе адамдар табиғи органикалық шикізатты өңдеп, өз қажетіне пайдалануды үйрене бастады. Ерте кездің өзінде-ақ адамдар тамақ пісіруді, тері илеуді, жарақаттарын жазатын дәрілер (майлар) дайындауды, малдың сүтін өңдеуді, сусындар дайындауды білді. Бертін келе адамдар өсімдіктерден бояулар алып, тері мен матаны бояуды, қант өндіруді, сабын жасауды, сірке суы мен өсімдік майын алуды үйренді. Осылай адамның пайдаланатын заттары көбейіп, өндіретін өнімдерінің саны өсе берді.
•Органикалық химия терминін алғаш 1808 жылы швед химигі И.Берцелиус (1779 – 1848) ұсынған. Бұл термин ол кезде тек тірі организмдермен ғана байланыстырылып түсіндірілді.
•Й.Я. Берцелиус (1779 жылы тамыздың 20—да Швеция, оңтүстік Эстерйетлан) - мектеп директорының отбасында дүниеге келген. Бірақ әке—шешесінен ерте айырылып, әрі қарай оқуға қаражат табу үшін жекеменшік мектебінде мұғалім болып еңбек етеді. 1801 жылы Стоктольмдағы УпсалУниверситетін хирург мамандығы бойынша бітіріп шығады. Жаратылыс байлығына ел игілігіне жарату үшін химия ғылымының соңына түседі. 1808 жылы Берцелиус жоғары оқу орнында химия оқытушы болып жұмыс істейді. Бір жылдан кейін профессор болады. Й.Я. Берцелиустың ерекше еңбегінің бірі—қазіргі кезде қолданылып жүрген 45 химиялық элементтердің атомдық массаларын анықтады.
•Бутлеров Александр Михайлович (15).9.1828, РесейҚазан 
•губерниясының Чистополь қаласы — 5(17).8.1886, Қазан губерниясы 
Бутлеровка деревясы — орыс ғалымы, химия ғылымының докторы (1854), химиялық құрылыс теориясының негізін салушы. 1849 жылы Қазан университетін бітіріп, 1849 — 68 жылы осы университетте жұмыс істеді. Өзінің алғашқы ғылыми-зерттеу жұмыстарын Қазан университетінде атақты химиктер Н.Н. Зинин мен К.К. Клаустың басшылығымен жүргізді. Санкт-Петербург университетінің проф. (1868), Санкт-Петербург ғылым академиясының академигі (1874), 1880 — 83 жылы Ресей физика-химия қоғамының президенті болды.
•Қазан университетінің профессоры Александр Михайлович Бутлеров 1861 жылы негізін қалаған органикалық қосылыстардың химиялық құрылыс теориясы түсіндірді.
Органикалық химияның даму жолдары 12
Органикалық химияның даму жолдары 12
Органикалық химияның даму жолдары 12
Органикалық химияның даму жолдары 12
Органикалық химияның даму жолдары 12

 


ДАННУЮ ПРЕЗЕНТАЦИЮ МОЖНО КУПИТЬ ЗА 300 ТЕНГЕ!!!
ПРИ ПОКУПКЕ ДВУХ РАБОТ ЗА РАЗ - ЦЕНА 500 ТЕНГЕ
ОПЛАТА СЮДА +77056910550 KaspiКошелек (01.01.1981г),
+77056910550 QiwiКошелек
+77056910550,Whatsapp,
+77012920560 KCELL,
gshava@mail.ru
VK-Shavkat Gaybullaev 01.01.1981 г.Туркестан СПРАШИВАЙТЕ ГОТОВЫЕ ПРЕЗЕНТАЦИИ ПО ЛЮБЫМ ПРЕДМЕТАМ!
ПОСТОЯННЫМ КЛИЕНТАМ - СКИДКИ!
ПРЕЗЕНТАЦИИ НА ЗАКАЗ! 10 стр.300т, до 20 стр 500тенге АНТИПЛАГИАТ! казахский, русский, английский, турецкий язык

Метки к статье: Органикалық химияның даму жолдары

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
^