Информация к новости
  • Просмотров: 41
  • Автор: Giyos
  • Дата: 18-09-2017, 12:06
18-09-2017, 12:06

Шымкент 30

Категория: Курстық жұмыстар 400тг » Тарих

1914 жылы Қазақ елінің Ресейдің құрамына енуінің 50 жылдық мерейтойы құрметіне орай, Шымкент қаласының атауы Черняев болып өзгертілген. Бірақ та, көп ұзамай 1921 жылы қалаға өз атауы қайта берілді.

2011 жылдың тамыз айында Шымкент қаласы үздіктердің қатарынан көрінді. Халықаралық ірі қалалар мен астаналар ассамблеясы Шымкент қаласының басшылығына III халықаралық байқауының арнайы дипломымен марапаттап,«ТМД және ЕврАзЭС қалаларының ішіндегі ең үздік қала» атағына лайық деп таныды.

Қаланың көрікті мекендерінің бірі - орталық саябақтар. Үш саябақ 19-ғасырда салынған. Бір саябақ Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармония аясында орналасқан. Сондай-ақ, Абай атындағы демалыс және мәдениет саябағы, «Кең-баба» этнография саябағы, Дендро саябақ, зообақ, ипподром, «MegaCenter» ойын-сауық және сауда кешені, «Nimex Land», «Бамзик» ойын-сауық орталықтары қала тұрғындары мен қонақтарының жайлы демалысы үшін үздіксіз қызмет көрсетеді.

Өнерсүйер қауым үшін Орыс Драма театрының есігі ашық. Театр сахналарында қазақ және шетел классиктерінің шығармаларының желісімен қойылған спектакльдер көрсетіледі.

 

Шымкент – инфрақұрылымы жақсы дамыған, Қазақстанның жетекші өнеркәсіп және экономикалық орталықтарының бірі. Қалада түсті металлургия, машина жасау, химия, мұнай өңдеу және тамақ өнеркәсібін дамытып отырған 69 өнеркәсіптік кәсіпорын бар.

Мұнай, химия және фармацевтика өнеркәсібінде "Петро Казахстан Ойл Продактс" АҚ (мұнай өңдеу), "Интеркомшина" (шина өндеу), "Химфарм" (дәрі-дәрмек ендіру) сияқты ірі кәсіпорындар жұмыс істеуде. Ал, металлургияда "Южполиметалл" АҚ (қорғасын және т.б. өнімдер), машина жасауда "Карданвал" (автомобильдер мен тракторларға қажетті қосалқы бөлшектер өндіру), "Южмаш" (ұсталық пресс машиналарын, қосалқы белшектер және қүрал-жабдықтар өндіру), "Электроаппарат" (қуатты электр қосқыштары және т.б. өнімдерді өндіру) кәсіпорындары бар.

Жеңіл өнеркәсіпте алдыңғы қатардағы кәсіпорындарға – "Восход" фабрикасы (жүннен костюм, пальто, күртке тоқу), "Адал" (тоқыма өнеркәсібі), "Эластик" (шүлық тоқу) жатады. Құрылыс материалдарын өндіруде "Шымкентцемент" АҚ (цемент өндіру) және "Құрылыс материалдары" (құрылысқа қажетті кірпіштерді өндіру) және басқа да кәсіпорындар бар.

Тамақ өнеркәсібін өндіретін ірі кәсіпорындардың ішінен "Шымкентмай" және "Қайнар" (мақта шитінен, күнбағыстан зығыр, соядан тазартылған май шығаратын және т.б. өнімдер), "Шымкентпиво" (сыра ендіру), "Визит" (салқындатылған сусындар) акционерлік қоғамдарын атауға болады. Сонымен қатар, қала шаруашылығында өздерінің дамыған бизнесімен және сапалы өнімдерімен көзге түскен түрлі саладағы фирмалар жұмыс істеп келеді. Коммуналдық қызметжүйесі: қалалықжәне қала-аралық көліктер даму үстінде.

Шымкент  30
Шымкент  30
Шымкент  30
Шымкент  30
Шымкент  30

 

 


ДАННУЮ ПРЕЗЕНТАЦИЮ МОЖНО КУПИТЬ ЗА 300 ТЕНГЕ!!!
ПРИ ПОКУПКЕ ДВУХ РАБОТ ЗА РАЗ - ЦЕНА 500 ТЕНГЕ
ОПЛАТА СЮДА +77056910550 KaspiКошелек (01.01.1981г),
+77056910550 QiwiКошелек
+77056910550,Whatsapp,
+77012920560 KCELL,
gshava@mail.ru
VK-Shavkat Gaybullaev 01.01.1981 г.Туркестан СПРАШИВАЙТЕ ГОТОВЫЕ ПРЕЗЕНТАЦИИ ПО ЛЮБЫМ ПРЕДМЕТАМ!
ПОСТОЯННЫМ КЛИЕНТАМ - СКИДКИ!
ПРЕЗЕНТАЦИИ НА ЗАКАЗ! 10 стр.300т, до 20 стр 500тенге

Метки к статье: Шымкент

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
^