Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Информация к новости
  • Просмотров: 44
  • Автор: Giyos
  • Дата: 4-03-2017, 16:20
4-03-2017, 16:20

Түркі тілдес мемлекеттердің латын графикасына көшуінің маңызы 22

Категория: Дипломдық жұмыс 700тг » Педагогика

Информация к новости
  • Просмотров: 40
  • Автор: Giyos
  • Дата: 4-03-2017, 14:55
4-03-2017, 14:55

Шоқан Уалихановтың педагогикалық көзқарасы. 10

Категория: Дипломдық жұмыс 700тг » Педагогика

Информация к новости
  • Просмотров: 44141
  • Автор: Neyla1
  • Дата: 29-06-2014, 15:09
29-06-2014, 15:09

Отбасы тәрбиесі жағдайында балалардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру

Категория: Дипломдық жұмыс 700тг » Педагогика

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ…………….....................................................................................................3

 

1 ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ ЖАҒДАЙЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1  Оқушыларда қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың теориялық мәселелері........................................................................................................................6

1.2  Оқушыларға   қарым-қатынас   мәдениетін  қалыптастырудағы отбасының рөлі мен қызметі.........................................................................................................16

1.3  Отбасында балалардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың
ерекшеліктері.............................................................................................................23

 

2  ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ ЖАҒДАЙЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ

2.1Балалардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудағы халықтық дәстүрлер....................................................................................................................31

2.2 Отбасында қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың бүгінгі әдіс-тәсілдері......................................................................................................................36

2.3 Отбасындағы балалардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруда мектептің ынтымақтастығы......................................................................................45

 

ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................59

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................................61

 

ҚОСЫМША..............................................................................................................63

КІРІСПЕ

 

Зерттеудің өзектілігі. Қай заманда да, қай елде болса да отбасының адамзат ұрпағына тигізетін ықпалы мен әсерін өмірдегі басқа ешнәрсенің күшімен салыстыруға болмайды.

Отбасы - адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты, қызық дәурені осы отбасында өтеді. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап, ата-ана өздерінің негізгі борыштарын - тәрбие жұмысын атқаруға кіріседі.

Алайда, қазіргі кездегі елдегі экономикалық әлеуметтік жағдайлардың қиындығы, жұмыссыздық, материалдық-рухани қажеттіліктердің тапшылығы осының бәрі отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты күрделендіріп отыр. Бала тәрбиесінің негізі - бұл оның отбасы. Осы шағын әлеуметтік топ - бала үшін өмір мектебі. Отбасындағы ата-ана - баланың өмірлік ұстазы және тәрбиешісі. Баланың болашағы, білімі, мәдениеті отбасындағы ата-ананың сіңірген еңбегіне, тәлім-тәрбиесіне байланысты. Сондықтан, әрбір ата-ана өзінің баласын білімді, мәдениетті, жан-жақты етіп тәрбиелеуге міндетті. Қазіргі кезде отбасы тәрбиесі мәселесі әлемдік деңгейде қарастырылуда. Оған «Балалар құқығы туралы Конвенция» (1995), Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңы» (1999), Қазақстан Республикасының «Балалардың құқығы туралы заңы» (2002), «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» (2004) сияқты құжаттар дәлел бола алады [1,2,3,4].

Внимание! У вас нет прав для просмотра скрытого текста.

Зерттеудің объектісі. Балаларда қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасуы.

Зерттеу пәні. Отбасы тәрбиесі жағдайында қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру процесі.

Зерттеудің мақсаты. Отбасы тәрбиесі жағдайында балалар бойында қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруды теориялық тұрғыда негіздеп, әдістемесін ұсыну.

Зерттеудің міндеттері.

<!--[if !supportLists]-->1.<!--[endif]-->«Қарым-қатынас мәдениеті» ұғымының мәнін ашу.

<!--[if !supportLists]-->2.     <!--[endif]-->Отбасындағы балалардың қарым-қатынас мәдениетінің ерекшеліктерін анықтау, олардың қалыптасу жолдарын көрсету.

 

<!--[if !supportLists]-->3.           <!--[endif]-->Балаларда қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудағы отбасының мүмкіндіктерін айқындау.

<!--[if !supportLists]-->4.           <!--[endif]-->Отбасы тәрбиесі жағдайында балаларда қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың әдістемесін ұсыну.

