Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Информация к новости
  • Просмотров: 81762
  • Автор: admin
  • Дата: 22-04-2014, 21:37
22-04-2014, 21:37

Клиникаға кіріспе пәніне жалпы түсінік, оның негізгі принциптері. Мейірбикелік этика және деонтология26

Категория: Презентациялар » Медицина

Клиникаға кіріспе пәніне жалпы түсінік, оның негізгі принциптері. Мейірбикелік этика және 

 

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

Мейірбикелік үрдіс түсінігі

Медбикелік үрдістің кезеңдері

Медбикелік үрдісті қолдану

Мейірбикелік этика және деонтология

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

Кіріспе 

Әрбір терапевтік бөлімшенің кұрамында емшара бөлмесі болады. Емшара бөлмесі әртүрлі шараларды дайындауға және жүргізуге арналған.

Бұл дәрілік заттарды көк тамырға ағынмен және тамшылатып енгізу, бұлшық еттік және тері астылық инъекциялар, қан тобы мен резус-факторды анықтау, клиникалық және биохимиялық анализдерге көк тамырдан қан алу, сондай-ақ бөлімше ерекшелігіне қарай диагностикалық және емдік шаралар (төс, өкпе қабы пункциясы және т.б.) жүргізіледі.

 

 

Емшара мейірбикесінің міндетін орындау үшін (штаттық кестеге байланысты) бөлімшенің аға мейірбикесі жалпы профильдік мейірбикелердің ішінен жеткілікті жұмыс тәжірибесі бар жоғары маманданған немесе 3 деңгейлі колледжді оқып бітірген арнайы мейірбикені (3 жыл оқыған) таңдап алады. Бөлімше ерекшелігіне байланысты іс-шара бөлмесі кушеткамен, зарарсызданған үстелмен, (1 немесе 2), тамызғыштарға арналған штативпен, дәрілік заттар қоятын шыны шкафпен, қолдарды және кұрал-саймандарды жуатын колжуғышпен және т.б. жабдықталған. Қабырғалар мен еден жиі және мұқият санитарлық өңдеуге ыңғайлы материалдардан (кафель, майлы бояу) жасалуы керек. Емшара бөлмесінде ауаны зарарсыздандыруға арналған бактерицидті шамдар міндетті түрде болуы керек.

  

Емшара мейірбикесінің орындайтын ерекше міндеттері: санитарлық эпидемияға қарсы тәртіпті жүзеге асыру және сақтау, бұл қажеттігіне қарай, бірақ тәулігіне 2 реттен кем емес, арнайы зарарсыздандырғыш (0,5% хлорамин немесе баскадай) заттарды қолданумен бөлмені күнделікті және тиянақты (аптасына 1 рет) дымқыл тазалау. Емшара бөлмесінде жүргізілетін шаралардың инвазивті сипатын ескере отырып, кесте бойынша, 15-30 минутган күніне 3 реттен сиретпей, бактерицидті шаммен зарарсыздандырудың арнайы тәртібі болады. Емшара бөлмесінде дәрілік заттарды көк тамырға енгізу үшін шприцтер мен жүйелерді құрайды, пайдаланғаннан кейін зарарсыздауга немесе бір реттік шприцтер мен инелерді, құрал-саймандарды пайдаға асыруға дайындайды.

 

Внимание! У вас нет прав для просмотра скрытого текста.

 Клиникаға кіріспе пәніне жалпы түсінік, оның негізгі принциптері. Мейірбикелік этика және деонтология26
Клиникаға кіріспе пәніне жалпы түсінік, оның негізгі принциптері. Мейірбикелік этика және деонтология26
Клиникаға кіріспе пәніне жалпы түсінік, оның негізгі принциптері. Мейірбикелік этика және деонтология26
Клиникаға кіріспе пәніне жалпы түсінік, оның негізгі принциптері. Мейірбикелік этика және деонтология26

Внимание! У вас нет прав для просмотра скрытого текста.

