Shava.kz » Дипломдық жұмыс 700тг » Құқық » қазақстан республикасында жерге меншік қатынастарының құқықтық реттелуі68
Информация к новости
  • Просмотров: 1107
  • Автор: admin
  • Дата: 28-03-2014, 18:53
28-03-2014, 18:53

қазақстан республикасында жерге меншік қатынастарының құқықтық реттелуі68

Категория: Дипломдық жұмыс 700тг » Құқық

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі

Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға біртіндеп өту кезеңінде, жерге жеке меншік құқығын өз мәнінде зерттеу, оның ғылыми жетістіктерін, қазіргі қабылданып жатқан заңдарда  қолдану - құқық жүйесіндегі ең маңызды мәселелердің бірі. Мемлекет жер қатынастарын  заңды реттеуде, жер ресурстарын тиімді пайдалану мен қорғауда арнайы зерттелген ғылыми жетістіктерге сүйенетін болады және оны алдыңғы қатардағы ең маңызды мәселе деп есептейді.

Осы саладағы арнайы ғылыми зерттеулер, жерге жеке меншік құқығын реттейтін нормативті-құқықтық актілердің өрісін жетілдіріп, еліміздегі нарықтық қатынастардың дамуына өз ықпалын тигізуі сөзсіз.

Қазіргі кездегі ауыл шаруашылығында жүргізіліп жатқан реформалар, шаруашылық жүргізудің еркіндігі мен көптеген меншік түрлерінің дамуын, жердің меншік иелері мен жерді өз мәнінде пайдаланушылардың құқықтары мен бостандықтарын арнайы заңдармен қамтамасыз етуді талап етеді. Осы тұрғыдан қарасақ, жерге жеке меншік құқығын ғылыми түрде зерттеудің маңызының зорлығын байқаймыз.

 Жер-барлық тірі жан иелерінің мекені екендігі, өмір азығының негізі екендігі белгілі болғандықтан эволюциялық дамудың барысында, “ішім-жем”өнімдерін өндіру ісіне шексіз дерлік үстем болуға, барлық жан иелерінің ішінен адамның ғана қолы жетті /1,21/.

Жер сияқты, сол аумақта тұратын халықтардың өмірі мен іс әрекеттерінің, негізі болатын басқа табиғи ресурстардың жойылуы және қалпына келтірілуі мүмкін, ал жер қойнауларының энергетикалық қорлары қайта қалпына келмейді, бірақ, олардың, жел атом энергиясы сияқты баламалары бар. Бірақ жердің, адамның тіршілік ету орны ретінде, орны толмайды.

Жердің басты қасиеті—адам қоғамының тіршілік ортасы ретінде, оның іс-әрекет қызметінің негізі болып қалады. Сонымен қатар, жер өзіне деген субьективтік заттық құқықтардың іске асырылу ерекшеліктерін қатаң сақтауды талап етеді және мемлекет органдарының жерді бөлу, ұтымды пайдалану және қорғауға байланысты іс әрекетінің маңызына сай болады.     

Жерге меншіктікті құқықтық реттеу проблемасы маңызды және маңызды бола бермек, сондықтан Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына “Қазақстан-2030” деп аталатын Жолдауында: “Жеке меншік институттары жерге деген құқықтың, сондай-ақ меншік құқықтарын және келісім-шарттардың орындалуын қорғайтын заң жүйесін құрудың есебінен нығайтыладыдеп атап көрсетті /3,63/.

 “Ғылыми зерттеулер - деп жазады профессор Ә.Е.Бектұрғанов жер қатынастарын реттейтін нормалардың өрісін жетілдірумен шектелмей, ол нормалардың әлеуметтік-экономикалық тиімділігін де анықтап беруге тиіс”/4,3/.

Жоғарыдағы актуальды проблемалар магистрлық диссертация тақырыбының таңдалуына және онда зерттелетін мәселелер аумағының анықталуына себеп болатыны ескерілді.

      Тақырыптың зерттелу деңгейі

      Қазақстан Республикасындағы  жерге жеке меншік құқығының ерекшеліктерін зерттеуге арналған еңбектер аса көп емес, олар негізінен жерге меншік құқығын құқықтық реттеудің жалпы мәселелерін қарастырады. Мәселен, Ә.Ерәлидің ”Жер меншігінің құқықтық негіздері” монографиясын атауға болады.