Зерттеу әдістері. Зерттеу барысында сұрақ-жауап, тест, сұхбат, философиялық, психологиялық т.б. әдістердегі қарым-қатынас мәдениетіне қатысты мәліметтерге жүйелі теориялық талдау жасау, салыстыру, өңдеу, жүйелеу, эксперимент әдістері пайдаланылды.

[hide][/hide]

Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі екі тараудан, қорытындыдан және әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.

Кіріспе бөлімде жұмыстың өзектілігі, зерттеудің мақсаты мен міндеттері және басқа да ғылыми аппарат айқындалады.

«Отбасы тәрбиесі жағдайында балалардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың теориялық мәселелері» атты 1-бөлімде балаларда қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың теориялық мәселелері қарастырылып, ғылыми әдебиеттерге шолу жасалады, сонымен бірге, отбасының балаларда қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруда негізгі фактор ретіндегі ықпалы дәлелденеді, отбасында балалардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың ерекшеліктері сөз болады, атап айтқанда қазақ отбасындағы тәрбие мәселесі жан-жақты талданады.

«Отбасы тәрбиесі жағдайында балалардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың  жолдары» деп аталатын 2-бөлімде балаларда қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудағы халықтық дәстүрлердің алатын орны, атап айтқанда, халықтық педагогика, оның негізгі тәлім-тәрбиелік мәні сөз етіледі. Мектеп пен отбасының ынтымақтастығы, балаларда қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудағы мектептің, сынып жетекшісінің, мұғалімдердің рөлі айқындалып, бұған қоса қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың басқа да әдіс-тәсілдері туралы айтылады.

Қорытынды бөлімде жұмыс бойынша айтылған ой-пікірлер тұжырымдалып, негізгі түйіндер жасалады. Зерттеу нәтижелеріне сүйеніп ұсыныстар беріледі.

 

1 ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ ЖАҒДАЙЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

1.1 Оқушыларда қарым-қатынас мәдениетін калыптастырудың теориялық мәселелері

 

Адам өзінің материалды және рухани қажеттіліктерін өтеу мақсатында еңбек әрекетімен айналысып, өзін қоршаған адамдармен жеткілікті дәрежеде қарым-қатынас жасамайынша дұрыс өмір сүре алмайды. Қоғам, жеке адам, қарым-қатынас және әрекет әр уақытта бірлікте. Бұл тіршіліктің заңды белгілері.

Сәби жарық дүниеге келген алғашқы сәттерінен бастап-ақ отбасының мейірімді, парасатты жаны - анасы, басқа да өзінің айналасындағы адамдармен түрлі қарым-қатынасқа түсе бастайды. Ал, қарым-қатынас адам баласының тіршілік етуінің негізгі шарты ғана емес, оның психикасының дұрыс қалыптасып дамуының факторы және аса қажетті құралы болып табылады. Өйткені, қарым-қатынас дегеніміз - өзара пікір алмасу, келісім не өзара түсіністік, не болмаса қақтығыс, қарама-қайшылық тұрғысындағы мәміле үрдісі болып табылады.

Жоғарыда аталған құнды ғылыми деректер баланың жан-жақты дамуы олармен үлкендердің мектеп жасына дейінгі және мектеп жасында жүргізген дұрыс, жағымды қарым-қатынасына байланысты екенін көрсетеді. Отбасындағы қарым-қатынас арқылы ата-ана баласын өмірге бейімдеп, өзінің де өзгелердің де дербестігін түсінуге үйретеді. Кез-келген отбасындағы ең негізгі мәселелердің бірі - үйдегі тәртіп. Тәртіп ата-ана мен баланың күнделікті қарым-қатынасының тұтастай бөлшегі. Ата-ана баласының ақыл-ойын, қабілетін дұрыс тәрбиелеу үшін ең алдымен баласын жақсы, толық түсіне білуі керек.

Жеке адам қалыптасуының негізгі факторы болып табылатын қарым-қатынас баланың интеллектісінің дұрыс, жеткілікті дамуына өте үлкен әсер етеді. Көптеген педагогикалық, психологиялық ғылыми деректер бізге қарым-қатынас әр кезде әрекетпен тікелей байланыста жүретінін көрсетеді. Қарым-

қатынас адамзат тарихымен адамдардың  күнделікті  байланысының қажетті әріптесі.

Айталық, 2003 жылы жарық көрген «Қысқаша педагогикалық сөздікте» «қарым-қатынас» ұғымына мынадай анықтама берілген: Қарым-қатынас адамдардың өзара қатысуы, олардың әрқайсысының өмір сүруі мен дамуының басты шарты және тәсілі. Адам дүниеге келісімен өзінің өмір сүру қабілетін дамытуға қатысы барлармен бірге тарихты басынан кешіреді. Тек қарым-қатынас барысында ғана адам өз басына, өз іс-әрекетіне мән беріп, баға бере қарайды [5,27 б].

