Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
Информация к новости
  • Просмотров: 2042
  • Автор: admin
  • Дата: 25-03-2014, 23:46
25-03-2014, 23:46

Жаңа туған нәрестелердегі сарғаю17

Категория: Презентациялар » Медицина

 

Сарғаю синдромы

 Сарғаю синдромы – гипербилирубинемияның визуалды көрініс беруі (жетіліп туылған нәрестелерде - 85 мкмоль/л, шала туған нәрестелерде - 120 мкмоль/л-ден жоғары).

  Сарғаюдың интенсивтілігі билирубиннің деңгейіне байланысты және де тікелей емес билирубиннің жоғары концентрациясы  лимон түстес боп өзгереді.

Патологиялық жағдайда тікелей билирубиннің деңгейінің жоғарылауы терінің түсі зәйтүн түстес сары немесе жасылдау болып өзгереді.

 

Сарғаю бірінші склера және жұмсақ таңдайдың кілегейінде болады және кейін тері сарғаяды. Жетілген нәрестелерде  сарғаю билирубиннің  деңгейі  75-85 мкмоль/л  болғанда  дамиды. Ал, жетілмей туылғандарда  95-105 мкмоль/л  болғанда дамиды.

 

Жаңа туылған нәрестелердегі сарғаю алғашқы аптасында 65-70%  физиологиялық жағдайда,  тек 10% патологиялық жаңдайда кездеседі.

Билирубин алмасу кезеңі

Неонтальдық сарғаю классификациясы

1.Сарғаюды физиологиялық және де патологиялық деп бөлуге болады.
2.Сарғаю генге байланысты  туа біткен және жүре пайда болған деп бөлінеді.
3.Лабораториялық зерттеулерге байланысты сарғаю 2 негізгі топқа жіктеледі.
Ø   Тікелей емес билирубин
Ø   Тікелей билирубин

  

Механикалық және обстурациялық сарғаю

 

Физиологиялық сарғаю

Минковский – Шоффар сарғаюы

  

Қолданылған әдебиеттер

  Х.Қ. Сәтбаева  “Адам физиологиясы”

  Б.Н. Айтбембет  “Ішкі ағза ауруларының  пропедевтикасы”

  www. Google.kz

  www. Wikipedia.org

  www. Yaneuchus.com

 

 

Внимание! У вас нет прав для просмотра скрытого текста.

германиядағы саяси құқықтық ілімдер12
германиядағы саяси құқықтық ілімдер12
германиядағы саяси құқықтық ілімдер12

 

Метки к статье: XVIII ғасырдың соңы және XІX ғасырдың басындағы Германиядағы саяси-құқықтық ілімдер Орындаған: Иммануил Канттың мемлекет және құқық туралы ілімі Иммануил Кант (1724 1804 ж.), лы герман фи

Информация к новости
  • Просмотров: 8022
  • Автор: admin
  • Дата: 25-03-2014, 17:53
25-03-2014, 17:53

Ғұндар19

Категория: Презентациялар » Тарих

                  

Кіріспе.
Біздің заманымыздан бұрынғы бірінші мыңжылдықтың екінші жартысынан бастап Еуразияның этникалық-саяси тарихында Орталық Азияның көшпелі тайпаларының рөлі өсті. Солардың бірі ғұндар еді. Ғұн тайпаларының аты тарихта олардың жауынгерлік даңқымен, қаталдығымен және халықтардың Ұлы қоныс аударуының басталуына негіз болған көшиенділігімен мәлім. Еуразияның кең байтақ даласын мекендеген ғұндардың әлемдік өркениеттегі орны да ерекше.

 

