Shava.kz » Презентациялар » Биология » Түркістан өңірінде кездесетін балды өсімдіктер 26
Информация к новости
  • Просмотров: 2508
  • Автор: Hamid
  • Дата: 16-03-2015, 11:25
16-03-2015, 11:25

Түркістан өңірінде кездесетін балды өсімдіктер 26

Категория: Презентациялар » Биология

ЖОСПАРЫ:

Кіріспе

Қазақстанның флорасында кездесетін пайдалы өсімдіктер.

Балды өсімдіктердің әралуандылығы Қазақстан бойынша

Негізгі бөлім

3. Бау-бақшалардағы балды өсімдіктер

4. Орман алқабында кездесетін балды өсімдіктер

Қорытынды


Балды өсімдіктердің көптүрлілігі және сипаттамасы.

Eгic даласының балды өсімдіктері:

          Ауыл     шаруашылық     дақылдарының     ішінде      егістік далаларында мынадай негізгі балды өсімдіктер егіледі:

         1) Жармалық мәдени дақылдан - қарамық (Fagopyram -гречиха).

         2) Малазыктық өсімдіктерден - эспарцет (Onobrychis)

         3) Майлы өсімдіктерден - күнбағыс (Helianthus- подсол­нечник).

         4) Иіретін өсімдіктерден - мақта (Cossypіum - хлопчатник).

         5) Эфир майлы және дәрілік өсімдіктерден - анис, шалфей (Salvia), кориандр.

Түркістан өңірінде кездесетін балды өсімдіктердің түрлік құрамы

Алмұрт (Pyrus) — алмалар тұқымдасына жататын жемісті өсімдіктердін бір туысы. Мұның 18 түрі бар. Алмұрт көбінесе үлкен ағаш, кейде ұзын бұта болып өседі. Алмұрттың 5 000-нан астам сорты бар, олардың бұрынғы КСРО-да 130 сорты өседі. Бұлардың ішіндегі 15 сортын өсіріп шығарған И. Мичурин, олардың негізгілері: қыстық бере (груша бере зимняя) — И. Мичуриннің жабайы уссурий алмұртын бірінші рет гүлденген жылы Бере Рояль алмұртының тозаңымен будандастырғаннан кейінгі алған жаңа сорты. Қысқа өте төзімді. 20 жылдан астам өмірінің ішінде бұған аяздың тигізген әсері байқалған емес. Мұның ағашы насекомдарға да, паразит саңырауқұлақтарға да бой бермейтін төзімді келеді. 

   Жөке, жөке ағашы - (Tіlіa) – жөке тұқымдасына жататын жапырақ тастайтын ағаш. Негізінен қоңыржай және субтропик белдеулерде өсетін 50-дей түрі белгілі. Жөке тұқымдасының Қазақстанның барлық жерінде өсетін бір ғана туысы, оның 1 түрі: өзекті Жөке (T. cordata) бар. Биіктігі 28 м-дей. Бұтақ шоғыры цилиндр пішіндес, қабығы қара қоңыр, жапырағы дөңгелек, жиектері ара тісті иректі. Ақ сарғыш түсті ұсақ гүлі (5 – 7) хош иісті, қос жынысты. Олар бірігіп шашақ гүлшоғырына топталған. Тұқымы, бұтақшасы, тамыры арқылы көбейеді. Маусым – шілде айында гүлдеп, тамыз – қыркүйекте жемістенеді. Жемісі – жаңғақша. Ол желмен, кейде кеміргіштер және құстар арқылы да таралады.

Қарағаш (Ulmus – вияз, берест, ильма)

Қарағаш (Ulmus) – қарағаштар тұқымдасына жататын көп жылдық жапырақ тастайтын ағаш. Солтүстік жарты шардың қоңыржай белдемдерінде кездесетін 30-дай (кейбір мәліметтерде 45) түрі белгілі. Қазақстанның далалы жерлерінде, сай-жыраларда, өзен аңғарларында, тау етегіндегі құрғақ қойнауларда өседі. 6 түрінің төртеуі қолдан өсіріледі. Көп тарағаны – жылтыр Қарағаш (U. laevіs). Биіктігі 35 м-дей. Бұтақ шоғыры қалың, жарты шар пішінді, диаметрі 60 – 80 см. Жай жапырақ жүйкелерінің ұшы жапырақ жиектеріне тіреле аяқталады. Бөбешік жапырақтары ерте қурап түсіп қалады. Жапырақтары негізінен жемістері піскеннен кейін жайылады. Топталған гүлдері қос жынысты, жапырағы шықпай тұрып гүлдейді.

Терек (Populus – тополь)

Терек (Populus) – тал тұқымдасына жататын жапырақ тастайтын ағаштар. Қазақстанның барлық аймағында кездеседі. Өзен жайылмасында, далалық жерлерде, тау етегінде, бұта арасында өсетін 15 түрі (ақ Т., қара Т. мырза Т., т.б.) бар. Бұлардың биікт. 30 – 60 м. Діңінің диам. 150 см-дей. Бұтақ шоғыры пирамида пішіндес. Жапырағы жалпақ, сағақты келген, ромбыға не қандауырға ұқсайды. Гүлі қос үйлі, гүл сырғасы (ұз.3 – 15 см), салбырап ілініп тұрады, онда аталығы не аналығы ғана болады, жел арқылы тозаңданады. Негізінен, жапырағы шыққанша гүлдейді. Тұқымынан және атпа тамырынан, шыбығынан көбейтіледі. Гүлінде шырынды дискісі (тор) болады. 150 жылдай тіршілік етеді.