Ал психологиялық сөздікте «Қарым-қатынас - біріккен іс-әрекет қажеттілігін туғызатын, адамдар арасындағы байланыстың дамуын орнататын күрделі көп жоспарлы үрдіс. Адамдардың танымдық хабарлар алмасуы, өзара түсінісуі, бір-бірін қабылдауы. Адамдар арасындағы қарым-қатынас жасауда аса қажетті шарттардың бірі - сөйлеушілердің өз ой-пікірлерін өзгелерге, тыңдаушыларға қалайда жеткізіп, оларға әсер етуді көздесе, ал тыңдаушылардың қарым-қатынас орнатудағы сөйлеуші жақтың ой-пікірін дұрыс ұғынып, оны іс жүзіне асыра білу мәдениеттілігіне байланысты [6,93 б]. Бұдан қарым-қатынас жасаудың үнемі екіжақты үрдіс екенін түсінеміз. Қатынас орнатудың нәтижесінде өзара ықпал етіп, адамдардың өмір тәжірибесі, іс-әрекеті, ой-пайымдары дамиды. Адамның өзгелермен тілдесіп, қарым-қатынас жасай білуі - жалпы адами қасиеттердің аса қажет түрінің бірі деп есептейміз.

Зерттеуші С. Елеусізова «Қарым-қатынас психологиясы» деген еңбегінде қарым-қатынас үғымына мынадай анықтама берген: Қарым-қатынас - адамның тіршілік бейнесі мен мәдени өмірінде, тұрмыс-салтында күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандыратын тұрақты шарт. Қарым-қатынас дегеніміз -ғылым, әрі өнер. Бұл шығармашылық процесс. Қатынас жасау, өзгелермен тіл табысу - әрбір адамның өмір тәжірибесіне, біліміне, тапқырлығы мен ақыл-ойына   байланысты   жүзеге   асып   отыратын   тіршілік   мұқтаждығы.   Қарым-

қатынас нәтижесінде адамның кісілік қасиеті, өзгелерге деген қамқорлығы мен жанашырлық сезімі, мәдени көзқарасы қалыптасады [7,9 б].

Ата-ана баласымен қарым-қатынасқа түскенде қарым-қатынастың түрлерін қолданады. Көптеген ғылыми деректерден біз қарым-қатынастың демократиялы және авторитарлы түрі барын білеміз.

Демократиялы қарым-қатынас - ата-ана мен баланың арасындағы өзара достық, жолдастық көріністерден жасалған қатынас. Бұл қатынас балада эмоцианалды көңіл-күй тудырып, саналы іс-әрекетке итермелейді. Бала ата-анасы жағынан эмоцианалды дұрыс қарым-қатынасты барлық қажеттеліктерден де басым керек етеді. Ата-ана осы қажеттілікті қанағаттандыру үшін баласымен кішкене кезінен бастап мейірімді, жылы қатынас жүргізуі тиіс. Ол баланың келешекте мәдениетті болып қалыптасуына өз ықпалын тигізеді. Демократиялық қарым-қатынаста тәрбиеленген бала кез келген ортада өзін дұрыс ұстауға тырысады.

Авторитарлы қарым-қатынас - кішкентайлардың үлкендерге сөзсіз бағынып, тәуелді болуымен тікелей байланысты жүреді. Үлкендер бұл жағдайда тәртіптілікті, баланың ата-анасына толық бағынышты болуы деп түсініп, баласына психологиялық қысым жасағанын байқамай да қалады.

Авторитарлы қарым-қатынас барысында бала көбінесе ата-анасынан сескеніп, қорқады. Нәтижесінде бала өз тәртібін дұрыс меңгере алмайды. Осындай қарым-қатынаста тәрбиеленген бала балабақшада, мектепте, басқа да қоғамдық орталарда өзін бірқалыпты ұстай алмайды, қарапайым мәселелерді шешуде қиналады. Өз әрекеттеріне әділ баға беруде қателеседі. Мектепке дейінгі жастағы бала мен ата-ананың жасаған авторитарлы қарым-қатынасы бала ойлауының дамуына да өз әсерін тигізбей қоймайды.

Зерттеуші-ғалым А. Капенованың пікірінше, қазақ отбасында ата-ана мен бала арасындағы тәрбие жұмысында қарым-қатынастың авторитарлы түрі басымдық танытады [8,117 б].