Ғұндардың шығуы туралы мәлімет.
Ғұндардың этникалық тегі туралы мәселе әлі анықталып біткен жоқ. Зерттеушілердің көпшілігі оларды түріктердің арғы аталары деп болжайды. Шаруашылықтың біртіндеп дамуы, тұрмыстың біршама ортақтығы, этникалық жақындық, саяси тәртіп факторы Орталық Азияда, ертедегі таптық ірі бірлестіктердің құрылуына әкеп соқты. Олардың уақыты жағынан алғашқылары сюнну болды. Б.з.б. III ғасырдың аяғында қытай деректемелерінде пайда болған сюнну атауы тегі әртүрлі тайпаларды біріктірген және Тынық мұхит пен Солтүстік Қытайдан Алтай мен Жетісуға дейінгі аумақта, ал кейіннен одан әрі батысқа да ары-тұра таралып отырған саяси құрылымға қатысты болды. Ғұндардың құдіреті тасып тұрған кезде, олардың бірлестігіне басқа бірнеше тайпалар қосылған, сондықтан «Ғұн» атауы этникалық болудан гөрі саяси одақ атауына қарай айналыңқыраған. Ғұн тайпаларының бір одаққа бірігуіне негізгі себеп қытайлықтардың бұларға қарсы төрт ғасырға созылған кескілескен соғысы болуы керек. Ғұндар туралы алғашқы деректер б.з.б. 4-3 ғасырларда Қытайдың солтүстігіндегі көшпелі  тайпалардың топтасуы нәтижесінде екі тайпалық бірлестік сюнну және дунху тайпалары қалыптасты. Мұндағы сюнну тайпалары өз заманындағы тарихи оқиғаларға белсене қатысып, көршілес елдердің тарихына ықпал жасады және олардың кейінгі дамуында да айтарлықтай роль атқарды.

 

Сюнну этнонимінің мазмұны мен нақты қалай айтылатыны әзірше айқын емес. Зерттеулердің көрсетіп отырғандай, оның ежелгі қытайлық транскрипциясы гректер иен ертедегі орыс шежірелерінің фруна (труна) деген түріне тіреліп жатыр. Орыс шежіресі Еділ мен Дунайдағы өздерінің сюннуларға сабақтастығын сақтап қалған ғұн- болғар қсүйектерін сипаттай келіп, оларды трунове, яғни трундар деп атаған. Егер осылайша, «трун» деген сөз бастапқы «ғұн» тайпаларының ақсүйектеріне арналып айтылса, сюнну(хунну), яғни трундар ғұндар деп саналмағанын білдірмейді. Трун және ғұн терминдері бір ғана этникалық-саяси қауым жөнінде қолданылған, олардың таралған аудандарын әр түрлі болғанымен ғұн термині әлдеқайда мол қауымды білдіреді.
Сюннулар б.з.б. III ғасырда едәуір күшейді. Ғұндардың жаңа жорықтарынан қауіптенген қытайлар Ұлы Қытай қамалын салады             және оны одан әрі нығайтады.

 

Ғұндар Саяси тарихы. 
Ғұндар бір кезде Азия мен Шығыс Еуропаны мекендеген ең ежелгі халықтардың бірі болды. Әртүрлі тарихи деректерде ғұндардың рулық және тайпалық бірлестіктері әрқилы аталды. Тарихта ғұндар құрған ірілі –ұсақты мемлекеттер белгілі. Осыған орай олардың ішінде ғұндардың ең үлкен, ең танымал екі империясы зор тарихи із қалдырды.
Бұлардың біріншісі – қытайлықтар Томан шаньюй (б. з. б. 209 жылы қайтыс болған) деп атаған Тұман (Тумань, Теоман жабғу) мемлекеті. Ол өмір сүрген кезеңде ғұндар мемлекеті әжептәуір әлсіреді, бірақ оның мұрагері Құдіретті Мөде (Мете) мемлекетті айтарлықтай нығайтты, ел шекарасын империя деңгейіне дейін кеңейтіп, сапалық өзгерістерді жүзеге асырды. Ол ғұндардың үлкен мемлекетін б. з. б. 209 – 176 жылдар аралығында биледі. Бұл «Ғұндардың шығыс империясы» еді.
Екінші империя — Еділ (Еділ патша) мемлекеті. Оның заманында ғұндар Дунайдан бастап Сырдарияға дейін шығыс Еуропаны мекендеген аумақ пен халықтарды иеленді. Бұл мемлекет «Ғұндардың батыс империясы» деп аталды.

 

