Shava.kz » Презентациялар » Қазақ тілі және әдебиеті » Қастеев Әбілхан Телжанов Қанапия 16
Информация к новости
  • Просмотров: 576
  • Автор: Azim1
  • Дата: 9-01-2017, 11:08
9-01-2017, 11:08

Қастеев Әбілхан Телжанов Қанапия 16

Категория: Презентациялар » Қазақ тілі және әдебиеті

 

Қабылдаған:.

Орындаған:

Тобы:

 

•Әбілхан Қастеев (1904 —1973 жж.) — қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі. Туып-өскен жері — Алматы облысына қарасты 
•Жаркент  төңірегі. Топырақ бұйырған жері — Алматы қаласы. Қазақстанның халық суретшісі (1944). Қазақстан Суретшілер одағы басқармасының төрағасы (1945-1956).

 

•Еңбек жолын Түрксіб темір жол құрылысында жұмысшы болып бастады. Ол – қазақ бейнелеу өнерінің негізін қалаған ұлттық сурет өнерінің алғашқы шеберлерінің бірегей тұлғасы. Кескіндемеші-график ретінде де белгілі. Қазақстанның халық суретшісі, еңбек сіңірген өнер қайраткері Ә.Қастеев сурет өнері бойынша алғашқы білімді Алматыда Н.Хлудовтан алады. Кейін Мәскеуде И.И.Бродскийдің көркемсурет студиясында тәлім алған талантты қылқалам шебері өзінің тума қабілетін өзіндік ізденіспен жетілдіріп, өнердегі айтулы тұлғалардың біріне айналды. 1954-1956 жылдары Қазақстан Суретшілер Одағын басқарады. Екі рет Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Депутаты болып сайланды. КСРО-ның жоғарғы Мемлекеттік Орден, медальдарымен марапатталды

Танымал туындылары

Шоқан УәлихановЖамбылдың портреттері; ерекше танымал болып табылатын портреті – «АмангелдіИманов» портреті сияқты танымал суреттері бар.

 

 

•Оның алғашқы «Тігін  үстінде», «Мектепке», «Көгілдір көйлекті қыз» еңбектерінен бастап, «Түрксиб», «Амангелді сарбаздары», «Колхоз тойы», «Қалыңдық» т.б. туындылары халықтың сүйіспеншілігіне бөленді. Ол «Киіз үйдің ішкі көрінісі», «Қыз Жібек», «Қыз ұзату», «Қос құрбы», «Келін түсіру» тәрізді ұлттық салт-дәстүрге арналған көптеген шығармалар салды. «Афтопортрет», «Қарындасымның портреті» деп портрет салуға ұмтылған атақты суретші кейіннен «А.Құнанбаев», «Ж.Жабаев», «Ш.Уәлиханов», «А.Иманов», «Ғ.Мұратбаев», «К.Әзірбаев» портреттерін бейнелеу арқылы әйгілі  адамдарымыздың өшпес тұлғасын кескіндеді. Бір ғана Абай тұлғасын бейнелеуге «Абай киіз алдында», «Жас Абай», «Абай жаз жайлауда» еңбектерімен қатар классик ақын шығармаларын оқып, әсерлену негізінде салған суреттері де жетерлік. Ол Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты. Шымкенттегі өнер училищесі мен ҚР Мемлекеттік өнер мұражайы атақты суретшінің атында.

ӨМІРБАЯНЫ

•Телжанов Қанапия Темірболатұлы (1927 жылы туылған, Шығыс Қазақстан облысы Уалихановауданы) –кескіндемеші, қазақ монументті кескіндеме өнерінің негізін салушылардың бірі, педагог, қоғам қайраткері, Қазақ КСР-інің (1963) және КСРО-ның (1978) халық суретшісі, КСРО Көркемсурет академиясының корреспондент мүшесі (1967), Халықаралық жоғары мектебі ҒА-ның құрметті (1995) және ҚР ҰҒА-ның (2003) академигі. Әкесі Т.Телжанов белгілі қоғам қайраткері. Суретшілік өнерге деген қабілет-икемі бойынан ерте байқалған Телжанов 1937 жылы КСРО Көркемсурет академиясы жанындағы дарынды жасөспірімдер көркемсурет мектебіне қабылданды.

ЕҢБЕК ЖОЛЫ

•1941 – 1944 жылы эвакуациямен Ресейдегі Киров облысының 
Халтурин ауданындағы Русаново селосында тұрды. 1947 жылы Алматыкөркемсурет училещесін (педагогы Л.П. Леонтьев), ал 1953 жылы Ленинградтың (қазіргі Санкт-Петербургтің) кескіндемемүсін және сәулет өнері институтының кескіндеме факультетін (академик М.И. Авиловтың шеберханасы бойынша) бітірген. 1953 – 1958 жылы Алматы театр-көркемсурет училещесінде ұстаз, 1964 – 1968 жылы Қазақстан Суретшілер одағы Басқармасының төрағасы, КСРО Суретшілер одағы Басқармасының хатшысы әрі мүшесі (1964 – 1986) болды. 1973 – 1986 жылы Қазақтың көркемсурет галереясының (қазіргі ҚР Мемлекеттік өнер музейі) директоры. 1978 жылдан Алматы мемлекеттік театр-көркемсурет институтында пед. қызметпен айналысты: бейнелеу өнері (1978 – 1993), одан кейін академ. кескіндеме (1993 – 2000, Қазақтың мемлекеттік көркемсурет академиясында, 2000 жылдан – Қазақ ұлттық өнер академиясында) кафедраларының меңгерушісі; 1981 жылдан профессор.

Қастеев Әбілхан  Телжанов Қанапия 16
Қастеев Әбілхан  Телжанов Қанапия 16
Қастеев Әбілхан  Телжанов Қанапия 16
Қастеев Әбілхан  Телжанов Қанапия 16
Қастеев Әбілхан  Телжанов Қанапия 16
Қастеев Әбілхан  Телжанов Қанапия 16

 


ДАННУЮ ПРЕЗЕНТАЦИЮ МОЖНО КУПИТЬ ЗА 300 ТЕНГЕ!!!
ПРИ ПОКУПКЕ ДВУХ РАБОТ ЗА РАЗ - ЦЕНА 500 ТЕНГЕ
ОПЛАТА СЮДА +77056910550 KaspiКошелек (01.01.1981г),
+77056910550 QiwiКошелек
+77056910550,Whatsapp,
+77012920560 KCELL,
gshava@mail.ru
VK-Shavkat Gaybullaev 01.01.1981 г.Туркестан СПРАШИВАЙТЕ ГОТОВЫЕ ПРЕЗЕНТАЦИИ ПО ЛЮБЫМ ПРЕДМЕТАМ!
ПОСТОЯННЫМ КЛИЕНТАМ - СКИДКИ!
ПРЕЗЕНТАЦИИ НА ЗАКАЗ! 10 стр.300т, до 20 стр 500тенге АНТИПЛАГИАТ! казахский, русский, английский, турецкий язык

Метки к статье: Қастеев Әбілхан Телжанов Қанапия

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
^