Shava.kz » Презентациялар » Медицина » Cуды микроорганизмдерден тазарту әдісі 20 бет қазақша презентация, слайд
Информация к новости
  • Просмотров: 575
  • Автор: Hamid
  • Дата: 19-05-2016, 19:11
19-05-2016, 19:11

Cуды микроорганизмдерден тазарту әдісі 20 бет қазақша презентация, слайд

Категория: Медицина, Химия

Ауыз суды, тазартылған сарқынды суларды және тұнбаларды зарарсыздандыру әдістері және технологиялары

Орталықтандырылған сумен жабдықтау кезінде ауыз судың сапасы бұлақтардағы судың сапасына, бас тоғанның орындарын орналастыру және сарқынды сулардың ағу жағдайларына, санитарлық қорғау аймақтарының дұрыс ұйымдастырылуына және сол жерлерде тиісті режимнің орындалуына, суды тазарту және зарарсыздандыру технологиясына, сондай-ақ сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің барлық элементтерінің санитарлық-гигиеналық жай-күйіне байланысты болады.

Санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарды қамтамасыз ету үшін сумен жабдықтау мен су бұрудың барлық жүйелерін, оның ішінде ауыз суды және тазартылған сарқынды суларды зарарсыздандыруға арналған жүйелер мен құрылыстарды орнату және пайдалану кезінде технологиялық режимді қатаң сақтау қажет.

Суды зарарсыздандыру – судағы ауру тудыратын және өзге де микроорганизмдер мен вирустарды жою процесі деп аталады, олардың салдарынан су шаруашылық-ауыз су, мәдени-тұрмыстық және өзге де мақсаттар үшін жарамсыз болады. Сумен жабдықтаудың тазарту құрылыстарында суды дәстүрлі тазарту процесінде оларда 98 % дейін бактериялар қалады. Бірақ қалған бактериялардың арасында, сондай-ақ вирустар арасында патогендік (ауру тудыратын) микробтар болуы мүмкін, оларды жою үшін суды арнайы өңдеу қажет. Ауыз сумен жабдықтау үшін суды пайдалану кезінде жер үсті суларын тазарту кезінде зарарсыздандыру әрдайым қажет, жер асты суларын - бастапқы судың микробиологиялық құрамы талап еткенде ғана қажет. Авариялық жағдайларда суды профилактикалық зарарсыздандыру және өңдеу үшін зарарсыздандыру жүйелері шаруашылық - ауыз суларды дайындайтын барлық станцияларда қажет.

Сарқынды суларды зарарсыздандыру олардың құрамындағы патогендік микробтарды жою және су объектілеріне тазартылған сарқынды суларды ағызған кезде осы микробтардың оларға жұғу қауіпін жою үшін жүргізіледі, себебі жасанды биологиялық тазарту құрылыстарындың (биосүзгілер мен аэротенктердің) өзінде мұндай бактериялар 98 % дейін ғана жойылады. Адамдардың денсаулығы мен табиғатты қорғау үшін зарарсыздандыру ауыз су мен тазартылған сарқынды суларды өңдеудің ең маңызды кезеңі болып табылады. Қауіптілік деңгейлері бойынша халықаралық стандарттарға сәйкес сулар 5 сыныпқа бөлінеді:


1) суда денсаулыққа зиян келтіретін және суға дәмдер мен иістер беретін токсиндік заттар жоқ;

2) судың дәмі, иісі және түсі бар;

3) суда зиянды заттардың шағын мөлшерде болуы;

4) суда улы және өте улы, канцерогенді және радиоактивті заттардың болуы;

5) суда инфекциялық ауруларды қоздырғыштардың болуы.

Суды зарарсыздандырудың химиялық әдістері

Суды хлорлау. Суды зарарсыздандырудың химиялық әдістерінің арасында қазіргі уақытта зарарсыздандырудың ең үнемді әдісі ретінде хлорлау ең таралған әдіс болып табылады. Тәжірибеде Cl2 газ тәрізді хлор, ClO2 хлор диоксиді, сондай-ақ тұтыну орнында электролиз әдісімен алынатын хлорлы агенттер (натрий гипохлориті, кальций гипохлориті және басқа) қолданылады. Хлорлы әк және кальций гипохлориті соңғы уақытта елеусіз және судың аздаған мөлшерін (негізінен тазартылған сарқынды суларды) зарарсыздандыру үшін ғана қолданылып келеді, себебі құрамында осындай хлор бар реагенттерді қолдана отырып, зарарсыздандыру сонымен бірге тазартылатын суды әртүрлі заттармен ластануына алып келеді.
Хлор суда еріген кезде тез ыдырайтын хлор қышқылы пайда болады
Cl2 + H2O
D HOCl + HCl.
Ыдырау барысында хлор қышқылы HOCl D H+ + OCl- иондарына ыдырайды.
OCl-
ыдырау барысында одан әрі бөлінетін атомарлы оттегі ең бактерицидтік әсер етеді.

Cуды микроорганизмдерден тазарту әдісі 20  бет қазақша презентация, слайд
Cуды микроорганизмдерден тазарту әдісі 20  бет қазақша презентация, слайд
Cуды микроорганизмдерден тазарту әдісі 20  бет қазақша презентация, слайд
Cуды микроорганизмдерден тазарту әдісі 20  бет қазақша презентация, слайд
Cуды микроорганизмдерден тазарту әдісі 20  бет қазақша презентация, слайд
Cуды микроорганизмдерден тазарту әдісі 20  бет қазақша презентация, слайд

Скрытый контент


Жмите сюда



ДАННУЮ ПРЕЗЕНТАЦИЮ МОЖНО КУПИТЬ ЗА 300 ТЕНГЕ!!!
ПРИ ПОКУПКЕ ДВУХ РАБОТ ЗА РАЗ - ЦЕНА 500 ТЕНГЕ
ОПЛАТА СЮДА +77056910550 KaspiКошелек (01.01.1981г),
+77056910550 QiwiКошелек
+77056910550,Whatsapp,
+77012920560 KCELL,
gshava@mail.ru
VK-Shavkat Gaybullaev 01.01.1981 г.Туркестан СПРАШИВАЙТЕ ГОТОВЫЕ ПРЕЗЕНТАЦИИ ПО ЛЮБЫМ ПРЕДМЕТАМ!
ПОСТОЯННЫМ КЛИЕНТАМ - СКИДКИ!
ПРЕЗЕНТАЦИИ НА ЗАКАЗ! 10 стр.300т, до 20 стр 500тенге
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
^