Көктерек (лат. Pópulus trémula) — жапырағын тастайтын тал тұқымдасына жататын ағаштар туысы. Діңі колонна тәрізді, биіктігі 35 метрге, диаметрі 1 метрге жетеді. Сыртқы қабығы жылтыр. Оның түсі жасыл-сұртүсті. Жапырақтары дөңгелек келген, сәл иректі, сағаты ұзын, жас жапырақтарының астында шырын бездері бар. Дәнінен және тамырымен көбейеді. Қошқыл түсті қылқан жапырақты ормандарда, кесілген, күйген орман орнында, шоқ қарағайлы жерлерде, орман шеттерінде, өзен жағалаулары мен батпақты-сазды жерлерде өседі. Әдетте, 80-90 жыл (кейде 150 жыл) өмір сүреді. Жұмсақ келген ақ ағашын қағаз, сіріңке, токарлық бұйымдар, сондай-ақ бөшке жасауға пайдаланады. Жоңқасы орауыш материал саналады.

Жиде (Elaeagnus – лох)

Жиде (Elaeagnus) — жиде тұқымдасына жататын жапырақ тастайтын (кейбіреулері мәңгі жасыл) ағаш. Бұта түрлері де бар. Қазақстанда 2 түрі бар: түрікмен Жидесі (E.turcomanіca), үшкіржемісті Жиде (E.oxycarpa). Солтүстік облыстардан басқа барлық жерлерде өседі. Бұталары тікенді, күміс түсті ұзынша кезек орналасқан жапырақтары болады. Гүлі қос жынысты. Жазғытұрым гүлдейді. Жиде — шірнелі өсімдік. Тұқымынан, тамыр өскінінен не тамыртүбінен көбейеді. Жемісі — жалған сүйек, сырты ұнтақты жұмсақ қабықпен жабылған, түсі қызғылттау, бірақ қоңыр қабыршақпен жабылғаннан кейін күлгін көрінеді. Оны жеуге болады.

Үйеңкі (лат. Ácer) - әдемі жапырақты бұталы немесе ағаш тектес өсімдік. Ерте көктемде гүлдейді. Канада, Америка, Еуропа, солтүстік Африка,Азия аймақтарында таралған. Қазақстанда негізінен “Татар үйеңкісі” деп аталатын түрі көбірек өседі. Үйеңкінің жалпы 150-ге жуық түрі бар. Биіктігі 20-55 метр аралығында болады. Жапырақтарының пішіні әр түрлі: шеті тілімденген саусақ салалы, жиегі иректелген және шілтерлі болып келеді. Түстері түрлеріне қарай жасыл, сары және қызыл болады. Үйеңкіні әдемі жапырақтары үшін көгалдандыруда кеңінен қолданады. Жазда жасыл қанатты жемістерін береді. Күзде қанаттары қоңырқай тартқанда, жемісі пісіп жетіледі.

 Түркістан өңірінде кездесетін балды өсімдіктер 26
Түркістан өңірінде кездесетін балды өсімдіктер 26
Түркістан өңірінде кездесетін балды өсімдіктер 26
Түркістан өңірінде кездесетін балды өсімдіктер 26
Түркістан өңірінде кездесетін балды өсімдіктер 26
Түркістан өңірінде кездесетін балды өсімдіктер 26
Түркістан өңірінде кездесетін балды өсімдіктер 26

Внимание! У вас нет прав для просмотра скрытого текста.


ДАННУЮ ПРЕЗЕНТАЦИЮ МОЖНО КУПИТЬ ЗА 300 ТЕНГЕ!!!
ПРИ ПОКУПКЕ ДВУХ РАБОТ ЗА РАЗ - ЦЕНА 500 ТЕНГЕ
ОПЛАТА СЮДА +77056910550 KaspiКошелек (01.01.1981г),
+77056910550 QiwiКошелек
+77056910550,Whatsapp,
+77012920560 KCELL,
gshava@mail.ru
VK-Shavkat Gaybullaev 01.01.1981 г.Туркестан СПРАШИВАЙТЕ ГОТОВЫЕ ПРЕЗЕНТАЦИИ ПО ЛЮБЫМ ПРЕДМЕТАМ!
ПОСТОЯННЫМ КЛИЕНТАМ - СКИДКИ!
ПРЕЗЕНТАЦИИ НА ЗАКАЗ! 10 стр.300т, до 20 стр 500тенге АНТИПЛАГИАТ! казахский, русский, английский, турецкий язык

Метки к статье: Қазақстанның флорасында кездесетін пайдалы өсімдіктер. Балды өсімдіктердің әралуандылығы Қазақстан бойынша Негізгі бөлім 3. Бау-бақшалардағы балды өсімдіктер 4. Орман алқабы

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
^