Информация к новости
  • Просмотров: 5222
  • Автор: Aidanamed
  • Дата: 20-04-2014, 12:20
20-04-2014, 12:20

Гендік инженерия35

Категория: Презентациялар » Медицина

*Гендік инженерия

 

*Жоспары:
*1.Кіріспе
*2.Негізгі бөлім
*Гендік инженерия туралы түсінік
*Гендік инженерияның әртүрлі салада қолданылуы
*Жасушалық инженерия
*3.Қорытынды
*
*Пайдаланылған әдебиеттер
***
*Гендік инженерия , генетикалық инженерия— генетикалық және биохимиялық әдістердің көмегімен түраралық кедергілері жоқ, тұқым қуалайтын қасиеттері өзгеше, табиғатта кездеспейтін жаңа гендер алу; молекулалық биологияның бір саласы. Гендік инженерия әр түрлі организмдер геномының бөлігінен рекомбинатты ДНҚ құрастырумен қатар, ол рекомбинатты молекулаларды басқа ағза геномына енгізіп, жұмыс істеуін (экспрессиясын) қамтамасыз етеді. Гендік инженериядағы тұңғыш тәжірибені 1972 ж. американ биохимигі Т. Берг (Нобель сыйл. лауреаты) іске асырды.
* Ол маймылдың онноген вирусы СВ-40-тың толық геномын, бактериофаг — Л геномының бір бөлігін және Е. Цолі бактериясының галактоза генін біріктіру арқылы рекомбинантты (гибридті) ДНҚ алды. 1973 — 74 ж. Америка биохимиктері С. Коэн, Г. Бойер, т.б. түрлі ағзалардан бөліп алынған генді бактерия плазмидасының құрамына енгізді. Бұл тәжірибе басқа организмдер гендерінің жаңа ағза ішінде жұмыс істей алатынын дәлелдеді. Жануарлар клеткаларымен жүргізілген тәжірибелерде бір клетканың ядросын екіншісімен а
*Мыс., генотиптері әр түрлі тіндердің клеткаларын біріктіру арқылы тышқанның аллофенді особьтары (фенотипі әр түрлі дарабастар) алынды. Гендік инженерия-ның теориялық негізіне генетикалық кодтың әмбебаптылығы жатады. Бір ғана кодтың (триплиттің) әр түрлі ағзадағы белок молекулаларының құрамына енетін амин қышқылдарын бақылай алатындығына байланысты, ДНҚ молекуласының кез келген бөлігін басқа бөтен клеткаға апарып салу, яғни молек. деңгейде будандастырылу теориялық тұрғыдан алғанда мүмкін екені анықталды.
*
*
*Жануарлар, өсімдіктер және микроорганизмдер гендерінің қызметін қолдан басқаруға болатындығы дәлелденді. Ауыл шаруашылығында өсімдіктің атмосфералық азотты өзіне жинақтап алуы — үлкен мәселе. Осыған байланысты 1970 жылдары азотты фиксациялауға қабілеті жоқ пішен таяқшасына азотты жинақтай алатын, басқа бір бактерияның гені салынып, азотты жинақтау қасиетіне ие болды. Мед. саласында жаңа гендерді енгізу арқылы тұқым қуалайтын ауруларды емдеуге болады. Қазіргі кезде ауру адамдардан зат алмасудың 1000-нан аса әр түрлі тұқым қуалайтын өзгерістері табылған.
*
*
*Гендік (генетикалық) инженерияны – молекулалық және клеткалық инженерия белгілі бір мақсатпен жасанды айқын қасиеттері бар генетикалық материалдарды алдын ала құрастырып, оларды басқа клеткаға енгізіп, көбейтіп, зат алмасу процесін өзгеше жүргізу. Бұл әдіспен организмдердегі тұқым қуалайтын информацияны көздеген мақсатқа сай өзгертіп, олардың геномдарын белгілеген жоспармен қайта құруға болады.
*
*
*Гендік инженерия ол функциональдық активті генетикалық құрылымдарды рекомбинаттық (ата-ана екі ДНК молекулалары арасынан пайда болған будан) ДНК молекулалары түрінде қолдан құрастыру. Гендік инженерияның мәні жеке гендерді бір организмнен алып, басқа организмге көшіріп орналастыру.
*
*
*Бұл рестриктаза деген фермент пен лигаза ферментінің ашылуы негізінде мүмкін болды. Рестриктаза ферменті ДНК молекуласын нақты белгіленген жерлерін кесіп алады да, осылай фрагменттерді (рестрикция сайттарын) түзеді. Ал лигаза ферменті гетерогендік ДНК-ның фрагменттерін бүтін тігеді. Құрамында шығу тегі әр түрлі ДНК-лары бар молекуланы рекомбинаттық молекула деп атайды
*
*
*2.Рекомбинаттық ДНК= прокариоттардың және/немесе вирустардың ДНК-ы (вектор) + эукариоттардың ДНК-ы (бөтен ДНК). Вектордың көмегімен эукариоттардың бөтен ДНК-ы клеткаға еніп, геномға интеграциялана алады. Сонымен, прокариоттар мен вирустардың зерттелетін ДНК молекулалары нақты белгіленген жерден кесіліп, одан кейін бұл жерге эукариоттардың қажетті бөтен гені енгізіледі, осылайша рекомбинаттық (гибридтік) ДНК түзіледі.
Внимание! У вас нет прав для просмотра скрытого текста.
Гендік инженерия35
Гендік инженерия35
Гендік инженерия35
Гендік инженерия35
Внимание! У вас нет прав для просмотра скрытого текста.

