Shava.kz » Презентациялар » География » Ұлыбритания 11 бет
Информация к новости
  • Просмотров: 2900
  • Автор: Hamid
  • Дата: 17-03-2015, 05:42
17-03-2015, 05:42

Ұлыбритания 11 бет

Категория: Презентациялар » География

Ұлыбритания, Британия, Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Біріккен Корольдігі— Еуропаның солтүстік-батысында, Британ аралдарында (ең ірісі — Ұлыбритания), Ирландия аралының солтүстік-шығыс бөлігі мен ұсақ аралдарда орналасқан мемлекет. Құрлықтан Ла-Манш және Па-де-Кале (Дувр) бұғаздары арқылы бөлінген. Аум. 244, 11 мың км². Халқы 60,3 млн. (2004), астанасы — Лондон (7 млн.). Халқының 80%-ына жуығы ағылшындар, 15%-ы шотландтықтар, уэльстіктер мен ирландықтар, 5%-ға жуығын Британ Достастығы елдерінен келген иммигранттар құрайды. Ағылшындар англикан мемл. шіркеуі нанымдарын ұстанса, шотландтықтардың басым бөлігі — пресвитериандар, ирландықтар, негізінен католиктер, қалғандары ислам, т.б. діндерді ұстанады. Ұлыбританияда халықтың 89,4%-ы қалаларда тұрады.

Ұлыбритания қалалары:
Үлкен Лондон,

Бирмингем,

Лидс,

Глазго,

Шеффилд,

Брадфорд,

Ливерпуль,

Эдинбург,

Манчестер,

Бристоль.

 

Ұлыбритания 4 әкімшiлік-саяси бөліктен (тарихи ұлттық облыстардан):

Англиядан (45 графтық пен ерекше әкімш. бірлік — Үлкен Лондон, әкімш. орт. — Лондон),

Уэльстен (8 графтық, әкімш. орт. — Кардифф),

Шотландиядан (12 облыс пен 186 арал, әкімш. орт. — Эдинбург),

Солтүстік Ирландиядан (26 округ, әкімш. орт. — Белфаст) тұрады. Ал Мэн аралы (әкімш. орт. — Дуглас) мен Норманд аралдары (әкімш. орт. — Сент-Хелиер) дербес әкімш. аймақтарға жатады.

 

Бұған қоса Ұлыбританияның иеліктері:

Еуропада — Гибралтар,

Америкада — Ангилья,

Бермуд аралдары,

Британдық Виргин аралдары,

Кайман аралдары,

Монтесеррат,

Теркс пен Кайкос,

Фолкленд (Мальвин) аралдары,

Африкада — Әулие Елена аралы,

Океанияда — Питкэрн аралы бар.

Табиғаты

Ұлыбританияны Атлант мұхитының Солтүстік және Ирланд теңіздері, Ла-Манш, Па-де-Кале, Солтүстік және Қасиетті Георг бұғаздары қоршап жатыр. Жағалаулары шығанақтармен күшті тілімделген (солт-нде фьордтар, оңт-нде эстуарийлер). Неғұрлым үлкен түбектері — Уэльс пен Корнуолл. Жер бедері оңтүстік пен оңтүстік-шығыс бөлігінде ойпатты жазық болып, батысында Уэльс түбегіндегі Кембрий тауларына (ең биік жері — Сноудон, 1085 м), Англияның солт-нде Пеннин (ең биік жері — Кроссфелл, 893 м) және Камберленд (ең биік жері — Скофелл, 978 м) тауларымен жалғасады. Елдің ең биік нүктесі — Бен-Невис тауы (1343 м). Ұлыбританияның солтүстік бөлігіндегі таулар мен көрікті көлдер өлкесі мұздықтар әсерінен тілімделіп, әр түрлі формаларға ие болған. Геология тұрғыдан алғанда жері түгел дерлік (тек ең қиыр оңт. бөлігі герцин қатпарлығы) каледон қатпарлығы алабында жатыр. Жер қойнауында тас көмір, темір, қалайы, т.б. түсті металдар сияқты қазба байлықтары мол. Елдің шығысында, Солтүстік т-дің жағалауларынан мұнай мен газдың ірі кен орындары табылған.

Ұлыбритания 11 бет
Ұлыбритания 11 бет
Ұлыбритания 11 бет
Ұлыбритания 11 бет

Внимание! У вас нет прав для просмотра скрытого текста.


ДАННУЮ ПРЕЗЕНТАЦИЮ МОЖНО КУПИТЬ ЗА 300 ТЕНГЕ!!!
ПРИ ПОКУПКЕ ДВУХ РАБОТ ЗА РАЗ - ЦЕНА 500 ТЕНГЕ
ОПЛАТА СЮДА +77056910550 KaspiКошелек (01.01.1981г),
+77056910550 QiwiКошелек
+77056910550,Whatsapp,
+77012920560 KCELL,
gshava@mail.ru
VK-Shavkat Gaybullaev 01.01.1981 г.Туркестан СПРАШИВАЙТЕ ГОТОВЫЕ ПРЕЗЕНТАЦИИ ПО ЛЮБЫМ ПРЕДМЕТАМ!
ПОСТОЯННЫМ КЛИЕНТАМ - СКИДКИ!
ПРЕЗЕНТАЦИИ НА ЗАКАЗ! 10 стр.300т, до 20 стр 500тенге

Метки к статье: Ұлыбритания, Британия, Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Біріккен Корольдігі Еуропаның солтүстік-батысында, Британ аралдарында (ең ірісі Ұлыбритания), Ирландия аралының солтүстік-шығыс

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
^