Түркі халықтарының арғы тегі саналатын ғұн тайпалары бастапқы кезде Солтүстік Қытайда, Монғолияда, Байкал өңірінде қоныстанған. Ежелгі Қытай жылнамаларында ғұндар «гуй фаң», «гун руң», «хун ю», «шиан ю», «шиұң ну» секілді атаулармен берілген.
Б. з. басында Қазақстан аумағын мекен еткен тайпалардың ең жауынгер халқы ғұндар болды. Ғұндардың жауынгер билеушілерінің бірі Атилланың есімі ерекше. Оның Еуропа халықтарына басқыншылық жорығы бізге белгілі. Тіпті әлемнің сұлу шаһарларының бірі Венецияның салынуына Атилла бастаған ғұндардың шапқыншылық соғысы себеп болған. Сонымен бірге ғұндар Еуразияда б. з. б. болған «халықтардың ұлы қоныс аударуымен» тығыз байланысты. Қазақстан жеріне б. з. I ғ. басында қоныстанды. Ғұндар бірлестігінің негізін салушы Мөде болды. Ол деректер бойынша б. з. б. 230 – 174 жылдары өмір сүрген. Б. з. б. III ғ. Ғұндардың билеушісі Мөде үйсіндерге және Қытай аумағының біраз бөлігіне билік жүргізеді. I ғ. яғни 55 жылы ғұндар екіге бөлінеді:
1. Оңтүстік ғұн мемлекеті қытайлардың қол астына кіреді.
2. Солтүстік ғұн мемлекеті қазіргі солтүстік-батыс Моңғолия жерін мекен еткен.
Билеушілері Чжи-чжи шаньюй болады. Чжи-чжи бастаған ғұндар Ыстықкөл маңында қытай әскерлерінен жеңіліп, қолға түседі (1518). Ғұндар б. з. 93 жылдан бастап екінші рет Мажарстан жеріне (Венгрия) қоныс тебеді.

 

Шаруашылығы. 
Мал шаруашылығы жақсы дамыды. Егін шаруашылығы да маңызды рөл атқарды. Негізінен, дәнді дақылдардың ішінде тарыны көп өсірген. Сонымен қатар ғұндар аң аулаумен айналысқан. Көшпелі шаруашылықпен айналысқан ғұндардың негізгі баспанасы киіз үй болды.
Ғұндарда қолөнер мен бейнелеу өнері жоғары деңгейде болған. Зергерлік өнердегі полихромды стилін дүниеге әкелген.
Соғыс ісінде дамуы шарықтап, әскердің негізі атты жауынгерлерден құрылды. Олардың қаруы садақ және дөңгелек немесе сопақша кескіндегі қалқандары болды.

 

Мәдениеті.
 Ғұндар сақ тайпаларының мәдениетін жалғастырушы, одан әрі дамытушысы болды. Ғұн қоғамында сауда қатынасының, темірден жасалған бұйымдардың, тері өңдеудің кең өріс алуы, қолөнердің пайда болуы өркениеттің қозғаушы күші еді. Ғұндарда жоғары дамыған материалдық мәдениет пен әскери істе қамал бұзудың техникасы мәлім болды. Жойқын соғыстардың кезінде ғұн жауынгерлері ысқырғыш жебелерді қолданды. Олар жауларының үстіне қардай борап үрейін алатын.
Б. з. б. I мыңжылдықта ғұндарда көшпелі мал шаруашылығы үстемдік етті. Ғұндардың тастағы суреттерінде бұқа, бұғы, аққудың бейнелері салынған. Олардың ойынша бұқа күш пен биліктің, бұғы бақыт пен жақсылықтың, ал аққу үй ошағының сақтаушы символдары. Ғұндардың бейнелеу өнері сақтардың көркемдік (аңдық стиль) дәстүрімен байланысты келеді.

 

Ғұндардың қоғамдық құрылысы.
Мемлекет билеушісінің титулы – шаньюй. Шаньюйге түменбасы, жүзбасы, онбасылар бағынышты болды. Ғұндар 24 рудан құрылды. Әр руды ақсақалдар басқарды. Ақсақалдар мемлекет ісін талқылау үшін бір жылда 3 рет құрылтай өткізіп отырды.

 

Қорытынды.
Монғол нәсілдес және түркі тілдес ғұндар Қазақстан аумағында тайпалардың антропологиялық тұрпатын да өзгертті. Зерттеуші ғалымдардың көпшілігінің пікірінше ғұндардың көпшілігі түріктердің арғы ата-бабалары. Ғұндардың қоғамдық құрылымында патриархалды-рулық қарым-қатынастардың белгілері сақталды. Бізге жеткен мәліметтер бойынша ғұндар 24 руға бөлінген. Оларды ақсақалдар басқарды. Мемлекетті шексіз билігі бар шаньюй биледі. Ғұндар арасында мал және жеке меншіктің пайда болуы, тұрпайы бюрократтық құрылуы, қанаудың бір түрі ретінде алым-салықты енгізу, жазу-сызудың таралуы сияқты құбылыстар өзімен бірге жаңа кезеңге –таптық қоғам мен мемлекеттке өту кезеңін ала келді.
Артына терең мұра мен айтулы оқиғалар қалдырған, өзіндік мәдениетті қалыптасқан ғұндар түркі тілдес тайпалар мен халықтардың одан кейінгі тарихи дамуына да айтарлықтай үлес қосты.