Информация к новости
  • Просмотров: 7652
  • Автор: admin
  • Дата: 19-04-2014, 23:09
19-04-2014, 23:09

Қазіргі кезде дәрігерге қойылатын талаптар мен ерекшеліктер20

Категория: Презентациялар » Медицина

Қазіргі кезде дәрігерге қойылатын талаптар

 

Жоспар

Кіріспе

1.Дәрігер тұлғасы. Дәрігер тұлғасына қойылатын психологиялық талаптар.

2.Дәрігердің коммуникациялық компетенттілігін төмендететін психологиялық ерекшеліктер

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер


Кіріспе

Дәрігер мамандығы - ең көне кәсіптердің бірі. Мындаған жылдар бойы дәрігер жұрт арасында, әсіресе сол заманның зиялыларының ішінде, әртұрлі сезімдер тудырған. Ол сезімдердің қайшылығы, орта ғасырларда дәрігергё берілген анықтамадан бейнеледі: дәрігер - tristones(үш жүзді).Яғни, халықтың ойы бойынша, дәрігер үш жүзді болған: кәдімгі өмір жағдайында - әдепті адам, науқастың жанында - періштедей, ал гонорарды талап еткенде - шайтандай. Материалдық қүндылықтар жүрген жерде, бақылау да жүретіні анық. Сондықтан, қоғам әрқашан да медициналық әрекетті бақылауға алып үнемі қадағалап отырған.

 Психология — адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің саналуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кейде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады.

  

Жеке адамның өзіндік ерекшелігін бағалау, нені қалайтындығын білу, көңіл күйін қадағалау әрі науқасқа ерекше көңіл аудару – ол әр дәрігердің міндеті болып табылу керек. Дәрігердің әдептілігі мен сыпайылығы науқастың мінезіне, мәдени деңгейіне, сырқатының ауыр не жеңілдігіне, психикасының ерекшеліктеріне орай көрінуі тиіс. Уайымшыл науқастарға тап болғанда дәрігер шыдамдылық танытуы тиіс. Науқастың сеніміне ие болу, байқаусызда айтылған сөзбен не іс-әрекетпен сол сенімді үзіп алмау – дәрігердің маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.

