Shava.kz » Презентациялар » Экономика » Салық функциялары және салық салу
Информация к новости
  • Просмотров: 1958
  • Автор: Neyla1
  • Дата: 29-06-2014, 14:11
29-06-2014, 14:11

Салық функциялары және салық салу

Категория: Презентациялар » Экономика

Салық функциялары және салық салу

    Салықтар – бұл мемлекетпен біржақты тәртіппен заң жүзінде бекітілген белгілі бір мөлшерде алынатын қайтарымсыз және өтеусіз сипатта бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлемдер.

    Салықтардың мәнін тереңірек түсіну үшін  олардың экономикалық маңызын түсіну қажет. Ал салықтардың  экономикалық маңызы олардың атқаратын функцияларына тікелей қатысты. Ескере кететін жай, қаржы санаты тұрғысынан алғанда салықтар түгелімен қосалқы санат болып табылады, сондықтан қаржымен салыстырғанда салықтар функцияларын қаржының қайта бөлу функциясының бөлігі ретінде қарастыруға болады.

 

Қазіргі кездегі салықтардың төмендегідей функцияларын қарастырады:

    Салықтардың бірінші функциясы – фискалдық функция. Бұл барлық мемлекеттерге тән тарихи және негізгі функция. Осы қызмет арқылы бюджет қоры қалыптасады, мұның өзі салықтардың қоғамдық міндеттерін арттыра түседі. Өйткені салықтар  мемлекеттік бюджеттің кірістерін толықтыра отырып, экономиканы, әлеуметтік-мәдени шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Тауар-ақщалай қатынастардың, өндірістің дамуына қарай бұл функция мемлекетке ақшалай табыстардың әрдайым көбейіп отырған түсімдерін айқындайды.

  

 Салықтардың екінші маңызды функциясы – қайта бөлу. Бұл функция арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлігі мемлекеттің қарамағына өтеді. Бұл функцияның іс-әрекеттерінің ауқымы жалпы ішкі өнімдегі салықтардың алатын үлесі арқылы анықталады. Ол ұлттық табысты мемлекеттік ету деңгейін көрсетеді: бұл үлес 1998 жылғы – 16,6%-дан 2008 дылы 22,0%-ға дейін болды (ал Ұлттық қорды есепке алғанда – 26,4%).

    Бюджетке түскен салық түсімдерін қаржыландыруды қажет ететін бағдарламалар жобасына сәйкес және әр салаларға мақсатқа сай бөлінуін қарастырады. Салық түсімдерінің мақсатқа сай және өз уақытысында жұмсалуына қадағалау жасайды.

 

    Салықтың қайта бөлу қызметі мемлекетке салықты қоғамдағы экономикалық және әлеуметтік процестерге әсер ету құралы ретінде қолдануға мүмкіндік береді.

   Салықтардың қайта бөлу қызметінің көмегімен бюджетте ақша қаражаттары жиналады, осыдан кейін жалпы мемлекеттік мәселелерді шешуге бағытталады, әлеуметтік топтардың табыстары арасындағы қатынастарды өзгерту жолымен әлеуметтік тепе-теңдікті ұстап тұрады.

    Салық қызметінің міндеті – бюджеттің табыс бөлігінің орындалуына жауап беретін бірден бір мемлекеттік орган.

 

Салық – бірінші кезекте, бюджет саясатын жүзеге асыра отырып, мемлекеттік бюджетті толықтыруды көздейді. Осы бюджетке түскен салық түсімдеріне бақылау жасайды. Ал енді осы қызметтердің қорытындысы ретінде бюджетке түскен салық және салықтық емес түсімдерге қайта бөлу жасалады.

Бұл шараның мақсаты – мемлекет әділетті түрде өз шығындарын да жаба отырып, елдің әлеуметтік топтарына да қолдау көрсетіп, басқа да шығыстарды жаба білу

    Мемлекет салық жинау арқылы экономиканың әр түрлі саласына әсерін тигізеді, әлеуметтік саясатты жүзеге асырады, халық, аудан топтары арасындағы кірісті қайта бөледі, тұрмысы төмендерге демеушілік көрсетеді және тағы басқа қызметтерді жүзеге асырады.  Соңғы жылдардағы мәліметтер бойынша Қазақстан Республикасының жалпы ішкі өніміндегі салықтардың үлес салмағы 40 пайыздан көбірек. Бұл экономикасы дамыған басқа елдерден әлдеқайда жоғары.

    Салықтардың үшінші функциясы – реттеушілік. Ол мемлекеттің экономикалық қызметінің ұлғаюымен байланысты пайда болады. Ол мақсатты бағытталған түрде қабылданатын бағдарламаларға сәйкес ұлттық шаруашылықтың дамуына әсер етеді. Бұл ретте салықтардың нысандарын таңдау, олардың мөлшерлемелерінің, алу әдістерінің өзгеруі, жеңілдіктер мен шегерімдер қолданылады. Бұл реттеуіштер қоғамдық ұдайы өндірістің құрылымы мен үйлесіміне, қорлану мен тұтыну көлеміне ықпал етеді.

Реттеушілік функциясы салық механизмі арқылы іске асырылады. Осы функциясымен реттеуші тұтқалар арқылы ел экономикасына ықпал жасалады. Реттеуші тұтқаларға мыналар жатады:

-  салық түрлері;

-  салық преференциялары;

-  салық санкциясы;

-  салық мөлшерлемесі;

-  салық салу әдістері.

 

 Салық салудың әділдігі принципі:

1. Қазақстан Республикасында салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады.

2. Жеке-дара сипаттағы салық жеңілдіктерін беруге тыйым салынады.

    Қазақстанның салық жүйесі оның бүкіл аумағында барлық салық төлеушілерге қатысты бірыңғай  болып табылады.

    Салық салу мәселелерін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер­ресми басылымдарда міндетті түрде жариялануға жатады.

 

    Салық жүйесінің біртұтастығы принципі. Қазақстан Республикасының салық жүйесі еліміздің бүкіл аумағында барлық салық төлеушілерге қатысты бірыңғай жүйе болып табылады.

Салық функциялары және салық салу
Салық функциялары және салық салу
Салық функциялары және салық салу
Салық функциялары және салық салу
Салық функциялары және салық салу
Салық функциялары және салық салу

[hide][/hide]

 


ДАННУЮ ПРЕЗЕНТАЦИЮ МОЖНО КУПИТЬ ЗА 300 ТЕНГЕ!!!
ПРИ ПОКУПКЕ ДВУХ РАБОТ ЗА РАЗ - ЦЕНА 500 ТЕНГЕ
ОПЛАТА СЮДА +77056910550 KaspiКошелек (01.01.1981г),
+77056910550 QiwiКошелек
+77056910550,Whatsapp,
+77012920560 KCELL,
gshava@mail.ru
VK-Shavkat Gaybullaev 01.01.1981 г.Туркестан СПРАШИВАЙТЕ ГОТОВЫЕ ПРЕЗЕНТАЦИИ ПО ЛЮБЫМ ПРЕДМЕТАМ!
ПОСТОЯННЫМ КЛИЕНТАМ - СКИДКИ!
ПРЕЗЕНТАЦИИ НА ЗАКАЗ! 10 стр.300т, до 20 стр 500тенге АНТИПЛАГИАТ! казахский, русский, английский, турецкий язык

Метки к статье: Қазіргі кездегі салықтардың төмендегідей функцияларын қарастырады

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
^