Пайдаланған әдебиеттер

Ч.Мусин-«Қазақстан тарихы».
М.Б.Мұхамедов-«Қазақстан тарихы».
«Қазақстан тарихы» очерктер.
«Қазақстан тарихы»- I том.

Ғұндар19
Ғұндар19
Ғұндар19
Ғұндар19

Внимание! У вас нет прав для просмотра скрытого текста.

 

Метки к статье: сөйлеу, дұрыс, мәдениетіне, тілдік, болашақ, Мұғалімнің, қатынас, мұғалімнің, мұғалім, кәсіби, мәдениетін, Сөйлеу, көркі, әуені, басты, байланысты, түсінісу, адамның, арқылы, түрлі

Информация к новости
  • Просмотров: 2045
  • Автор: admin
  • Дата: 25-03-2014, 14:25
25-03-2014, 14:25

Орталық нерв жүйесінің туберкулезі14

Категория: Презентациялар » Медицина

 

 Туберкулезді менингит — бас мидың жұмсақ қабығының қабынуы, ол ТМБ жұғуынан пайда болады. Бұл ауру туберкулез инфекциясы көп таралған аймақтарда тұратын адамдар арасында жиі кездеседі. Туберкулезді менингигтпен кез келген жастағы еркектер мен әйелдер ауыруы мүмкін. Туберкулезге қарсы жүйелі түрде вакцинация және ревакцинация жургізу нәтижесінде балалар мен жас өспірімдер арасында туберқулезді менингитке шалдығу көрсеткіші көп темендеді.

 

 ¨Патогенезі және патологиялық анатомиясы, Туберкулезді менингит ТМБ жұққан адамдарда, өкпе және басқа ағзалардың туберкулезімен ауыратын науқастар арасында кездеседі. Балаларда ағзаның алғашқы туберкулезі кешенінің (комплексінің) немесе кеуде ішілік лимфа бездері туберкулезінің асқынулары, ал ересек адамдарда – диссеминирлі (қан арқылы) туберкулездің асқынуы ретінде пайда болады.

 

¨Ми негізінің жұмсақ қабығының патоморфологиялық көрінісінде (базилярлы менингит) — серозды-фибринозды экссудат, төмпешікті бөртпелер және қан тамырларының қабынуы (васкулит) анықталынады.: Ми қабығының қабынуы ми затына (менингоэн-цефадит) жайылуы мүмкін, бұл жағдайда вегетативті орталықтар орналасқанда аралық ми зақымдалынады, әрі қарай зақымдануы жұлын қабатына өтеді де, жұлынның затына және нерв тарамдарына (менингиттің жршнды түрі) ауысады.
¨

 —Клиникалық белгілері. Әдетге;, туберкулезді менингит бір-тіндеп дамиды. Науқастарда әлсіреу, нашар күй, тітіркенгіштік, жарықтан қорқу, ұйқының бұзылуы, үлкен дәреттің болмауы мазалайды. Дене қызуы осы кезде субфабрилді болады. Кейіннен науқастарда-дене қызуы 38-39°С-ге дейін көтеріледі, бас ауруы күшейеді, оған құсу қосылады, бірте-бірте менингиалды белгілер дамңды. Егер- ангибактериалды ем колданылмаса, науқастарда адинамин байқалады, қоршаған ортаға немқұрайпы қарайды, есі қарауіЕкітып, әрі.қарай сопорозды жағдай дамып, ол комага (греюше кома - терең ұйқы) ауысады, одан соң науқас шамамен 20-21 күн өткеннен кейін қайтыс болады.

—

 

Внимание! У вас нет прав для просмотра скрытого текста.

 Орталық нерв жүйесінің туберкулезі14
Орталық нерв жүйесінің туберкулезі14
Орталық нерв жүйесінің туберкулезі14
Орталық нерв жүйесінің туберкулезі14

 

Внимание! У вас нет прав для просмотра скрытого текста.

 

 вирустардың негізгі қасиеттері11
вирустардың негізгі қасиеттері11
вирустардың негізгі қасиеттері11
вирустардың негізгі қасиеттері11

Внимание! У вас нет прав для просмотра скрытого текста.
Стероидты гормондардың әсер ету механизмі13
Стероидты гормондардың әсер ету механизмі13
Стероидты гормондардың әсер ету механизмі13
Стероидты гормондардың әсер ету механизмі13
Внимание! У вас нет прав для просмотра скрытого текста.

 

 

^