 

Психология ғылымындағы негізгі ұғымдардың біреуі – қарым-қатынас. Қарым-қатынассыз жеке адамды түсіну, оның дамып-жетілуін талдау мүмкін емес. «Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе – оның басқа адамдармен қарым-қатынасы» деп А.Линкольн айтпақшы, әрбір есі кіріп, етек жапқан адам белгілі бір қоғамның мүшесі болып табылады, ол қандай болмасын сүйікті бір ісімен қарым-қатынаста болады.

 

Дәрігерлердің өзара қарым-қатынасының деонтологиялық қағидаларын қатаң сақтау, ұжым өміріне, оның күнделікті және келешекте табысқа жетуіне маңызды роль атқарады. Дәрігерлер арасындағы қарым-қатынас құрметке, жанашырлық пен өзара түсіністікке негізделуі тиіс. Әріптестің сәтсіздігін түсініп, көңілін жұбату керек, әсіресе ол кәсіби сәтсіздікке ұшыраған немесе қарауындағы науқас күйзелген кезде, қолдау көрсетудің ұжымдағы ұйымшылдық пен өзара көмек алудың негізі болады.

Внимание! У вас нет прав для просмотра скрытого текста.

Қазіргі кезде дәрігерге қойылатын талаптар мен ерекшеліктер20
Қазіргі кезде дәрігерге қойылатын талаптар мен ерекшеліктер20
Қазіргі кезде дәрігерге қойылатын талаптар мен ерекшеліктер20
Қазіргі кезде дәрігерге қойылатын талаптар мен ерекшеліктер20

Внимание! У вас нет прав для просмотра скрытого текста.

Метки к статье: Таңдаманың сандық сипаттамалары. Вариация коэффициенті

Информация к новости
  • Просмотров: 3252
  • Автор: admin
  • Дата: 17-04-2014, 22:08
17-04-2014, 22:08

Бүтін сандар жиыны11

Категория: Презентациялар » Математика

 

Сандартеориясыбүтін сандарсақинасының элементтерінетән қасиеттерді ғана қарастырады.Бөлінгіштік қасиеттерін айқындау арқылы, бізбүтін сандарсақинасының структурасыжөнінде мол түсінік аламыз.
Бұдан былайғы жердебүтін сандардылатынның кіші , b, с,... әріптерімен белгілейміз.
Бүтін мен bсандарының қатынасы бүтін сан да, сондай-ақ бөлшек сан да болуымүмкін. Егеролбүтін сан болса, онда саны bсанынабөлінеді, немесесанынbсаныбөледі, немесеbсаны-ның бөлгіші, немесесанынb-ның еселігідейміз.
Егер саны b-ға бөлінсе, оны b/ символыменбелгілейміз. Оны саны b-ға бөлінеді депоқимыз. 

Теорема. =bqтеңдігін қанағаттандыратын qZ саны табылса, тек сондағана саны b-ға бөлінеді.
1-қасиеті.
Егер мен bсандарының әрқайсысы үшінші с санынабөлінсе, ондаолардың қосындысы және айырмасы да сол с санынабөлінеді.
Дәлелдеу.және bсандары с санынабөлінетіндіктен:
=
с q1 , b = с q2 теңдіктерін қанағаттандыратын q1 және q2 сандарытабылады. Осы теңдіктерді мүшелеп қосып 

Бүтін сандар жиыны11
Бүтін сандар жиыны11
Бүтін сандар жиыны11
Бүтін сандар жиыны11

Внимание! У вас нет прав для просмотра скрытого текста.

бүтін және рационал сандар13
бүтін және рационал сандар13
бүтін және рационал сандар13
бүтін және рационал сандар13

Внимание! У вас нет прав для просмотра скрытого текста.
тауар бағасы12
тауар бағасы12
тауар бағасы12
тауар бағасы12
Внимание! У вас нет прав для просмотра скрытого текста.

 Дүниежүзілік сауда ұйымы10
Дүниежүзілік сауда ұйымы10
Дүниежүзілік сауда ұйымы10
Дүниежүзілік сауда ұйымы10

[hide][/hide]

 

Метки к статье: Дүниежүзілік сауда ұйымы

Назад Вперед
^