Дегенменде, осы тақырыпқа қатысы бар Қазақстандық ғалымдардың құнды ғылыми еңбектері бар. Олардың ішінен  Ә.Е.Еренов, Ә.С.Стамкулов, С.Б.Байсалов, К.А.Шайбеков, Н.Б.Мухитдинов, Ә.Е.Бектұрғанов, Д.Л.Байдельдинов, Л.К.Еркінбаева, Ж.Х.Қосанов, А.Х.Хаджиев, С.Т.Культелеев, Б.Ж.Абдіраимов, Е.Ш.Дүсіпов, Ә.Ерәли, Н.Батырбаев, Б.Бегалиев, С.Мұстафаев және т.б. бөліп айтуға болады.

Жерге меншік құқығын, белгілі ресейлік ғалымдар зерттеген,  Иконицкая И.А., Краснов Н.И., Ерофеев Б.В., Фомина Л.П., Карамышева О.В., Топорнин Б.Н., Сыроедов Н.А., Быстров К.Е., Боголюбов С.А., Волков Г.А., Крассов О.И., Камышанский В.П., Козырь О.М.

Жер құқығында сонымен қатар әлі зерттелмеген мынадай маңызды мәселелерді атап айтуға болады:

-          азаматтық құқықтар обьектісі тұрғысынан жерді құқықтық реттеу;

-          жермен азаматтық мәмілелер жасау;

-         жерге жеке меншік институтының жер құқығы саласында алатын орнын белгілеу;

-         жерге жеке меншік құқығы объектілерінің ерекшеліктерін ескеру;

-         жерге жеке меншік субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін айқындау;

-         жерге жеке меншік құқығының мазмұнын жаңа экономикалық-әлеуметтік тұрғыдан зерттеу;

-         ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерге жеке меншік институтын енгізу қажеттілігі және бұл мәселе бойынша мемлекеттің қатысу шектері;

Зерттеу обьектісі мен пәні

Диссертацияның зерттеу объектісі - республикамыздағы нарықтық экономиканың орнығуына байланысты, жекешелендіру саясатының жүзеге асырылуы және құқық реформасының жүргізілуі жағдайындағы жердің құқықтық реттелуі, жерге жеке меншік құқығы, онымен тығыз байланыстағы жер және азаматтық-құқықтық қатынастар. Ал, зерттеу пәніне - жерге жеке меншік құқығы туралы ұғым, жерге жеке меншік құқығының объектілері, субъектілері мен құқықтық негіздері, жерге жеке меншік құқығын іске асырудағы негізгі құқықтық нысандары және жерге байланысты жасалатын келісімдер жүйесін бір қалыпқа келтіру. 

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері

Нарықтық қатынастардың қазіргі кездегі қарқынды даму жағдайындағы, жерге жеке меншік құқығының, құқықтық реттелу тәжірибесін талдап, қорыту және заңдардағы кейбір кемшіліктерді, жетіспеушіліктерді айқындау, соған сай теориялық қорытындыларды негіздеу және жерге жеке меншік құқықтарды реттейтін жер заңдарын жетілдіруге бағытталған, мынандай кейбір тәжірибелік ұсыныстарды жасауға ұмтылыс жасау:

-жерге жеке меншік қатынастарын құқықтық реттеуге байлансты негізгі теориялық мәселелерді талдау;

-жерге құқықтық қатынастардың өзгеруінің тарихи заңдылықтарын зерттей келіп, жеке меншік құқығының ұғымын анықтау;

-басқа елдердің үлгісіне тиімді үлгісіне байланысты ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерге жеке меншік құқығын енгізудің салдарын зерттеу;

-жоғарыда көрсетілген мәселелер бойынша, мемлекеттік органдардың қызметін, жетілдірумен дамытуға, оның тиімділігін барынша арттыруға бағытталған теориялық принциптермен тәжірибелік ұсыныстарды жасау және негіздеу.

<!--[if !supportLists]-->1.     <!--[endif]-->ЖЕРГЕ МЕНШІКТІК ҚАТЫНАСТАРДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ ЖАЛПЫ БАҒЫТТАРЫ

 

1.1 Жерді меншіктену қатынастарының дамуындағы негізі заңдылықтар

 

Жердің жеке тұлғаның меншікте болуы, оның экономикалық, әлеуметтік жағдайына әсер етіп, аса маңызды рөл атқарғаны қоғамдық даму үрдісінің тарихынан белгілі. Сондықтан, барлық кезеңде және барлық халықтар арасында жерге иелік ету құқығы үшін күрес әр кезеңде толастаған емес. Бұл күрес әлемдегі көптеген оқиғалардың, кей кезде жер үшін күрестің негізі болды. Адам баласының жерге деген, оған билік етуге деген құштарлығы белгілі дәрежедегі қажетті процесс.