Әр ата-ана өз баласына деген сезімін өзінше жеткізуі мүмкін. Қандай жағдайда болмасын, ата-ана баламен жағымды қатынас   жасап,   оны   қолдап   отыруы   керек.   Өйткені,   отбасында   ата-ана ықпалымен жүргізілген дұрыс қарым-қатынас барысында балада өзін қоршаған табиғатқа, қоғамға, адамдарға деген таза көзқарас қалыптасады. Біздің ойымызша, ата-ана баласымен жоғарыда аталған қарым-қатынастың белгілі бір түрін ғана қолданбай олардың екеуін қатарластыра, байланыстыра қолданғаны дұрыс, бұл жағдайда тәрбиеленген балада белгілі тәртіп ережелері қалыптасып, коммуникация дағдылары, яғни кез келген адаммен жеңіл, қиындықсыз қарым-қатынасқа түсу қабілеті пайда болады.

Зерттеуіміздің негізгі мәселесі болып отырған «қарым-қатынас мәдениеті» ұғымына тоқталмас бұрын, «мәдениет» сөзінің мағынасын ашып өтейік.

«Философиялық сөздікте» мәдениет - адамзаттың болмыс пен сананың барлық салаларындағы әлеуметтік-прогрестік шығармашылығының қызметі. Мәдениет - қоғамдық-экономикалық формациялардың алмасуына байланысты дамитын тарихи құбылыс, - делінген [9,145 б].

Ал Р.Қоянбаевтың «Қысқаша педагогикалық сөздігінде» «мәдениет» ұғымына мынадай анықтама берілген: Мәдениет - адамды жасампаз, белсенді тұлға ретінде қалыптастыруға ықпал жасайтын қоғамдық-тарихи барыстың мазмұны, адамзат тарихында жасалған және дамытылған материалдық және рухани құндылықтар жиынтығы.

Мәдениеттің шын болмысы - адамдардың тікелей іс-әрекеттік қарым-қатынасында қалыптасатын және көрінетін, іс-әрекетінің тәсілдерінде, құрал-саймандарында және еңбек нәтижелерінде жүзеге асатын олардың қайталанбас жасампаз өзіндік қабілеттерінде [5,32 б].

Ал енді қарым-қатынас мәдениеті ұғымына тоқталсақ, қарым-қатынас мәдениеті адамзаттың ғасырлар бойы қалыптастырған белгілі ережелерін сақтауға негізделеді. Ондай ережелерді әдеп деп атаймыз. Әдеп - бұл адамдар арасындағы сыпайы болу, олқылықтардан аулақ болу, осы аталған әдептілік белгілерін бала бойында дарытатын ең бірінші кезектегі адам - ата-ана екендігі белгілі.

            Ертеректе туыстық, отбасылыққатынастар адамда бала кезден қалыптастырылған болатын. Қазақ отбасында ойын ойнау, көркем өнермен шұғылдану, еңбекке қатыстыру арқылы ересек адаммен баланың қарым-қатынасы нығайған. Жалпы, отбасында бала мен қарым-қатынас орнатуда ата мен әже, әке мен ана өз рөлдерін дұрыс түсіне білуі керек. Олардың әрқайсысының бала өмірінде алатын орны ерекше. Айталық, ата бауырында өсіп, қарым-қатынаста болған бала ерте ер жетіп, тиянақты, саналы болып өссе, әжесінен тәрбие алып, оның ертегі, әңгімесін тыңдап өскен бала бауырмал, сезімтал, үлкенді сыйлағыш келеді. Дегенмен, әке шешенің арасындағы ұрыс-керіс баланың қалыптасуына кері әсерін тигізеді. Осы тұрғыда Ж. Қоянбаев кейбір отбасындағы тәрбиенің қиындығы мынада деп түсіндіреді: «Әке мен шеше өздерінің кемшіліктерімен күреспейді, қайта оны жуып-шаяды, солай бола тұрса да балаларынан тәртіпті болуды талап етеді. Мұндай жағдай балаларды дұрыс жолдан тайғызып, оларды «екіжүзділікке» итермелейді» деп түсіндіреді [10,35 б]. Шындығында да бала отбасында жақын туыстарымен қарым-қатынасқа түсу барысында жақсы мен жаманды, ақ пен

Метки к статье: Балалардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудағы халықтық дәстүрлер Отбасында қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың бүгінгі әдіс-тәсілдері Отбасындағы балалардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруда мектептің ынтымақтастығы

^