Қоғамдық қатынастар жүйесінде жерге деген құқықтық қатынас адамзат қоғамының алғашқы даму кезеңдерінен басталды. Яғни, құл иеленуші қоғамда да, сондай-ақ, феодалдық қоғамда да жерге деген құқықтық қатынас болған және сол қоғамға сай құқықтық нормалармен реттелген.

Сондықтан да жер құрылымы туралы мәселе, жерге меншік формасының мәселелері, жерге қауымдық иелік формасы, жерге жеке меншіктіктің маңызы мен ерекшелігі – көне дәуір мен феодализм кезінде де аса маңызды орын алды. Біздің ойымызша, құлиеленуші қоғамдағы жер қатынастарының екі типін – көне Шығыстағы  жер қатынастары мен антикалық дәуірдегі жер қатынастарын ажырата білу қажет. Құл иеленуші қоғамындағы жер қатынастарының қалай реттелгені туралы, мысал ретінде көне Вавилондағы жер қатынастары мен антикалық Римдегі жер қатынастарын арнайы келтіруге болады.

Көне Вавилондағы жерге иелік етудің құқықтық қатынастары. Көне Вавилондағы мемлекет пен құқық жер қатынастарын реттеуде, ерекше мәлімет беретін ерекшелігімен, өзіне назар аудартады. Вавилон көнешығыс құл иеленуші қоғамының типтік мысалы бола алады. Бұл құл иеленушілік қоғамның, сол қоғамға сай, антикалық құл иеленуші қоғамнан өзінің өзгешілігін көрсететін бірқатар, өзіне тән ерекшелігі бар (Грекия, Рим).

Көне Қосөзендегі мемлекеттің қалыптасу ерекшелігі сонда, бұл процестің сыртқы формасы жағынан алып қарағанда, жеке қоғамдардың бірлесуінен қалыптасты. Олардың үстінен қараған патша, жердің ең жоғарғы иесі боп есептелді. Шындығына, кейбір жеке қауымда мұра етіп қалдырған жерге ол жалғыз өзі, жеке дара барлық меншікке иелік етті. Кейіннен біртіндеп қауымдық меншік, мемлекеттік меншікке айналып, нақтылап айтқанда, соған бірігіп, сіңіп, тұтасып кетеді. Осының негізінде біртіндеп, Сарай (Орда патшалық) шаруашылығы үшін арнайы жер, және патша үшін – патшалық жер бөлінеді, және, әдетте оған, храмдық жер де қосылады. Патша мен храмдарға қарасты жерлер, мемлекеттің қол астындағы құлдардың күшімен өңделіп, соның нәтижесінде, ұжымдық құл иеленудің өзі, жоғарғыдағы азғана топтың пайдасына қызмет етті. Сол ортадан, пайдаланып отырған азғана топтың арасынан құл иеленуші таптың өкілдері шықты, солар алғашқы жекеменшік жер иелері болып есептелді.

<!--EndFragment--> dent:1��'<%z ؔz g=KZ style='font-family:"Times New Roman","serif";mso-ansi-language:KZ'>Жоғарыдағы актуальды проблемалар магистрлық диссертация тақырыбының таңдалуына және онда зерттелетін мәселелер аумағының анықталуына себеп болатыны ескерілді.

 

      Тақырыптың зерттелу деңгейі

      Қазақстан Республикасындағы  жерге жеке меншік құқығының ерекшеліктерін зерттеуге арналған еңбектер аса көп емес, олар негізінен жерге меншік құқығын құқықтық реттеудің жалпы мәселелерін қарастырады. Мәселен, Ә.Ерәлидің ”Жер меншігінің құқықтық негіздері” монографиясын атауға болады.

Дегенменде, осы тақырыпқа қатысы бар Қазақстандық ғалымдардың құнды ғылыми еңбектері бар. Олардың ішінен  Ә.Е.Еренов, Ә.С.Стамкулов, С.Б.Байсалов, К.А.Шайбеков, Н.Б.Мухитдинов, Ә.Е.Бектұрғанов, Д.Л.Байдельдинов, Л.К.Еркінбаева, Ж.Х.Қосанов, А.Х.Хаджиев, С.Т.Культелеев, Б.Ж.Абдіраимов, Е.Ш.Дүсіпов, Ә.Ерәли, Н.Батырбаев, Б.Бегалиев, С.Мұстафаев және т.б. бөліп айтуға болады.

Жерге меншік құқығын, белгілі ресейлік ғалымдар зерттеген,  Иконицкая И.А., Краснов Н.И., Ерофеев Б.В., Фомина Л.П., Карамышева О.В., Топорнин Б.Н., Сыроедов Н.А., Быстров К.Е., Боголюбов С.А., Волков Г.А., Крассов О.И., Камышанский В.П., Козырь О.М.

Жер құқығында сонымен қатар әлі зерттелмеген мынадай маңызды мәселелерді атап айтуға болады:

<!--[if !supportLists]-->-          <!--[endif]-->азаматтық құқықтар обьектісі тұрғысынан жерді құқықтық реттеу;

<!--[if !supportLists]-->-          <!--[endif]-->жермен азаматтық мәмілелер жасау;

<!--[if !supportLists]-->-         <!--[endif]-->жерге жеке меншік институтының жер құқығы саласында алатын орнын белгілеу;

<!--[if !supportLists]-->-         <!--[endif]-->жерге жеке меншік құқығы объектілерінің ерекшеліктерін ескеру;

<!--[if !supportLists]-->-         <!--[endif]-->жерге жеке меншік субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін айқындау;

<!--[if !supportLists]-->-         <!--[endif]-->жерге жеке меншік құқығының мазмұнын жаңа экономикалық-әлеуметтік тұрғыдан зерттеу;

<!--[if !supportLists]-->-         <!--[endif]-->ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерге жеке меншік институтын енгізу қажеттілігі және бұл мәселе бойынша мемлекеттің қатысу шектері;

Зерттеу обьектісі мен пәні

Диссертацияның зерттеу объектісі - республикамыздағы нарықтық экономиканың орнығуына байланысты, жекешелендіру саясатының жүзеге асырылуы және құқық реформасының жүргізілуі жағдайындағы жердің құқықтық реттелуі, жерге жеке меншік құқығы, онымен тығыз байланыстағы жер және азаматтық-құқықтық қатынастар. Ал, зерттеу пәніне - жерге жеке меншік құқығы туралы ұғым, жерге жеке меншік құқығының объектілері, субъектілері мен құқықтық негіздері, жерге жеке меншік құқығын іске асырудағы негізгі құқықтық нысандары және жерге байланысты жасалатын келісімдер жүйесін бір қалыпқа келтіру. 

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері

Нарықтық қатынастардың қазіргі кездегі қарқынды даму жағдайындағы, жерге жеке меншік құқығының, құқықтық реттелу тәжірибесін талдап, қорыту және заңдардағы кейбір кемшіліктерді, жетіспеушіліктерді айқындау, соған сай теориялық қорытындыларды негіздеу және жерге жеке меншік құқықтарды реттейтін жер заңдарын жетілдіруге бағытталған, мынандай кейбір тәжірибелік ұсыныстарды жасауға ұмтылыс жасау:

-жерге жеке меншік қатынастарын құқықтық реттеуге байлансты негізгі теориялық мәселелерді талдау;

-жерге құқықтық қатынастардың өзгеруінің тарихи заңдылықтарын зерттей келіп, жеке меншік құқығының ұғымын анықтау;

-басқа елдердің үлгісіне тиімді үлгісіне байланысты ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерге жеке меншік құқығын енгізудің салдарын зерттеу;

 

-жоғарыда көрсетілген мәселелер бойынша, мемлекеттік органдардың қызметін, жетілдірумен дамытуға, оның тиімділігін барынша арттыруға бағытталған теориялық принциптермен тәжірибелік ұсыныстарды жасау және негіздеу.

[hide][/hide]


ДАННУЮ ПРЕЗЕНТАЦИЮ МОЖНО КУПИТЬ ЗА 300 ТЕНГЕ!!!
ПРИ ПОКУПКЕ ДВУХ РАБОТ ЗА РАЗ - ЦЕНА 500 ТЕНГЕ
ОПЛАТА СЮДА +77056910550 KaspiКошелек (01.01.1981г),
+77056910550 QiwiКошелек
+77056910550,Whatsapp,
+77012920560 KCELL,
gshava@mail.ru
VK-Shavkat Gaybullaev 01.01.1981 г.Туркестан СПРАШИВАЙТЕ ГОТОВЫЕ ПРЕЗЕНТАЦИИ ПО ЛЮБЫМ ПРЕДМЕТАМ!
ПОСТОЯННЫМ КЛИЕНТАМ - СКИДКИ!
ПРЕЗЕНТАЦИИ НА ЗАКАЗ! 10 стр.300т, до 20 стр 500тенге АНТИПЛАГИАТ! казахский, русский, английский, турецкий язык

Метки к статье: меншік, жерге, құқықтық, құқығының, құқығын, болады, зерттеу, құқығы, маңызды, endif, supportLists, қатынастарын, байланысты, арнайы, деген, теориялық, Жерге, Қазақстан, ғылыми, азаматтық

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
^